Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде



бет11/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.К.Холл Г.Линдсей Теории личности М 2000 г.
2.Психология Под ред. В.Н.Дружинина СПб 2003 г.
3.Л.Хьелл, Д.Зиглер Теории личности СПб 2005 г.
4.Б.В.Зейгарник Психология личности: норма и патология М.2003

6 Дәріс


Тақырып: Карен Хорнидің әлеуметтік-мәдени тұлға теориясы.
Дәріс мазмұны:
1.К. Хорни өмір жолы және зерттеу бағыты.
2.К. Хорни бойынша жеке тұлға дамуы, невроздар этиологиясы


Дәріс мақсаты: Тұлғаның әлеуметтік-мәдени теориясының негізгі ережелеріне сипаттама беру, Хорнидің концепциясы мен принциптерін талдау.
Негізгі ұғымдар: қанағаттануға деген қажеттілік және қауіпсіздік қажеттілігі, базальды үрей, базальды жауластық, невроз, невротикалық қажеттіліктер, феминизм.

Карен Хорни 1885 жылы 16 желтоқсанда Бланкенезде дүниеге келді. Әкесі Даниэльсен-норвегиялық, ол неміс азаматтығын алып, Лайнерде капитан болып қызмет атқарған. Әкесінің бұрынғы некесінен 4 баласы болды. Анасы Клотильда ван Розален голландық, өз жолдасынан 18 жас кіші болды. Кареннің ата-анасы бір-біріне өте ұқсамайтын болды. Олардың арасында көптгеген айырмашылықтар болды, мінез бітістерінде, көзқарастарында. Осы тектес жағдайлардың соңы жанұяның құлауына әкелді. Бұл жағдай Кареннің тұлғалық қалыптасуына айтарлықтай әсер етті. Әкесі Брендт Даниэлсен өте қарапайым, өрескіл, тұрпайы және діндар адам болған. Оның арманындағы отбасы патриархалды отбасы болды және әйел адам үй шаруасымен айналысатын, көнгіш болуы керек деген ұстаным болған. Карен әкесімен танданатын еді, алайда кейде қорқатын да болды, кейде тіпті жек көретін сезімдері де болып отырған. Карен әкесінің тарапынан үнемі эмоционалды қолдау,демеу күтті.


Клатильда Даниэльсен жолдасымен еркіндікпен ерекшеленді. Ол оған қарағанда білімді, тәрбиелі болды. Ол әйелдер бостандығын қолдады. Карен колледжге түсіп, медициналық білім алуына әкесі қарсы болған болатын, тек анасының өжеттілігінің арқасында әкесіннің ол ойынан айнытқан болатын.
Колледждің қатаң тәртібі Каренге кері әсерін тигізді. Қатаң тәртіп оның жанына әсер бермеді, 17 жасында Карен атизм мен скепттизмге бас иді. Карен білімді, білімге құштар болды. Оның ойынша, ата-анасының мейірім-махаббаты оның үлкен ағасына тиісті болды. Ол өзін қалаулы емес бала деп есептеді және өз-өзін бағалауы төмен болды. Өте қобалжығыш,әлсіз болды. Өзін ажарсыз, келбетсіз деп есептеді, алайда Карен өте ажарлы болған болатын. Ол өзіне егер әдемі болу қолымнан келмесе, ақылды, батыл, табанды болу керек деді. Қыздар гимназиясын аяқтаған соң, өзін толықтай медицинаға арнады. Медициналық жоғары білімдерін Фейрбург,Берлин,Геттингенде жалғастырды. 1909 жылы болашақ студент бола жүріп, Оскар Хорниға тұрмысқа шығады. Жолдасының Хорни тегін алады. Осы некеден 3 қызы болады. Бригитта, Марианна, Рената.
1911 жылы медицина докторы атағын алып, Берлинның әртүрлі медициналық мекемелерінде жұмыс атқарады. Оның докторлық диссертациясы «Посттравматикалық психоздар» деп аталды. Фрейдтің психоаналитикалық теориясын меңгерді. Ол өзіндік, жеке практика жүргізді. Оның психоанализге бірінші қаралуы өзінің проблемасына қатысты болды. Хорни қорқыныш,күманданғыштық депрессиясымен немесе неврозбен ауырды. Кейін 1920 жылы жолдасы арасында түсініспеушілік көрініс беріп, 1926 жылы айырылысып кетті. 1932 жылы Хорни АҚШ-на көшіп, Чикагалық институтта жұмысқа орналасады. Бірінші публикациясы әйелдердің сексуалдық психологиясына бағытталған болатын.1937 жылы бірінші кітабы «Невротическая личность нашего времени» деген кітабы жарық көрді. Мұнда невроздың шығуы, пайда болуы туралы мәселелер болды. Екінші кітабы «Пути психоанализа». Мұнда фрейдизм мәселесі басқаша қарастырылған болатын.Хорни былай жазған болатын: «Баланың шын махаббат пен мейірімділікті сезінбеуі, балада жек көрушілік сезімін тудырады»-деді. Өмірінің соңына дейін Хорни тынбай еңбек етті 1952 жылы қараша айында анкологиялық ауруы асқынып, 1952 жылдың 4 желтоқсанында өмірден өтеді. Хорнидің еңбектері психологияға, психотерапияға, концепцияларға өте үлкен әсер етті.
2.Жеке тұлға дамуы, невроздар этиологиясы. Бала қайғыруының маңызды қайғыруының қалыптасуы мен жеке тұлға қалыптасуы үлкендерге қатысты деп Хорни, Фрейд пікірімен келісті. Негізгі ұстанымдарының біркелкі екеніне қарамастан, жеке тұлға қалыптасуын қарастырғанда пікірлері 2-ге айырылды. Фрейдтің әмбебап психосексуалды кезеңнің бар екенін және баланың сексуальдық анотомиясы жеке тұлғаның әрі қарай дамуына бағыт көрсетеді деген пікіріне келіспеді. Хорнидің дәлелдеуі бойынша жеке тұлға дамуының негізгі факторы-бала мен ата-ана арасындағы карым-қатынас деп қарастырды. Хорни келісімінше балада 2 қажеттілік болады. Қанағаттандыруға қажеттілік және қауіпсіздікке қажеттілік.
Қанағаттандыруға барлық негізгі биологиялық қажеттіліктер кіреді: ұйкыға, тағамға т.б. Хорни физикалық тірлікке қажеттілікті канағаттандыру қажет деп санағанымен, бірақ жеке тұлға дамуына негізгі рөл атқарады деп санамады. Бала дамуының негізгілері: қажеттілік пен қауіпсіздік. Осы жағдайдағы негізге алынатын түрткі-сүйікті, қалаулы және кауіптен сақтандырылған болу. Баланың бұл кажеттіліктерінің өтелуінде толығымен ата-анасына тәуелді деп санады. Егер ата-анасы баласына шынайы махаббат пен жылы қарым-қатынаста болса, онда осыған орай баланың кажеттіліктері қанағаттандырылады. Осының арқасында дені сау жеке тұлға қалыптасады. Керісінше ата-ана бала кажеттілігін жеткілікті канағаттандырмаса жеке тұлғада потологиялық даму жүруі мүмкін. Ата-ана әрекетінің көптеген сәттері бала қажеттіліктерін фрустрацияға қалдыруы мүмкін: Тұрақсыздық, тәртіпсіз іс-әрекет, келекет ету, орындалмаған уәде, шектен тыс еркелету, сонымен қатар ағасына не апасына артық көңіл бөлу. Бірақ осындай ата-ана тарапынан көрсетілген қарым-қатынастың негізгі нәтижесі бала дамуында базальдық өшпенділік құрылымын тудырады. Осындай жағдайда бала 2 оттың арасында қалады: ол ата-анаға тәуелді, сонымен қатар оларға деген көңілінің қалуы байқалады. Ата-ана, отбасының қауіпсіздігін сезінбеуі нәтижесінде бала іс-әрекеті өзін әлсіз сезіну, қорқыныш, махаббат пен кіналау, психологиялық қорғаныс рөлін атқарады. Оның мақсаты-ары қарай өмір сүру үшін ата-анаға деген өшпенділік сезімін басу. Өкінішке орай өшпенділік сезімін басу өзінен-өзі өмір сүрмейді, олар бала басқа адаммен қарым-қатынас жасаған кезде көрінеді, осы шақта да, болашақта да. Осындай жағдайда балада базальдық үрей байқалады. Қауіпті әлем алдында қауіп пен қорғансыздықты сезінеді. Базальдық үрей-бұл ішкі сезім, яғни қауіпсіздікті жоғалту сезімі. Хорнидің негізгі концепцияларының бірі болып базальдық үрей, невроздар этиологиясы болып табылады.
Фрейдттің ойынан Хорнидің айырмашылығы қорқыныш адам психикасының қажетті компаненті деп санамауы. Керісінше, ол қорқыныш тұлғааралық қарым-қатынас қауіпсіздікті сезінудің нақты нәтижесі деп дәлелдеді. Жалпы ата-ана мен бала арасындағы қауіпсіздік сезімінің жоғалуы базальдық үрейге әкеледі. Невроздар этиологиясына сәйексті іс-әрекет, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас бұзылысын іздеу керек. Егер бала махаббат пен өзіндік қабылдануды сезінсе қалыпты дамиды. Ал егер өзін қауіпсіз сезінбесе, оларда ата- анаға деген өшпенділік оянады. Соңында бұл өшпенділік базалдық үрей құрылымдайды, бұл әр адамға бағытталады. Хорни пайымдауынша, балада базальдық үрей көрінуі, үлкейгенде невроздың қалыптасуына әкеледі.
Невротикалық қажеттіліктер: базальдық үрей компенсациясының стратегиясы. Қауіпсіздіктің жетіспеушілігін сезіну,әлсіздік пен өшпенділік , базальдық үрей сезімдерінен құтылу үшін бала жиі әртүрлі қорғаныс стратегиясына амалсыздан жүгінеді. Хорни 10 осындай стратегияларды сипаттады. Бұлар невротикалық қажеттілік немесе невротикалық тенденция деп атады. Оларға сәйкесті мінез құлықтар көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет