Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде



бет35/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47
Байланысты:
Тұлға теориясы Дәрістер

Авторитарлық стиль – басшы жұмысшылардың міндетті түрде бағынуын талап етеді, оның ойымен санаспайды. Барлық жұмысшылардың іс-әрекетін өзі анықтайды, жұмысты орындау әдістеріне дейін көрсетеді, олардың ынта-жігеріне, қабілеттілігіне қарамайды. Қатаң тәртіп орнатып, бағынушыға психологиялық қысым көрсетеді. Негізгі қарым-қатынас түрі – бұйрық, нақты көрсету, инструкция, қатаң тәртіп, қорқыту, сөгіс беру. «Менің айтқаным бойынша істе!!!», бұйрық талқыланбайды, күдіктенуге құқығы жоқ. Жұмысшылар әрқашан жұмбақ әлемде өмір сүреді, өйткені басшы әр сәтте қаһарын шашып, сөгіс беруі мүмкін. Тіпті кейде айтатын мақтау сөзі де бұйрық немесе намысына тиерліктей сөздермен жеткізеді, мысалы: «Сен бүгін жақсы жұмыс істедің, тіпті сеннен осыны күткен жоқпын» деген сияқты. Мұндай басшы жұмысшының ынтасын басып, өз әрекетін өзі басқара алу қабілеттілігін дамытпайды, өзіне деген сенімділігін жойдырады, жұмысқа деген қызығушылықтарын кемітеді. Жұмысшылар тек басшыдан қорыққаннан ғана жұмысты атқарады. Бойында үрей, қорқыныш сезімдері болады, өзі еркі мен ынтасы аз, енжар болады. Көзбояушылық көптен кездеседі.
Демократиялық стиль – басшы мен бағынушылардың үйлесімді қарым-қатынасымен, тиімді жұмысымен сипатталады. Басшы жұмысшы санасына іс-әрекет мақсатын жеткізуге, бәрін жұмыс барысына араластыруға тырысады, достық қарым-қатынасын орнатады, жұмысшыға қолайлы қөңіл-күй туғызып, өзіне деген сенімділікті қалыптастырады, өз-өзін басқаруын дамытады. Демократ – басшы тапсырмаларды жұмысшылардың қабілеттілігіне, бағыттылығына байланысты бөліп береді. Әрекет үстінде мақтау айтып, ынтасын көтереді. Мұндай басшылардың қарым-қатынас түрі – ұсыныс, ақыл айту, ақпарат беру, мадақтау. Жұмысшылар ұжым өміріне кеңінен қатысып, ұжымның нағыз қожасындай сезініп, оның өмірі мен қызметін ұйымдастырып, дамытуға ат салысады, міндетті және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады және тиянақты орындайды. Өзара теңдік, сыйластық қатынастар орнайды.
Либералды стильбасшы анархиялы, жұмысшыларды өз еркіне жіберіп қояды, яғни басшы белсенділігі аз көрнеді. Оның қызметі тек бастапқы шешімдерді белгілеу және соңғы нәтижені бақылаумен ғана шектеледі. Нақты ұйымдастыру кезінде қарамағындағы жұмысшыларға толықтай бостандық береді, бірақ оларды сырттай бақылайды. Күнделікті ұйымының жұмыстарына көп көңіл бөлмейді. Өзін көптің бірі ретінде сезінеді. Пікір бостандығын құптайды, бірақ пікір бостандығының мөлшерсіздігі жұмысшылардың ауызы барғанша сөйлеп, аяғы барғанша жүруге әкеліп соқтыруы мүмкін.
Басқару стильдерінің ең тиімдісі – демократиялық, өйткені жұмысшылардың жұмысқа деген ынтасы, шығармашылық тонусы көтеріледі, жауапкершілік сезімі пайда болады. Либерал стильдің тиімсіздігі – мұнда жұмыс көлемі де, сапасы да нашар болып келеді, ал авторитарлық стильде жұмысшылардың ерекшеліктері мен қызығушылықтары ескерілмейді, өзбеттілікке бағытталмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет