Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі


Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар



бет16/51
Дата31.10.2022
өлшемі0,51 Mb.
#46559
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
Байланысты:
УМКД ЭТНОЛОГИЯ каз

Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Африка трайбализмінің мәні неде?

  2. Қазіргі заманғы африка халықтарының этно-мәдени өміріне қандай еуропалық этностар белгілі із қалдырды?

  3. Қазіргі заманғы африка елдеріндегі интеграциялық үрдістерге талдау жасаңыз.



АМЕРИКА ХАЛЫҚТАРЫ
Континенттегі бастапқы қоныстану
Этногенезі және этникалық тарихы. Америкада 50-40 мың жыл бұрын адамның пайда болуы. Адамдардың Сібірден Аляскаға одан кейін Солтүстік Американың басқа аудандарына, содан соң Оңтүстік Америкаға және құрлықтың шегіне дейін адамдардың таралуы туралы таласы жоқ археологиялық куәліктер. Б.з.д. VIII ғ. - б.з.д. VI ғ. аяғында Антил аралдарында және Амазонияда адамдардың пайда болуы. Б.з.д II ғасырдан бастап субарктикалық және арктикалық аудандардың игерілуі. Еуропадан және Азиядан, оның ішінде Алеут аралдарының теңіз жолдарымен адамдардың Америкаға енуі. Түрлі экологиялық ортаға адамдардың үйренісуі. Еуропалықтар пайда болғанға дейінгі үндіс халықтары.
Жергілікті халықтардың этнолингвистикалық құрамы. Бастапқы тілдердің таралуын түсіндіру және түрлі семьялары араларындағы генетикалық байланыстарын анықтау. Американың жергілікті халықтарының тілін үш тәуелсіз топтарға жіктеу: Солтүстік Американың тілдері, Мезоамериканың тілдері және Оңтүстік Американың тілдері.
Солтүстік Американың тіл отбасылары: эскимос-алеут, атапасс немесе алгонкин-вакаш, хока-сиу мосан, пенутиан, тано-ацтек. Алгон тілінің Канаданың барлық он провинциясының аумағында, АҚШ-тың жиырмадан астам штатында және Мексиканың солтүстік-шығысында, Тынық мұхит жағалауының солтүстік-батысында таралуы; атапасс тілінің Аляскадан Американың оңтүстік-батыс бөлігіне дейін, батыс жағалауынан Гудзон шығанағына дейін таралуы; хока-сиу тілінің Жаңа Англияның батысынан бастап Канада мен Американың жазықтарын бойлай Техасқа, Калифорнияға және Мексикаға дейін таралуы; пенутиан тілінің Калифорнияда таралуы; тано-ацтек тілінің Мексикада, Орталық Америкада, АҚШ-тың батысында таралуы.
Мезоамериканың тіл семьясы: ацтек-таноан, хока-сиу, майя-киче, макро-отоманге, пенути, тара-тотонак, макро-чибча, жепан-кариб, алгонкино-мосан. Майя тілінің көптеген семьясының Орталық Американың барлық аймақтарына таралуы; Отаман тілі семьясының Мексикаға таралуы, оның құрамына 150 шамасында түрлі тілдер кіреді. Тотонак тіл семьясының 300000 таратушысы бар.
Оңтүстік Американың тіл семьялары. Оңтүстік Американың барлық аумақтарында 600-дей тілдің таралуы, оның бір Бразилияның өзінде 15 тіл семьясына енетін шамамен 250 тіл бар. Осы аймақтың тіл семьялары: араукан тілі, чибча, макронке, паэс, кечуа, тукано, кариб, витото, аравак, хиваро, намвиквара, панно, янсман, такан, гуарани, сапаро. Инк мемлекетінің тілі кечуа Аргентина, Боливия, Чили, Эквадор және Перу аймақтарын кеңінен қамтиды. Гуарани тілі испан тілімен қатар Парагвайдың ресми тілі болып қабылданған, 3 млн. таратушысы бар.
Антропологиялық шолу. Адамзаттың үлкен монголоид нәсілінің құрамындағы амеканойд нәсілі. Американдық үндістердің монголоидтардан негізгі айырмашылықтары. Жергілікті үндіс халқы екі нәсіл топтарына жатады: солтүстік американдық және орталық оңтүстік американдық. Орталық оңтүстік американдық нәсіл құрамының 6 топқа бөлінуі: калифорниялық, орталық американдық, амазондық, андылық, патагондық және отты жерлік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет