Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



бет41/42
Дата13.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#73889
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Өндірістік вибрация



  1. Діріл дегеніміз не? Қандай түрлерге бөлінеді?

  2. Діріл қандай параметрлермен бағаланады?

  3. Діріл әсерінен пайда болатын зиянды сипаттаңыз.

  4. Дірілдің гигиеналық сипаттамасын не анықтайды және дірілдің гигиеналық нормаларын қандай жағдайда орнатылады?

  5. Діріл әсеріне қарсы адамның жеке қорғаныс құралдарын атаңыз.

  6. Жалпы дірілді төмендетуге бағытталған шараларды атаңыз.

27. Материалы итогового контроля

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

СКФ факультеті


кафедрасы

ӨҢДЕГЕН:
Каф.меңгерушісі доцент


К.Ш.Арынгазин С.М.Аймуханов

Кафедра мәжілісінің хаттамасы №4 29.11.2011ж.


«Еңбек қорғау» пәні бойынша тесттік тапсырмалары


1 «Еңбек қорғау» ұғымы:


А) бұл заңнамалақ актілер жүйесі;
В) әлеуметтік-экономикалық іс-шаралардың орындалмауы;
С) ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың енгізілмеуі;
Д) гигиеналық пен емдеу-профилактикалық іс-шаралардың және құралдардың қарастырылмауы;
Е) еңбек үрдісінде адамның денсаулығын сақтау және жұмысқа қабілеттілігі туралы сұрақтар қойылмайды.

2 «Еңбек қорғау» пәнінде неше тарау бар:


А) 6;
В) 3;
С) 2;
Д) 4;
Е) 5;

3 Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесін өңдеу туралы шешімді қабылдау датасы:


А) 2003;
В) 1972;
С) 1988;
Д) 1995;
Е) 1999.

4 «Еңбек қорғау және қауіпсіздігі» туралы ҚР Заңын шығару датасы:


А) 2004;
В) 2001;
С) 2003;
Д) 1993;
Е) 2002.

5 Еңбек қорғау бойынша нұсқауын қайта қарау уақытын атаңыз:


А) жылына 1 рет;
В) 3 жылда 1 рет;
С) 5 жылда 1 рет;
Д) 6 айда 1 рет;
Е) жылына 1 рет.

6 Білімді жоғары сапалы тексеру қай уақыт мезгілінде жүргізіледі:


А) 5 жылда 1 рет;
В) 8 жылда 1 рет;
С) 2 жылда 1 рет;
Д) 3 жылда 1 рет;
Е) 4 жылда 1 рет.

7 Енгізу нұсқауы кіммен жүргізіледі:


А) бұрын жұмыс істемеген, жастармен ғана;
В) алдағы жұмысы үшін қажет дәрежесінен төмен дәрежесі бар, жұмысшылармен ғана;
С) мамандығы немесе лауазымы бойынша жұмыс өтіліне, біліміне қарамай жұмысқа алғандардың барлығымен, уақытша жұмыскерлермен, практикаға келген студенттермен;
Д) бұрын алған білімдері барлармен ғана;
Е) мамандығы бойынша жұмыста 3 айдан аса үзілісі бар, жұмыскерлермен ғана.

8 МЕСТ 12.0.004-90 сәйкес, еңбек қауіпсіздігі бойынша қайта нұсқау қандай мезгілде сирек емес жүргізіледі:


А) 3 айда 1 рет;
В) 6 айда 1 рет;
С) 2 айда 1 рет;
Д) айына 1 рет;
Е) 12 айда 1 рет.

9 Еңбек қорғау бойынша ережелер мен нормалар неше топқа бөлінеді:


А) 3;
В) 2;
С) 6;
Д) 4;
Е) 5.

10 Еңбекті қорғауды басқарудың негізгі, басты мақсаты болып не табылады:


А) жұмысты ұйымдастыруға назар аудармау;
В) жарақаталудың жоғарылауына мүмкіндік беру;
С) еңбектің қауіпсіз және зиянсыз шарттарын жасау бойынша есептер кешенін шешу;
Д) апаттық жағдайлар санының өсуіне мүмкіндік жасау;
Е) қорғаудың ұжымдық және жеке құралдарын қолданбау.

11 Еңбек қорғауды басқарудың негізгі функциялары нешеу:


А) 6;
В) 8;
С) 3;
Д) 4;
Е) 5.

12 Қанша қызметшісі болғанда жұмыс беруші еңбек қорғау және қеуіпсіздігі қызметін жасауға міндетті:


А) 1000 адамнан аса;
В) 300 адамнан аса;
С) 500 адамнан аса;
Д) 50 адамнан аса;
Е) 100 адамнан аса.

13 Жұмыскерлердің кәсіптік сұрыпталуы неде:


А) адамның психофизиологиялық сапаларын объективті бағалауының негізінде;
В) адам жұмысқа тез бейімделе алмайды;
С) жұмыскердің психофизиологиялық сапалары кәсібінің талаптарына сәйкес келмейді;
Д) нерв жүйесінің ауыруы негізінде;
Е) жұмыскердің медициналық тексерілуі нәтижесі бойынша.

14 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар келесі топтарға бөлінеді:


А) физикалық;
В) физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық;
С) химиялық;
Д) психофизиологиялық;
Е) биологиялық;

15 Еңбекті қорғау және қауіпсіздігі жағдайын Мемлекеттік бақылауды кім жүзеге асырады:


А) жұмыс беруші;
В) атқару өкімет органдары;
С) еңбектің мемлекеттік инспекторы;
Д) жоғарыдағы орган;
Е) кәсіпорынның техникалық жетекшісі.

16 Еңбекті қорғау және қауіпсіздігі облысында қоғамдық бақылауды кім жүзеге асырады:


А) еңбектің мемлекеттік инспекторы;
В) еңбек қорғау және қауіпсіздік қызметі;
С) жұмыс беруші;
Д) ЕҚ бойынша қоғамдық инспекторлар жағындағы профсоюзы;
Е) жоғарыдағы орган.

17 Жарақат алу қалай бөлінеді:


А) өндірістік;
В) тұрмыстық;
С) көліктік;
Д) көшелік;
Е) өндірістік және тұрмыстық.

18 Қандай ауру кәсіптік болып табылады:


А) зиянды шарттардың әсерінен болған ауру;
В) электр тогының соққысынан болған ауру;
С) ТҚ ережесін бұзу әсерінен болған ауру;
Д) аспаптардың, механизмдердің дұрыс жұмыс істемеуінен болған ауру;
Е) технологиялық үрдістердің бұзылуынан болған ауру.

19 Өндірістегі жазатайым оқиғаларының себептерін талдаудың мақсаты болып не табылады:


А) ұйымдастыратын;
В) жазатайым оқиғаларының себептерін жою бойынша нақты іс-шараларды өңдеу;
С) техникалық;
Д) жекелік;
Е) себептерді есепке алу және талдау.

20 Жазатайым оқиғалар мен еңбек қызметіне байланысты жұмыскерлердің басқаша зақымдануын зерттеу және есепке алу ережелерін бекіту жылы:


А) 2004;
В) 1988;
С) 2001;
Д) 1993;
Е) 1999.

21 Жұмыскерлер денсаулығы зақымдануының қай жағдайлары өндірістік жарақат алу ретінде ресімделмейді:


А) өндірістегі барлық жазатайым оқиғалар тексеруге жатады;
В) егер оқиға өзінің жеке көлігінде болса;
С) жұмыс бабымен жол жүру уақытында;
Д) жұмыс берушінің тапсырмасымен жұмыс орнына жұмысшыны жіберуде;
Е) жапа шегушінің, жұмыс берушіге қатысы жоқ, өзінің жеке жұмыстарын орындау кезінде.

22 Қай кезде жазатайым жағдайларды арнайы тексерілу жүргізіледі:


А) бір жапа шегушімен болған жазатайым оқиға кезінде;
В) жеңіл жарақат алу болған жазатайым оқиға кезінде;
С) кәсіптік ауру кезінде;
Д) ауыр жарақат алу болған жазатайым оқиғалар;
Е) қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсері нәтижесінде.

23 Жазатайым оқиғаларды комиссиялық тексеру қай уақыт аралығында жүргізілу керек:


А) 24 сағат;
В) 3 күн;
С) 10 күн;
Д) 15 күн;
Е) 30 күн.

24 Қандай міндетті шарт жұмысшыға «Еңбек қорғау және қауіпсіздігі» туралы Заң бойынша еңбек қорғауда құқық береді:


А) білімі туралы құжатының болуы және кәсіптік дайындыққа;
В) кәсіпорынмен еңбек қатынасының құрамы;
С) еңбекқорлық пен орындаушылық;
Д) еңбек тәртібін бұзудың фактілерін жібермеу;
Е) бұл кәсіпорындағы жұмыс өтілі 1 айдан кем емес.

25 Жазатайым оқиғаларды тексеру бойынша комиссия құрамына кім кіру керек:


А) еңбек қорғау және қауіпсіздігі бойынша бас инженер;
В) жұмыс беруші, еңбек қорғау және қауіпсіздігі қызметінің жетекшісі, профсоюз, жапа шегушінің сенімді адамы (келісім бойынша), механик;
С) бас инженер, еңбек қорғау және қауіпсіздігі бойынша инженер, ЕҚ бойынша қоғамдық инспектор;
Д) бас инженер, бас энергетик, технолог, механик;
Е) цехтың бастығы, еңбек қорғау және қауіпсіздігі бойынша инженер, профсоюз.

26 Өзінің немесе басқа ұйымның аумағында болған жазатайым оқиғалар, сондай-ақ жұмыс берушінің өз мүддесін қорғау кезінде, немесе жұмыс берушінің өз қалауымен басқа әрекеттерді жасау тексеруге жата ма:


А) жатады;
В) әкімшіліктің шешімі бойынша;
С) жатпайды;
Д) жатады, егер жазатайым кәсіпорынның аумағында болса;
Е) жатпайды, себебі жазатайым оқиға өз аумағында болған жоқ.

27 Н-1 формасы бойынша жазатайым оқиға туралы Актіні сақтау мерзімі:


А) 10 жыл;
В) 5 жыл;
С) 1 жыл;
Д) 6 жыл;
Е) 45 жыл.

28 Жұмысқа бара жатқан немесе жұмыстан келе жатқан жолда жұмыскермен болған жазатайым оқиғаларды есепке алу және тексеру тәртібі:


А) жұмысқа бара жатқан немесе жұмыстан келе жатқан жолда 2 сағат аралығында болған жазатайым оқиғалар тексеруге жатады;
В) 6 сағат;
С) 1 сағат;
Д) 24 сағат;
Е) 3 тәулік.

29 Н-2 формасы бойынша жазатайым оқиғасының Актісін сақтау мерзімі:


А) 2 жыл;
В) 8 жыл;
С) 5 жыл;
Д) 4 жыл;
Е) 1 жыл.

30 Өндірістік жарақат алу себептерінің негізгі әдістерін ата:


А) статистикалық;
В) монографиялық;
С) топографиялық;
Д) экономикалық;
Е) статистикалық, монографиялық, топографиялық, экономикалық.

31 Топтық және ауыр жазатайым оқиғаларды арнайы тексеру үшін қандай максималды уақыт орнатылған:


А) 5 күн;
В) 10 күн;
С) 7 күн;
Д) 30 күн;
Е) 15 күн.

32 Зиянды заттар адамның ағзасына әсер ету дәрежесі бойынша неше класқа бөлінеді:


А) 4;
В) 6;
С) 2;
Д) 3;
Е) 5.
33 Ауада болатын зиянды заттардан қорғану қалай жүзеге асырылады:
А) зиянды заттарды көрсететін үрдістерді автоматтандыруды енгізусіз;
В) технологиялық үрдістерді механизациялауды енгізусіз;
С) кешендік іс-шараларды енгізумен;
Д) герметикалауды қолданбау;
Е) газ-шаңды тазартатын жабдықтардың жоқтығы.

34 Жылдың жылы және суық мерзімдерін қалай айырады:


А) -100С және төмен;
В) +100С төмен суық; +100С жылы және жоғары;
С) +100С және жоғары;
Д) +100С және төмен;
Е) +100С төмен суық;

35 Желдеткіштің типтерін ата:


А) құятын;
В) соратын;
С) құятын-соратын;
Д) құятын, соратын, құятын-соратын;
Е) жергілікті.

36 Өндірістік жарықтандырудың түрлері:


А) табиғи;
В) жасанды;
С) аралас;
Д) табиғи және аралас;
Е) табиғи, жасанды және аралас.

37 Өндірістік жарықтандырудың негізгі талаптары:


А) жұмыс орнын жарықтандыруды азайту;
В) бұйымдарды айырудың жылдамдығын азайту;
С) көру жұмысының сипатына сәйкес, жұмыс орнында жарықтандыруды ұстап тұру;
Д) жұмыс кеңістігінде жарықтылықты бірқалыпты үлестірмеу;
Е) жұмыс істеуші көлеңкелердің көру кеңістігінде болуы.

38 Жарықтандыру құрылғыларын пайдаланудың мәні неде:


А) жарықтандырғышты жүйелі түрде тазалау;
В) жарықтандырғышты қоректендіру көзінен айырғаннан соң тазалау қажет;
С) қызмет уақыты біткен шамдарды ауыстыру;
Д) жарықтандыру желісінің қоректендіру кернеуін бақылау;
Е) шынылы ойықтарды жүйелі түрде тазалау.

39 Көру органдарын жеке қорғау құралдары:


А) көзілдіріктер;
В) щитка;
С) шлем;
Д) көзілдірік және шлемдер;
Е) көзілдірік, щитка және шлемдер.

40 Шудың негативті әсері қалай бейнеленеді:


А) ұйқысыздық;
В) алаңғасарлық;
С) нерв жүйесінің бұзылуы;
Д) еңбек қабілеттілігінің төмендеуі;
Е) ұйқысыздық, алаңғасарлық, ОНЖ бұзылуы.

41 Шумен күресудің әдістері:


А) шудың төмендеуі;
В) механизмді жобалаудың нашарлауы;
С) пластмассалық бұйымдарды металға ауыстыру;
Д) екпінсіз технологиялық үрдістерді екпіндіге ауыстыру;
Е) кедергілердің газды ағындармен ағу жылдамдығын арттыру.

42 Шудан қорғаудың құралдары:


А) шлемдер;
В) қосымша бет, құлақшын мен шлемдер;
С) қосымша бет;
Д) құлақшындар;
Е) шлемдер мен құлақшындар;
43 Адам ағзасына ультра дыбыстың зиянды әсері:
А) ауа арқылы немесе қатынастық жолмен беріледі;
В) ауру сезімталдығының төмендеуі;
С) қысымның өзгеруі;
Д) қан құрамының өзгеруі;
Е) нерв жүйесінің бұзылуы.

44 Инфра дыбыстың негативті әсері:


А) есту органдары;
В) талу;
С) қорқу сезімі;
Д) есту органдары мен көру өткірлігін төмендетеді;
Е) бас аурулары, бас айналу.

45 Инфра дыбыстан қорғау әдістері:


А) оның құрамында деңгейінің төмендеуі;
В) тербелмелі құрылымдаудың қаттылығының төмендеуі;
С) реактивті типінің тұншықтырғышын қолданбау;
Д) оның құрамындағы деңгейін арттыру;
Е) ІЖҚ, компрессор, желдеткіштерде инфра дыбыстың деңгейін арттыру.

46 Ультра дыбыстан қорғаудың құралдары:


А) құлақшындар;
В) резеңкелі қолғаптарды қолданып оқшауланған қаламдармен арнайы аспаптарды қолдану;
С) шлемдер;
Д) арнайы аяқ киімдер;
Е) резеңкелі қолғаптар.

47 Адам ағзасына жалпы дірілдеудің әсері:


А) жүрек жұмысының бұзылуы, нерв жүйесінің бұзылуы, қан тамырларының түйілуі;
В) сүйектердің ауруы;
С) адамның ішкі органдарының зақымдануы;
Д) жүрек-қанайналым органдарының, буындардың аурулары, жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі;
Е) буындардың ауруы, тамырлардың кеңеюі, бас аурулары, қан қысымының артуы.

48 Адам ағзасына жергілікті дірілдің әсері:


А) соңдарына әсері;
В) тері сезімталдығының бұзылуы, қан айналым жүйесінің серпімділігін, нерв талшықтарының сезімталдығын жоғалту, тұздарды бөліп шығару;
С) жүрек жұмысының бұзылуы;
Д) қан айналымының бұзылуы;
Е) иық белдеуіне әсері.

49 Дірілден қорғаудың негізгі әдістері:


А) дірілдің пайда болу құрамында оның төмендеуі;
В) динамикалық үрдістердің статикалықпен ауысуы;
С) жабдықтар жұмысының режимі;
Д) дірілді демпфирлеу;
Е) арнайы материалдарды қолдану.

50 Пайда болу құрамына байланысты дірілдің неше категориясы бар:


А) 4;
В) 3;
С) 6;
Д) 5;
Е) 2.

51 Дірілдің жеке жағдайларының құралдары:


А) арнайы қолғап;
В) қолғап;
С) салулар;
Д) дірілден қорғайтын аяқ киім;
Е) арнайы қолғап, қолғап, салулар мен дірілдік аяқ киімдер.

52 Адам ағзасына электр тогы әсерінің қандай дәрежесі болады:


А) әр түрлі;
В) тұрақты;
С) уақытша;
Д) тұрақсыз;
Е) өзгеретін.

53 Адам денесінің есептік кедергісі:


А) 200 Ом;
В) 500 Ом;
С) 2000 Ом;
Д) 1000 Ом;
Е) 100 Ом.

54 Электр тогымен зақымдану дәрежесіне байланысты барлық бөлмелер неше категорияға бөлінеді:


А) 3;
В) 2;
С) 6;
Д) 4;
Е) 5.

55 Кернеуі бойынша электр қорғау құралдары неше топқа бөлінеді:


А) 1;
В) 6;
С) 2;
Д) 4;
Е) 5.

56 Электр магниттік шағылудан қорғаудың әдістері:


А) шағылатын объектілерді рационалсыз орналастыру;
В) электр магниттік өрісінде жұмыс істейтіндердің табу уақыты мен орнын шектемеу;
С) шағылу көзінің қуатын арттыру;
Д) қашықтықпен қорғау;
Е) жұтатын немесе кескіндейтін экрандарды пайдалану.

57 Электр магниттік шағылудан қорғайтын құралдар:


А) комбинезондар;
В) халаттар;
С) көзілдіріктер;
Д) комбинезон, халат пен көзілдіріктер;
Е) халат пен көзілдіріктер.

58 Жасанды тыныс алудың негізгі әдістері:


А) «ауыздан ауызға»;
В) «ауыздан мұрынға»;
С) өкпесіне жасанды тыныс алдыру;
Д) жүрекке тура емес массаж;
Е) «ауыздан ауызға», «ауыздан мұрынға», жүрекке тура емес массаж.

59 Иондайтын шағылудан қорғаудың құралдары:


А) арнайы киім, халат, комбинезон, жартылай комбинезон, бас киімдер, резеңкелі қолғап, көзілдіріктер;
В) резеңкелі қолғаптар;
С) комбинезондар;
Д) жартылай комбинезондар, бас киімдер;
Е) халаттар, көзілдіріктер.
60 Санитарлы-қорғайтын зонасының енін анықтауда кәсіпорын үшін неше классс бекітілген:
А) 2;
В) 3;
С) 4;
Д) 6;
Е) 5.
61 Адам жұмысының сенімділігі қалай анықталады:
А) адамның жұмысты істемеуімен;
В) берілген этаптағы алға қойылған мақсаты немесе жұмысының дұрыс орындалу қажеттілігі;
С) адамның жұмысты орындауының жалғасына белгісіз талаптармен;
Д) берілген этаптағы алға қойылған мақсаттың орындалмауы;
Е) адамның жұмысты орындауының жалғасына сәйкес талаптар.

62 «Адам-машина» жүйесіндегі жіберілетін қателіктердің неше түрі бар:


А) 4;
В) 6;
С) 9;
Д) 8;
Е) 10.

63 «Адам-машина» жүйесі өз дамуында неше сатыдан өтеді:


А) 2;
В) 6;
С) 4;
Д) 3;
Е) 5;

64 Автоматты желілерге қызмет етуде орын алатын жазатайым оқиғалардың себептері:


А) қорғау құралдарының жетілдірілмеуі, құрылымдаудағы кемшіліктер;
В) жоңқаларды жоюдың эффективті жүйелері;
С) автоматты желілермен жұмысты басқару орталықтағы емес пульттан жүргізіледі;
Д) еңбектің шарттары ЕҚ ережелеріне жауап бермейді;
Е) қорғау құралдарын жетілдіру.

65 Кез келген жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптары неше топқа бөлінеді:


А) 2;
В) 3;
С) 6;
Д) 4;
Е) 5.

66 Адам ағзасына статикалық электрлендірудің әсері қалай пайда болады:


А) нашар ұзағырақ өтетін ток түрінде пайда болады;
В) разряд түрінде пайда болады;
С) жазатайым оқиға болады;
Д) орталық нерв жүйесінің функционалдық өзгеруіне әкеп соқтырмайды;
Е) ағзаның жүрек-қан тамырлар жүйесінің функционалдық өзгеруіне әкеп соқтырмайды.

67 Статикалық электрленудің қауіптілігін жою әдістері:


А) ылғалдылықты төмендетіп меншікті кедергісін арттыру;
В) коммуникацияның, жабдықтардың сенімді жерге қосылуы;
С) жарылысқа қауіпті концентрацияны шығару;
Д) сұйықтың қозғалыс жылдамдығын арттыру;
Е) өрт-жарылысқа қауіпті заттарды пайдалау.

68 Статикалық шағылудан қорғаудың құралдары:


А) электр статикалық халаттар;
В) арнайы киімдер;
С) мақта-маталы киімдер;
Д) антистатикалық білезіктер;
Е) электр статикалық халаттар, арнайы киімдер, антистатикалық білезіктер, мақта-маталы киімдер.

69 МЕСТ 12.1.009 сәйкес электр оқшаулауы қалай бөлінеді:


А) жұмыстық, қосымша екілік күшейтілген;
В) жұмыстық, қосымша екілік қорғалған;
С) жұмыстық есептік күшейтілген;
Д) есептік негізгі қосымша;
Е) есептік, қосымша екілік қорғалған.

70 Аз кернеу ұғымы:


А) электр тогымен зақымдану қауіптілігін азайту мақсатымен қолданылатын 42 В жоғары емес номиналды кернеу;
В) 12 В жоғары емес номиналды кернеуі;
С) электр тогымен зақымдану қауіптілігін арттыру мақсатында қолданылады;
Д) 36 В жоғары емес номиналды кернеуі;
Е) электр тогымен зақымдану қауіптілігін арттыру мақсатымен қолданылатын 42 В жоғары номиналды кернеуі.

71 «Қорғайтын жерге қосушы» ұғымы:


А) жермен электрлік жалғау;
В) металдық бөліктерімен электрлік жалғау;
С) жермен қасақана электрлік жалғау;
Д) металдық ток жүргізетін бөліктермен электрлік жалғау;
Е) металдық ток жүргізетін бөліктердің эквивалентімен электрлік жалғау.

72 «Нөлдендіру» ұғымы:


А) қорғайтын өткізгішімен электрлік жалғау;
В) металдық нөлдік қорғайтын өткізгішімен қасақана электрлік жалғау;
С) металдық ток өткізетін бөліктермен электрлік жалғау;
Д) нөлдік қорғалмаған өткізгішімен электрлік жалғау;
Е) металдық ток өткізетін бөліктерді жалғау.

73 «Қорғалған айыру» ұғымы:


А) электр қондырғысын автоматты емес айыру қамтамасыздандырылады;
В) қорғау жүйесін өңдемеу;
С) электр тогымен зақымдану қауіптілігі пайда болғанда электр қондырғыларының автоматты айырылуын қамтамасыздандыратын қорғау жүйесі;
Д) қондырғыларды айыру автоматты айыру құралын пайдаланбай жүзеге асырылады;
Е) жерге тұйықталған кезде электр қондырғысы айырылмайды.

74 «Жанасу кернеуі» ұғымы:


А) ток тізбегінің 3 нүктесінің арасындағы кернеуі;
В) жабдықтың металдық бөліктерімен адамның байланысы;
С) тізбектегі кернеуді арттыру;
Д) ағза кернеулігін төмендету;
Е) бір уақытта адам жанасатын ток тізбегінің екі нүктесінің арасындағы кернеуі.

75 «Қадам кернеуі» ұғымы:


А) қадам қашықтығы арқылы табылатын ток тізбегінің екі нүктесінің арасындағы кернеуі;
В) ток тізбегінің нүктелері арасындағы кернеуі;
С) адам тұрған жердегі қадам қашықтығында;
Д) ток тізбегінің кернеуі;
Е) ток тізбегінің үш нүктелері арасындағы кернеуі.

76 Ток өткізетін бөліктерге жанасудан электрлік қорғайтын негізгі әдістер мен құралдарды атаңыз:


А) балқитын бөліктерін қолданбау;
В) ток өткізетін бөліктердің нашар оқшаулануы;
С) ток өткізетін бөліктердің оқшаулануы, балқитын қойылымдарды қолдану, қоршайтын құрылғыларды орнату, ескертетін сигнал беру мен бұғытпалар, қауіпсіздік белгілері; ескертетін плакаттар, желілерді электрлік бөлу, қорғайтын жерге қосу, потенциалдарды түзету, нөлдендіру, қорғалған айыру, СИЗ;
Д) қорғаудың техникалық құралдарын қолданбау;
Е) қауіпсіздік белгілері мен ескертетін плакаттарды қолданбау.

77 Пайдалануда қорғау құралдарын қандай сынауға тексерген жөн:


А) периодтық;
В) периодтық және кезексіз;
С) кезексіз;
Д) кезекті;
Е) бір ретсіз.

78 Құрғақ ғимаратта әйел адамы үшін электр тогының қандай кернеуі қауіпті:


А) 120В жоғары;
В) 138В жоғары;
С) 42В жоғары;
Д) 30В жоғары;
Е) 12В жоғары.

79 Ток күшінің қандай мәні (амперде) қауіпті:


А) 0,03;
В) 0,04;
С) 0,05;
Д) 0,02;
Е) 0,01.

80 Ток күшінің қандай мәні (амперде) өлтіретін:


А) 0,06;
В) 0,08;
С) 0,09;
Д) 0,1;
Е) 0,1 жоғары.

81 Шағылудың мөлшері мен деңгейін ата:


А) жұтылған, эквивалентті, экспозиционды қуаты, деңгейлер;
В) активтілік, ағынның тығыздығы, концентрациясы;
С) қуат, активтілік, концентрация тығыздығы;
Д) жұтылған, эквивалентті, экспозиционды активтілік;
Е) жіберілетін концентрациясы, мөлшер аралығы, жіберілетін деңгейлері.

82 Сәулелік зақымдану қауіптілігі бойынша критикалық органдардың неше тобы бар:


А) 4;
В) 2;
С) 3;
Д) 1;
Е) 5.

83 Өткір сәулелік ауру дәрежесінің неше дәрежесін білесіз:


А) 3;
В) 2;
С) 5;
Д) 4;
Е) 6.

84 Жану қабілеті бойынша заттар қалай бөлінеді:


А) жанбайтын;
В) жанатын;
С) қиын жанатын;
Д) жанбайтын, жанатын, қиын жанатын;
Е) жанатын, жанбайтын.

85 Кедергілік дәрежесі бойынша құру неше дәрежеге бөлінеді:


А) 3;
В) 4;
С) 5;
Д) 6;
Е) 2.

86 Технологиялық үрдістің сипаты бойынша барлық объектілер неше категорияға бөлінеді:


А) 3;
В) 5;
С) 6;
Д) 4;
Е) 7.

87 Жарылыс-өртке және өртке қауіптілік бойынша ғимараттар категориясын атаңыз:


А) А;
В) Б;
С) В;
Д) Т;
Е) Д.

88 «Браундмауэр» деген не?


А) арнайы жанбайтын материал;
В) ғимарат бөліктері аралығындағы өртке қауіпті қабырға-бөгеті;
С) өрт өшіру механизмі;
Д) көбік жасаушы эмульсия;
Е) өрт шлангысының металдық соңы.

89 «Өрт» ұғымы:


А) бақылайтын жану;
В) адамдарға қауіпті емес;
С) уақыт бойынша және кеңістікте дамитын бақыланатын жану, ол адамдарға қауіпті және материалдық шығын келтіреді;
Д) шығын келтірмейді;
Е) уақыт бойынша және кеңістікте таралмайды.

90 Алғашқы өрт сөндіруші заттарға жатады:


А) өртке қарсы су тұрбасы;
В) өрт сөндіргіштер, құмы бар жәшіктер;
С) спринкерлі және дренчерлі қондырғылар;
Д) көбік генераторлары;
Е) су айдайтын мұнаралар, шелектер, ыдыстар.

91 Өрт профилактикасы бойынша іс-шараларды атаңыз:


А) ұйымдастырылған, техникалық, режимдік, эксплуатациондық;
В) ұйымдастырылған;
С) техникалық;
Д) эксплуатациондық;
Е) режимдік.

92 Өрт сөндіру аппаратарын қалай бөледі:


А) суырмалы;
В) стационарлы;
С) суырмалы және өрт сөндіргіштер;
Д) өрт сөндіргіштер;
Е) суырмалы, стационарлы және өрт сөндіргіштер.

93 Өрт сөндіргіш берілгіштері қалай бөлінеді:


А) қолмен;
В) стационарлы;
С) тасымалданатын;
Д) қолмен және автоматты;
Е) автоматты.

94 Өрт сөндірудің қандай түрлерін білесіз:


А) химиялық;
В) ауа-механикалық, химиялық;
С) көмір қышқылдық;
Д) қышқылдық;
Е) сілтілік.

95 «Найзағайдан қорғау» ұғымы:


А) найзағай түскенде өрт пен апаттан қорғау үшін өнеркәсіпте қолданылатынқорғайтын құрылғылар мен іс-шаралар жүйесі;
В) найзағайға қарсы түрлі салулардағы түрлі іс-шаралар жүйесі;
С) найзағай кезінде қолданылатын түрлі құрылғылар;
Д) найзағай кезінде жүргізілетін іс-шаралар жүйесі;
Е) найзағай кезінде қолданылатын қорғайтын құрылғылар мен іс-шаралар жүйесі.

96 Ғимараттар мен салуларды қорғау дәрежесі бойынша найзағайдан қорғау неше категорияға бөлінеді:


А) 2;
В) 3;
С) 4;
Д) 6;
Е) 5.

97 Жоғары сапалы тексерудің түрлерін атаңыз:


А) периодты;
В) қайталау;
С) кезексіз;
Д) алғашқы;
Е) алғашқы, периодты, кезексіз.

98 Жетекшілер мен мамандар үшін білімді алғашқы тексеру қандай мерзім ішінде қайтадан өткізіледі:


А)10 күн;
В) 3 ай;
С) 1 ай;
Д) 2 ай;
Е) 2 апта.

99 Жүйелі жоғары сапалы тексеру қандай мерзім ішінде сирек емес жүргізіледі:


А) 6 ай;
В) 1 жыл;
С) 2 жыл;
Д) 3 жыл;
Е) 4 жыл.

100 Электр қауіптілігі бойынша жоғары сапалы топтардың неше түрін білесіз:


А) 5;
В) 4;
С) 3;
Д) 2;
Е) 6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет