Тақырыбы:Кіріспе. Спорттық физиология пәнінің даму тарихы міндеті және басқа ғылымдармен байланысы. Мақсаты:"Дене тәрбиесі мен cпорт түрлерінің физиологиялық негіздері", пәні, мақсат-міндеттері және ғылымда алатын орны, оның дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттері үшін маңызын ашып көрсету.
Жоспар:
1. «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері» курсының пәні, мақсат-міндеттері.
2.Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негізі – қолданбалы ғылым ретінде, оның міндеті, басқа ғылымдармен байланысы. Зерттеу әдістері.
3.Спорттық физиологияның даму тарихындағы Л.А.Орбели АН.Крестовников, В.С.Фарфель, Н.В.Зимкин және т. Ғалымдардың еңбектерінің маңызы.
«Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері» пәні, тек қана оқулық қана емес, сонымен бірге ғылыми пән болып табылады. «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері» пән ретінде орта және жоғарғы дене шынықтыру оқу орындарында, педогикалық жоғарғы оқу орындарының дене шынықтыру факультеттерінде, сонымен бірге мемлекеттік университеттер мен медициналық оқу орындарының арнаулы кафедраларында оқытылады. Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері пәнінің негізгі мақсаты – спорттық жаттығулар процесінде немесе дене шынықтырумен шұғылдану кезінде ағзада қалыптасатын қайта құрылулармен таныстыру. Спорттың сан алуан түрімен жұмыс жасайтын жаттығушыларды және дене тәрбиесінен дәріс беретін мұғалімдерді медициналық, физиологиялық даярлықтан өткізетін, жеке адамның қалыптасуын, жетілуін және тәрбиелік негіздерін зерттеуде физиологиялық тұрғыдан біліммен қамтамасыз ету.
«Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері» пәні бір-бірімен өзара тығыз байланысты болатын жалпы және жеке спорттық физиология болып екіге бөлінеді. Жалпы спорттық физиологияның мақсаты - әр түрлі физикалық жүктемелерге ағзаның бейімделісі, ағзаның резервтік мүмкіншілігі, бұлшық ет қызметі кезінде ағзада болатын функционалдық өзгерістер мен ағзаның қызметтік күйі және сонымен бірге спортшының физикалық жұмыс қабілеттілігі және қалыпқа келу мен қажудың физиологиялық негіздерін оқыту болып табылады. Жеке спорттық физиологияның мақсаты - физикалық жаттығулардың физиологиялық жіктелуін, қимыл дағдыларын үйрету мен жетілдіру тәсілдерін, сыртқы ортаның әр түрлі әсерлеріне ағзаның бейімделуін, әр түрлі жастағы балалар мен әйелдер жаттығуларының физиологиялық ерекшеліктерін, сонымен бірге жалпы физикалық сауықтыру жаттығуларының физиологиялық негіздерін оқыту болып табылады.