Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: Э.Кречмер бойынша конституция типтерінің классификациясы қандай?
Темперамент типтері қандай?
Әр типке анықтама беріңіздер?
Ұсынылатын әдебиеттер: 1. К.Холл Г.Линдсей Теории личности М 2000 г.
2.Л.Хьелл, Д.Зиглер Теории личности СПб 2005 г.
3.Шадрин Н. Психология личности. М., 2012.
№ 25 дәріс
Тақырыбы: Эрик Берн бойынша тұлғаның үш аспектісі. Мазмұны: Э.Берннің өмір жолы және теориялық пікірі.
Трансактілі анализ
Дәріс мақсаты: Трансактылы талдау және оның қолданылу техникасы жөнінде түсінік беру, негізгі жұмыс ережелерімен таныстыру.
Негізгі ұғымдар: ата-ана, бала, ересек, тұлғаның өмірлік жолы, биография.
Эрик Леннард Берн 1910 жылдың 10 мамыр айында Канада елінің Монреаль қаласында дүниеге келген. Ресей елінен шыққан дәрігер Давид Гиллел Бернстайн және әдебиетші Сара Гордонның отбасында, қаланың кедей еврейлік бөлігінде өскен. Оның әкесі терапевт дәрігер болған, ол әрдайым науқастарына қарауға барғанда баласын қасына ілестіріп жүрген. Ал Бернның анасы кәсіби жазушы және редактор болған. Әкесі қайтыс болғаннан кейін 1921 жылы анасы ардайым Бернді және апасын қаражат жағынан қамтамасыз етіп тұрған, ол әдебиетшілік кәсіппен айналысқан. Оливер Джймстің айтуы бойынша Берннің психикасына әкесінің өлісі соққы болды дейді. Берннің әкесі баласы үшін адамдарды емдеу мақсатында үлгі тұтатын адамы болғаны анық. Берн ағылшын тілін, психологияны оқыды және Монреальдегі Мак-Гиллск университетінің медицина факультетінде дайындық курсынан өтеді. 1931 жылы ол гуманитарлық ғылымдарының бакалаврын алады. 1935 жылы сол университетте хирургия магистрі және медицина докторы дәрежесін алады. Кейін ол Америкаға кетіп сол елдің азаматтығын алады. Кейін ол Нью-Джерсидегі Инглвудс ауруханасында интернатурадан өтіп, психиаторлық ординатор болады. Сол кездегі кең тараған антисемитикалық көңіл-күйге көңіл бөліп ол өз фамилиясын Бернштейнді Бернге өзгертеді. Сол уақытты оның үшінші некесі қиылады (барлық некелері ажырасқан). Кейін ол Нью-Йорктегі Горы Сион ауруханасында клиникалық ассистенті болады, ал 1941 жылы Нью-Йорктік психоаналитикалық университетте арнайы курстан өтеді. 1943 жылы ол әскери медициналық корпуске кіріп, соғыс кезінде топтармен жұмыс жасайды. Кейін жұмыстан шыққаннан соң ғылыми зерттеу жұмыспен айналысып бірнеше еңбектер жазады «Психика в действии», «Руководство по психиатрии и психоанализу для широкого круга читателей». Сондай-ақ психоаналитикалық институтта өзінің жұмыстарын жалғастырады.Эрик Эриксонның жетекшілігімен психоанализ курсынан өтеді.
Өзінің әскери күштерінде дәрігер-терапевт болып жұмыс жасаған кезде ол зерттеу жұмысына қызығушылығын білдірді және Эго-бейнесінің концепциясын дамытты. Эго-бейнесі адамның Менің көрсететін белгі ретінде жүреді. Осы кезеңде ол пациенттерді тыңдау арқылы өзінің трансактілі анализін дамытты. Өз ойын жүзеге асыру үшін зерттеу жұмысын жүргізген болатын. Берн өзінің зерттеу жұмысын дәлелдеу мақсатындаАтлант мұхиты және Тынық мұхитындағы шағын аралдардағы халықтарға жүргізген болатын. 1961 жылы ол «Психотерапиядағы трансактілі анализ» еңбегі жарық көрді. 1963 жылы «Ұйым және топтардың құрылымы және динамикасы» жұмысы басылып шықты, онда трансактілі анализді қалай қолдану керектігі талқыланған болатын.
Бұл концепцияның негізін қалаушы Э.Берн. Адамдардың қарым-қатынасын зерттей отырып әр адамда болатын үш түрлі мен күйді сипаттап берді. Адам үшін тұлғалық құрамды бөліктер өте қажет.
Ата-ана-әрекет ету ережелері, тиым салу, кеңес айту, қамқорлық жасау қажеттілігі. Бұл ақпараттарды адам ата-анасынан, ересек адамдардан меңгереді. Тұлға құрылымында бұл құрылым тежелсе адам принципсіз, аморальды адамға айналады.