Пән бойынша глоссарий "Дене тәрбиесі мен cпорт түрлерінің физиологиялық негіздері",



бет6/7
Дата06.01.2022
өлшемі22,44 Kb.
#11323
1   2   3   4   5   6   7
Спорт физиологиясының міндеттері:

- әртүрлі жастағы адамдардың дене тәрбиесінің ғылыми негізін қалыптастыруға қатысу;

- дене жаттығуларының жалпы дамытушы әсері мен бастапқы үйрету механизмдерін ашу;

- спорттық жетілдіруге байланысты мәселелерді қарастыру.

Дене тәрбиесі және спорт мамандары үшін физиологияны оқып білудің теориялық және іс-тәжірибелік маңызы зор. Егерде организмге есер етуші дене жаттығуларының физиологиялық заңдылықтарын жақсы білмесе, мамандардың қызметі құнды болмайды. Дене тәрбиесінде, әсіресе спортта, жаттығулардың адам организіміне тигізетін әсері өте күрделі. Солар жөнінде мағлұматтарды жақсы білу шарт. Онсыз спорттық жоғары нәтижеге жету қиын.

Спорт физиологиясы, жалпы физиологияның бөлімі бола тұра, басқа ғылымдармен бірге (морфология, биомеханика, спорт медицинасы, гигиена) дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесіне ғылыми негіз болып келеді.

Дене тәрбиесі факулътеттерінде оқытатын физиология курсының мақсаты - болашақ мамандарға адам организімінің тыныштық және жұмыс кезіндегі өзгерістерінің заңдылықтарын білу болып табылады.

Физиологияның негізгі тәсілі - тәжірибе. Дәлірек айтқанда-физиология деректері тәжірибе жасау арқылы табылады. Спорттық физиология саласында тәжірибелер спортшы ағзасының күйін зерттеу мақсатында қолданылады. Мысалы, велоэргометрде жүктеме беріп, жүрек қантамыр жүйесін зерттеуге болады.

Адамға жасалатын физиологиялық зерттеулер ішінде биоэлектрлік, тензометриялық, фотометриялық, телеметриялық және басқа физикалық тәсілдер үлкен маңызға ие болуда. Организмді жете білуде осы замандағы электроңды және есептеуші аппараттарды пайдалану құнды. Бұлар тек қана шеткі мүшелер қызметін білуді қамтамасыз етпейді, сонымен қатар тереңде жатқан мүшелер мен ұлпалардың қызметін зерттеуге және организм функцияларының түрлі көрсеткіштерін түйісу жолымен ғана емес, радиотелеметрия жолымен де тіркеуге, алынған материалдарды есептеу машиналарының көмегімен математикалық талдаулар жасауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет