Пән: Бастауыш мектеп дидактикасы Тақырыбы: СӨЖ-3 жаңа форматты сабақТЫҢ тиімділігі



бет1/3
Дата16.04.2022
өлшемі33,18 Kb.
#31189
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
08.11.Дидактика СӨЖ-3


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Пән: Бастауыш мектеп дидактикасы

Тақырыбы: СӨЖ-3

ЖАҢА ФОРМАТТЫ САБАҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Оқытушы: БАЙНАЗАРОВА ТУРСЫНАЙ БЕЙСЕМБЕКОВНА

Орындаған: БАЙБАҒЫСОВА АЛМАГҮЛ АБАЙҚЫЗЫ

Қазіргі өркениетке  ұмтылған  қоғам талабына сай біздің еліміз де дамыған елдермен иық тіресіп тұру үшін, болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс-әрекет  ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын ұрпақ даярлау ұстаздың міндеті. Шәкірт өмірінің көп бөлігі мектепте, яғни сабақ кезінде өтеді.

Осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс-әрекетке үйренген оқушының бойында алған  білімі  ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға үйренеді. Сондықтан бұрынғы ескі дәстүрлі сабақтан қашып, ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Жаңашылдыққа бет бұру, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру өзімізден, өзіміздің тәжірибемізді молайтудан басталады.

Білім беру үрдісіндегі басты мақсат-оқу дағдысын, жалпы мәдениеттілігін, оқушылардың білімділігін қалыптастыруға, алған білімдерін өз бетімен қоғамда орынды қолдана білуіне және өздігінен білім алуға, өзіне қажетті ақпараттарды тиімді пайдалануға қажет. Оқыту үрдісінде баланың дара ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалім оқушының жұмыс жасау қарқынына сай әрекет ете білуі керек. Оқушылардың білім сапасын көтерудегі аса маңызды қажеттіліктің бірі- олардың жаңа материалды үйренуге ынтасын арттыру болып табылады. Осы әрекет – оқу жұмысында үздіксіз жүріп отыратын жүйелі үрдіс. Бұл – оқуға, жазуға, есептеуге, ойлауға сөйлеу мәдениеті  дағдысы мен іскерлігін қалыптастыратын бастауыш сыныптарында маңызға ие.

Өзінің барлық  сабағын түрлендіру арқылы  оқушының қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігін оятып, қабілетін арттыру қай мұғалімнің болса да басты міндеті. Бүгінгі таңдағы кез-келген сабаққа қойылатын талап- оқушының ойын дамытып, шығармашылық қабілетін шыңдау болып отыр.Сабақ барысында тек білімнің ғана емес тәлімді тәрбиенің де берілуіне ықпал жасау, үлес қосу.

Жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып оқытудың негізгі түрлері- оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады.

Мен өз сабағымда жоспар құру барысында ең бірінші алға қоятын принципім – ол оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.

Жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс- сұрақ жауап, әңгімелесу, диалог. Бұл ретте оқушылар бір-бірімен білім алмасады, бір-бірімен қарым қатынас  жасай алады,ойлау деңгейі, сөйлеу дағдысы артады. Ал білім берудің сапасын жақсарту мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын, АКТ-ні қолданамын. Қабылдау деңгейіне қарай тапсырмалар беремін.   Оқушыларға топта  жұмыстану барысын үйретуде ең әуелі топтық ережені құру керектігін айтамын және де сол ережеге сүйеніп өз-өзін реттеуін қадағалаймын.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет