Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде



бет38/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47
Персонификация. Персонификация-бұл индивидтің өзінің немесе өзгенің индивидуалды образы болып табылады. Ол тәжірибе негізінде туындаған сезімдер, қарым-қатынастар, көріністер, қажеттіліктер немесе үрейдің қанағаттануымен байланысты кешендерді білдіреді. Кез-келген тұлғааралық қатынас агенттің қанағаттануына әкелетін жағымды образ тудыру тенденциясына ие.
Типтік зерттеулер. Г.Салливан басқа психиатрлар сияқты түрлі тұлға бұзылысына зардап шешуші пациентпен жұмыс жасауға көп көңіл бөлді. (Мысалы: шизофренияға ұшыраған науқас).Салливан еркін ассоцияциялар әдісі шизофреник науқаспен жұмыс істеуде тиімсіз деп аталады. Ол науқастың уайымын күшейтеді деді. Және де пациентпен терапевт арасында қарым- қатынас орнатуы басқа да техникалар әсер етеді деді. Салливан адамның қарым-қатынасқа түсуін жеңілдететін және ауырлататын күштерді зерттей бастады. Осыдан ол психиатр жәй ғана бақылаушыға қарағанда тұлғааралық қарым-қатынастың тірі қатысушысы екендігін анықтады. Психиатр өзінің тұлғаның мәселелерімен профессиональдық компентенттілігін назарда ұстауы керек.Осының нәтижесінде Салливан терапевт рөлінің көрінісін бақылауға қатысуы ретінде сипаттады.
Интервью. «Психиатриялық интервью» терминін Салливан терапевт пен пациент арасындағы тұлғааралық ситуацияларды анықтауға қолданды. Интервью бір рет не ұзақ мерзімді қолданылуы мүмкін.Салливан интервьюді тұлғааралық процестер жүйесі және ол бақылауға қатысқанда көрініс береді деді.Осындай интервью арқылы пациентке қатысты тұжырым шығарылады.
Салливан интервьюді 4 стадияға бөлді:
1.Формальды бастама
2.Рекогносцировка
3.Детальды зерттеу
4.Аяқталуы.
Ең алдымен интервью 2 адам арасындағы дауыс арқылы қарым-қатынас болып табылады.Ақпарат алудың басты көзі тек айтылатын сөз ғана емес, сондай-ақ олардың айтылуындағы интонация, темперамент және экспрессивті мінез-құлық түрі.Салливан интервьюдегі терапевттердің рөліне толыққанды сипаттама берді.Терапевт өзінің тұлғааралық қарым-қатынас саласында жұмыс жасайтындығын ұмытпауы керек, және пациент өзіне қалай тиімді болатындығын білуге құқылы.Пациент интервьюдің басынан бастап өзіне тиімді екендігін түсінуі керек және барлық емделу курсы бойынша осы сезім күшейіп отыруы керек. Осындай жағдайдан кейін ғана пациент терапевттің берген ақпараттарына және өмірлік паттер бұзылысында көмектесе алатындығына сенімді болады. Психиатр пациент көмегімен, яғни оны пайдалану арқылы өзінің дәрежесін көтеруге тырыспағаны жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет