Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Өнеркәсіптегі ЕҚ жұмыстарын ұйымдастыру



бет39/42
Дата13.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#73889
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
2 Өнеркәсіптегі ЕҚ жұмыстарын ұйымдастыру
1. Қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындауды ұйымдастыру ЕҚ жұмыстарының негізгі бағыттарына жатама ма?
1) жатады;
2) жатпайды;
3) жұмыс берушінің шешуіне байланысты.

2. Мекемедегі ЕҚ бойынша ұйымдастырушылық ережелер локальді(жергілікті) нормативтік акт, әлде нормативтік – техникалық құжат болып табыла ма?


1) нормативтік – техникалық құжат болып табылады;
2) локальді(жергілікті) номативтік акт болып табылады;
3) ЕҚ мәселелері бойынша басқа нормативтік акт болып табылады.

3. ЕҚ бойынша ұйымдастырушылық шараларды жобалаудың қызметі қандай?


1) өндірістік жарақаттану мен профауруларға шалдығуды алдын алу;
2) еңбек жағдайларын жақсарту;
3) өндірістік жарақаттану мен профауруларға шалдығуды алдын алу, еңбек жағдайларын жақсарту, жұмыскерлердің санитарлық – тұрмыстық қамсыздандыру.

4. Мекеменің ЕҚ бойынша комитетінің жұмыс жобаларын қайта қабылдау мезгілі?


1) әр жартыжылдық сайын;
2) 3 ай сайын;
3) әр жыл сайын.

5. Мекемедегі аттестациялық комиссия өңдейтін еңбек жағдайларын жақсарту бойынша шаралар жоспарын кім бекітеді?


1) аттестациялық комиссия төрағасы;
2) жұмыс беруші;
3) профком төрағасы.

6. Өндірістік құрал – жабдықтарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге сигнал түстері мен қауіпсіздік белгілерін қою ЕҚ шаралары болып табыла ма?


1) бұл ЕҚ шаралары;
2) жоқ, бұл техникалық шара;
3) жоқ, бұл ұйымдастырушылық шарасы.
7. ЕҚ бойынша шараларды жоспарлау үшін ГОСТ, СНиП және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес талаптарын ескеру қажет пе?
1) жұмыс берушінің шешуіне байланысты;
2) ескерілуі керек;
3) ерекше жағдайларда ескерілуі керек.

8. Жұмыскерлердің ЕҚ талаптарын бұзбауды қадағалау ЕҚ қызметінің міндеті, әлде функциясы болып табыла ма?


1) бұл міндет;
2) бұл функция,
3) бұл ЕҚ қызметінің міндеті де, функциясы да.

9. ЕҚ қызметінің маманы өндірістегі болған сәтсіз жағдайының тергеуіне қатысуы міндетті ме?


1) жұмыс берушінің шешуіне байланысты;
2) міндетті;
3) міндетті емес.

10. № 7 – жарақаттану мен № 1 – Т формалары бойынша еңбек жағдайлары мен ЕҚ бойынша есеп беруді кім ұйымдастырады?


1) мекеменің басты бухгалтері;
2) мекеменің басты инженері;
3) мекеменің ЕҚ бойынша маманы.

11. ЕҚ қызметінің маманы ЕҚ талаптарының табылған бұзушылықтарын жою туралы бұйрықты кімге береді?


1) мекеменің жұмыс беруші мен лауазымды адамдарына;
2) мекеменің құрылымдық бөлімдерінің басқарушыларына;
3) мекеменің бөлімдері мен лауазымды адамдарына.

12. Жұмыскер үшін ЕҚ бойынша инструкциялар қандай бөлімдерден тұрады?


1) қауіпсіздіктің жалпы талаптарынан, жұмыстың басталуына дейін қауіпсіздік талаптарынан және жұмыс барысындағы қауіпсіздік талаптарынан;
2) біріншу пунктегі аталғанның бәрі және жұмыстың аяқталуына байланысты қауіпсіздік талаптарынан;
3) қауіпсіздіктің жалпы талаптарынан, жұмыстың басталуына дейін қауіпсіздік талаптарынан және жұмыс барысындағы қауіпсіздік талаптарынан, жұмыстың аяқталуына байланысты қауіпсіздік талаптарынан және апат жағдайларындағы қауіпсіздік талаптарынан.

13. Жұмыскер үшін ЕҚ бойынша инструкциялар қандай бөлімдерден тұрады?


1) қауіпсіздіктің жалпы талаптарынан, жұмыс басында қауіпсіздік талаптарынан және жұмыс барысындағы қауіпсіздік талаптарынан;
2) 1 – ші пунктегі аталғанның барлығы және жұмыс аяқталған кездегі қауіпсіздік талаптарынан;
3) қауіпсіздіктің жалпы талаптарынан, жұмыс басында қауіпсіздік талаптарынан және жұмыс барысындағы қауіпсіздік талаптарынан, жұмыс аяқталған кездегі қауіпсіздік талаптарынан және апат жағдайларындағы қауіпсіздік талаптарынан.

14. ЕҚ – ды инструкциялауда «тиянақты», «ерекше», «қатал», «сөзсіз» және т.с.с. сөздердің пайдаланылуы мүмкін бе?


1) жоқ;
2) мүмкін;
3) өндірістің нақты шарттарын ескеру қажет.

15. Жұмыскерлер үшін ЕҚ бойынша инструкцияларды тексеру мен қайта қарауды кім қамтамасыз етеді?


1) жұмыс беруші адамдар;
2) ЕҚ қызметі;
3) жұмыс беруші.

16. Жұмыскерлер үшін ЕҚ бойынша инструкцияларды қайта қарау мерзімі?


1) 3 жылда 1 рет;
2) қауіптілігі жоғары жұмыстар үшін 3 жылда 1 рет және қалған басқа жұмыстар үшін 5 жылда 1 рет;
3) 5 жылда 1 рет.

17. Мекемедегі жұмыскерлер үшін ЕҚ бойынша инструкциялардың есебін кім іске асырады?


1) ЕҚ қызметі(ЕҚ бойынша маман);
2) құрылымдық бөлімшелердің басқарушылары;
3) жұмыс беруші бекіткен адам.

18. ЕҚ бойынша комитет (комиссия) құру үшін мекемеде жұмыскерлердің саны қанша болуы керек?


1) 5-тен астам;
2) 10-нан астам;
3) 15-тен астам.

19. Комитеттің жиналыстарында жұмыс берушіні тыңдау құқығы бар ма?


1) тек қана мекеменің лауазымда адамдарын;
2) құқығы бар;
3) құқығы жоқ.

20. Жұмыскерлерді жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйретуді ұйымдастыру барысында жұмыс берушіге ЕҚ бойынша комитеттің көмектесуі міндетті ме?


1) міндетті;
2)міндетті емес;
3) шешім комитет жиналысында қабылданады.

21. ЕҚ комитеті ЕҚ заңына сәйкестктігі бойынша қоғамдық - әкімшілік бақылауды іске асырады, әлде қоғамдық бақылауды?


1) қоғамдық бақылау;
2) ішкі ведомстволық бақылау;
3) ішкі ведомстволық қоғамдық - әкімшілік бақылау.

22. ЕҚ бойынша уәкіл(сенімді) адамдардың сайлануы үшін жұмыскерлердің саны қанша болуы қажет?


1) 5-тен астам;
2) 10-нан астам;
3) бұл сұрақ ЕҚ бойынша уәкіл(сенімді) адамдардың жұмыстарын ұйымдастыру бойынша рекомендациялармен регламентацияланбайды.

23. ЕҚ бойынша уәкіл(сенімді) адамдардың жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ҚР – ның Еңбек министрлігінің рекомендациялары барлық мекемелер үшін міндетті, әлде міндетті емес?


1) барлық мекемелер үшін міндетті;
2) міндетті емес;
3) барлық мекемелер үшін міндетті, себебі ҚР – ның Еңбек министрлігімен бекітілген, ал қаулы – бұл орындау үшін міндетті ЕҚ бойынша нормативтік құқықтық акт болып табылады.

24. ЕҚ бойынша уәкіл(сенімді) адам қоғамдық, әлде профодақтақ бақылау жүргізеді?


1) қоғамдық және профодақтық, егер олар профодақ өкілдері болса;
2) қоғамдық, егер мекемеде профодақ болмаса және олар еңбек ұжымымен сайланған болса;
3) барлығы дұрыс.

25. Еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарының аттестациясы неден тұрады?


1) еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарының аттестациясы жұмыс орындарының жарақат қауіпсіздігін бағалаудан және жұмыскерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыздандыру есебінен;
2) еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарының аттестациясы сәйкес жағдайлар мен еңбек сипаттамасының гигиеналық бағалануынан, жұмыс орындарының жарақат қауіпсіздігін бағалаудан және жұмыскерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыздандыру есебінен;
3) еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарының аттестациясы сәйкес жағдайлар мен еңбек сипаттамасының гигиеналық бағалануынан.

26. Еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарының аттестациясын өткізу мерзімі қандай?


1) 3 жылда 1 рет;
2) 5 жылда 1 реттен кем емес;
3) 10жылда 1 рет.

27. Мекемедегі жұмыс орындарының аттестациясын кім өткізеді?


1) мекеменің аттестациялық комиссиясы;
2) мекеменің еңбек қорғау қызметі;
3) жұмыс беруші уәкіл еткен адам.

29. Еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарының аттестациясының құжаттары қанша уақыт сақталады?


1) 25 жыл;
2) 50 жыл;
3) 45 жыл.

30. ЕҚ бойынша жұмыстардың сертификациясын кім өткізеді?


1) еңбек жағдайларын сараптаудың мемлекеттік органдары;
2) мемлекеттік еңбек инспекциясы;
3) белгіленген тәртіп бойынша аккредивтелген сертификациялау органдары.

31. ЕҚ бойныша сертификациялауда еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестациялау нәтижелері ескеріле ме?


1) ішін – ара ескеріледі;
2) ескеріледі;
3) сертификациялау органдарының шешуіне байланысты.

32. Емтихандық комиссияның ЕҚ талаптары бойынша білімді тексеруі үшін құрамы қандай болуы қажет?


1) 2 адам және комиссия төрағасы;
2) 3 адамнан кем емес және комиссия төрағасы немесе оның орынбасары;
3) ЕҚ талаптары бойынша білімді тексеруді комиссияның бір өкілі де өткізе алады.

33. Қауіптілігі жоғары жұмыстарда жұмыс істейтін жұмыскерлерді ЕҚ бойынша оқыту мен білімдерін тексеру мерзімі қандай?


1) 6 айда 1 реттен кем емес;
2) 1 жылда 1 реттен кем емес;
3) 2 жылда 1 реттен кем емес.

34. ЕҚ бойынша инструктаждар түрлерін атаңыз.


1) енгізу, жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама және ағымды;
2) енгізу, жұмыс орнындағы алғашқы, жоспардан тыс және ағымды;
3) енгізу, жұмыс орнындағы алғашқы, жоспардан тыс, мақсатты және ағымды;

35. Наряд – допуск бойынша жұмыстарының орындалу барысында мақсатты инструктаждың өткізілу нәтижелері қайда бекітіледі?


1) жұмыс орнындағы инструктаж журналында;
2) наряд – допуск пен бұйрықтарды тіркеу журналында;
3) наряд – допуск құжатында.

36. мекеменің кадрлар бөлімінің инспекторы енгізу инструктажын өткізу құқығы бар ма?


1) құқығы бар;
2) жоқ;
3) құқығы бар, егер бұл міндеттер мекеме бұйрығы ретінде жүктелген болса.

37. Жұмыс орнындағы алғашқы инструктажды, қайталама және жоспардан тыс инструктажды кім өткізеді?


1) бұл міндеттер басқарушының бұйрығы бойынша тапсырылған адамдар;
2) жұмыс басқарушылары;
3) мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің басқарушылары.

38. Жұмыс орнындағы алғашқы инструктаждан кім босатылады?


1) қауіптілігі жоғары жұмыстармен айналыспайтын адамдар;
2) тек қана басшылар мен мамандар;
3) эксплуатациямен, қызмет көрсетумен, сынаумен, құралдарды жөндеумен, электрофицирленген және басқа құралдарды қолданумен, шикізаттар мен материалдарды сақтау мен пайдаланумен айналыспайтын жұмыскерлер.
39. Мекемеде ЕҚ бөлімшесінің құру үшін жұмыскерлер саны қанша болуы қажет?
1) 100 жұмыскер және одан да көп;
2) 50 жұмыскерден астам;
3) 150 жұмыскерден астам.

40. ЕҚ бөлімшесінің жұмысын кім басқарады?


1) мекеменің ЕҚ қызметі (ЕҚ бойынша маман);
2) мекеме басқарушысының орынбасарларының бірі;
3) мекеменің бас инженері.

41. Мекемедегі жұмыскерлер саны 700 адам болса, ЕҚ бөлімшесінің аумағы қанша болуы қажет?


1) 20 шаршы метр;
2) 30 шаршы метр;
3) 24 шаршы метр.

42. Әйелдердің жеке гигиеналық бөлмелері санитарлық – тұрмыстық бөлмелеріне жатады ма?


1) жатады;
2) жатпайды;
3) жатпайды, бұл – денсаулық бөлмелері.

43. Полуфабрикатты пайдаланатын асханаларды қамтамасыздандыру үшін бір ауысымда жұмыскерлердің саны қанша болуы қажет?


1) 100 адамнан астам;
2) 200 адамнан астам;
3) 150 адамнан астам.

44. Медициналық тексерулердің түрлерін атаңыз.


1) алдан ала және мезгілдік;
2) алдын ала және кезексіз;
3) алдын ала, мезгілдік, кезексіз және предрейстік тексерулер.

45. Мекеме жұмыскерлерінің мезгілдік тексерілуінің аяталуы қандай құжатпен рәсімделеді?


1) қорытынды актпен;
2) жұмыс берушінің бұйрығымен;
3) медициналық тексерудің аяталу протоколымен.




Сұрақ нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Жауап варианты

1

2

3

2

2

1

2

3

2

3

3

3

3

1

3







Сұрақ нөмірі

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Жауап варианты

3

1

2

2

1

3

3

3

3

2

2

1

1

3

3







Сұрақ нөмірі

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

43

44

45

Жауап варианты

2

2

2

3

3

3

2

3

1

1

3

3

2

3

1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет