Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде


Интервьюер- интервью жүргізуші адам



бет39/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47
Байланысты:
Тұлға теориясы Дәрістер

Интервьюер- интервью жүргізуші адам. Интервьюер дос та, жау да емес,ата-ана да емес басшы да емес,қызметші де емес,бірақ кей жағдайда пациент терапевтті осы рөлінің біріне қоюы мүмкін.Интервьюер-бұл тұлғааралық қарым-қатынас маманы.Салливанның психопатологиялық зерттеуге қосқан үлесі зор.Оның зерттеушісі өзінің шизофренияның емделуі мен этнологиясына арналған мақалаларда шықты.Осы зерттеуді жүргізу үшін ол Мэрилендтегі Шеппард және Энох Пратт ауруханасымен келісімге келген және оның материалдары 1924 ж-1931 ж. дейін психиатрия журналында жарық көрді.Осы зерттеуден Салливанның бойындағы ерекше талантын көруге болады.Ол психотиктердің ойлау, түсінушімен байланыс орнату мақсатында зерттеу жүргізді.Салливан тұлға ретінде ерекше эмпатияға ие болды және оны шизофрениктерді емдеуде қолданды.Салливан бұл науқастарға шарасыз тек палаталарда ұзақ мерзім жататын психиатриялық мекемелердің емделушілері де қарамады,оның ойынша егер терапевт бақылау жүргізуге төзімді және түсінікпен қараса олар өз ауруларымен емделеді.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Салливан бойынша тұлға құрылымы.

  2. Тұлға дамуы.

  3. Зерттеу әдістері.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. К.Холл Г.Линдсей Теории личности М 2000 г.
2.Л.Хьелл, Д.Зиглер Теории личности СПб 2005 г.
3.Б.В.Зейгарник Психология личности: норма и патология М.2003

23 дәріс


Тақырыбы: Э.Шпрангердің негізгі құндылықтар типтері
Мазмұны:

  1. Э.Шпрангердің зерттеу бағыты.

  2. Э.Шпрангердің негізгі құндылықтар типтерінің мінездемесі және классификациясы.



Дәріс мақсаты: Тұлғаның әмбебап типтеріне сипаттама беру, тұлғаның өмірлік жолы концепциясын қарастыру.
Негізгі ұғымдар: тұлғаның теориялық, экономикалық, эстетикалық, әлеуметтік, діни ұғамдары.

1. Эдуард Шпрангер (нем. Eduard Spranger, 27 маусым 1882, Берлин – 17 қыркүйек 1903. Тюбинген) – неміс философ-идеалисті, психолог, педагог, әр түрлі жылдарда Берлин, Лейпциг, Тюбинген университеттерінің профессоры. Э.Шпрангер «түсіністік психологиясы» арқылы мәдениет философиясы мен өмір философиясының негізін салушы. Оның негізі Вильгельм, Дильтей ұсынып, Генрих Риккерт өңдеген «жан туралы ғылымда» жатыр.


Э.Шпрангер 1882 жылы 27 маусымда ойыншық дүкені иесінің жанұясында Карл Франц Адальберг Шпрангер мен (1829-1922) дүкен сатушысы Генриетта Берта Шенебехтен (1847-1909) Берлин қаласында дүниеге келген. Олардың некелері тек 1884 жылы қиылып, Шпрангер құжат жүзінде әкелігін растаған. Э.Шпрангер 6 жасқа толғанда ата-анасы оған шынайы гимназиғая ұйымдастырған. Өте жақсы оқыған Эдуард 12 жасқа толғанда сабақ беретін ұстаздарының бірінің қолдауымен Берлиндегі ең атқты, ежелгі гимназияға ауыстырылады. Ол 1900 жылы гимназияны бітіреді. Бітірісімен музыкалық бағыттағы білім алу мүмкіндіктерін қарастырады, бірақ ойлана келе философияны таңдап Берлин университетінде оқиды. Бұл университетте философиямен қатар психология, педагогика, экономика, құқық, музыка теориясы ссияқты пәндерді оқып үйренеді. Оның ұстаздарының ішінде Фридрих Паульсен, Вильгельм Дильтей, Эрик Шмидт, Отто Хинце болған.
2. Тұлғаның құндылықтары тұрақтылықпен ерекшелеп тұратын мотивацияның «жоғарғы» формасы. Э.Шпрангер ұсынған тұлғаның құндылықтар типологиясы әмбебап типология ретінде емес, тек қана индивидтерге, сондай-ақ, мотивациялық сферада құндылықтар деңгейіне жету тұрғысынан қарастырылады. Яғни, қазіргі заманғы психологияда «жан» терминімен байланысты. Бірақ, Шпрангер әмбебап типологияларды «түсіністік психология» ретінде дәлелдеуге тырысты. Кейде ол өз-өзіне қарсы шығып, кейде кейбір типологияларды (мысалы, «экономикалық тип» немесе «экономика адамы») жан жүйесінің құндылықтар типі ретінде ұсынуға тырысқан. Бұл көзқарас ғылымның әрі қарай дамуы барысында артқа ысырылған. Франкфурт мектебінің негізін салушы Г.Маркузе «экономика адамын» жан дүние өлшемінен айырылған, бір өлшемді тип ретінде қарастырған. Э.Шпрангер ұсынған тұлғаның құндылықтарға бағытталу әр түрлі құндылықтар типінің негізінде жатыр. Мысалы, кез-келген өнер туындысында әлемді тануда белгілі бір «түсінік» жатыр. Осы негізде «түсіністік психологиясының» негізгі идеясы бекітілген. Э.Шпрангердің «Формы жизни» сияқты көптеген еңбектерінде «түсіністік» формасы кірістірілмеген. Қазіргі заманғы экспериментальды психологияда герменевтикалық әдістер деп аталады. Егер адам өнер туындыларын жан дүниесінің тәжірибесі арқылы таратса, бұл тұлғаның эстетикалық типі саналады.
Э.Шпрангер тұлғаның құндылықтар типін бірнеше түрге бөлген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет