Магриб пен Машрик елдері аралығындағы айырмашылығын түсіндіріңіз.
Африка адамзаттың бастапқы отаны деп бекітуге болады ма?
Африка халықтарының тілдік жіктелу схемасын құрыңыз.
Қазіргі Африкадағы этникалық үрдістер Этникалық үрдістердің қиыншылығы және қарама-қайшылығы. Транбализм. Әскерлерді тайпалық белгілері бойынша құрастыру: бір тілдің үстемдігі және басқа тілге тигізілетін нұқсан; тар этникалық негіздегі одақтар мен партиялардың өмір сүруін жалғастыруы; жекелеген этностардың орналасуын есепке алмай, әкімшілік бөліктерді құру және т.с.с. Орталықтан тепкіш беталыстарының интеграциялық бірігу үрдістеріне тигізетін кері әсері. Африка континентінің түрлі елдеріндегі қаруланған этникааралық жанжалдары және мемлекетаралық қақтығыстары.
Африканың этникалық дамуында екі беталыстың болуы: межелей бөлу (түрлі мемлекеттердің шекараларында бір этностың жекелеген бөліктерінің өзіндік дамуы), жақындасу (бір халықтың екінші халыққа сіңісіп кетуі (ассимиляция), біріктірулер және интеграциялар).
Контингент халықтарының этномәдени дамуындағы екі үрдістің өмір сүруі. Алғашқысының тегістеумен, стандарттаумен байланысы, өйткені бұның этностың өмірін қамтамасыз ететін жүйе саласында (тұратын жері, киімі, тамағы) интернационалдық мәдениетке үлкен ықпалы бар. Екіншісінің түрлі жергілікті этностардың материалдық және рухани мәдениетте өзара ықпал етуімен байланысы.
Интеграциялық үрдістер. Жекелеген этностардың орналасуына сәйкес ескі шекараларды сақтау туралы, бұл шекараларда бірыңғай ортақтық құру туралы Африкалық бірлігі ұйымының шешімдері. Зулу, коса, суто және олардың тайпалық бөлімдерінің этностарын неғұрлым жоғарғы деңгейдегі одаққа біріктіру, бұл Африка халқының ақ нәсілдерге қарсы көп жылғы күресі барысында қалыптасқан. Бушмендер мен готтентоттар жағдайларының біркелкі еместігі. Европалықтардың Оңтүстік Африканы отарлау барысында аталған халықтарды күйретуі, олардың бір бөлігінің олармен және банту халықтарымен араласуы.
Өткен тарихында ірі немесе мықты саяси бірігуді бастан кешкен, жоғары дамыған халықтар айналасында этникалық жақындасу үрдістері. Негізгі және екінші мемлекеттік тілді қабылдаудың интеграциялық үрдістерді жылдамдатуға ықпалы, біріншісі жергілікті халықтардың тілі немесе мемлекет қарым-қатынас тілі, яғни көпшілік халыққа түсінікті тіл (Мадагаскарда малагами, Мавританияда араб). Бұрынғы еуропалық метрополияның тілінің позициясын сақтау.
Африканың қазіргі заманғы халықтарының этникалық дамуындағы қалалардың, урбанизация мен көшіп-қонуды күшейту үрдістерінің, мәдениеттің өзара ықпалының екі жақты рөлі. Бір жағынан, этникалық өзін-өзі танудың ұлттық даму деңгейінен артта қалуы, екінші жағынан, көп сатылы. «Ұлттық-саяси жалпылықты» құрудағы бірігудің, ассимиляцияның және интеграцияның қиын үрдістері.
Африкалық емес этностардың жағдайы. Үндістер мен ливандықтардың (арабтар); Мозамбиктегі португалиялық отарлаушыларының ақ және түрлі-түсті ұрпақтарының; Кения, Замбия, Зимбабве ақ (ағылшын) қауымдарының; Намибиядағы неміс қауымдарының; ОАР-дағы ағылшын-африкандықтардың (ағылшын отарлаушыларының ұрпақтары) және африканерлердің (голландықтардың ұрпақтары) жағдайларының біркелкі еместігі. Оңтүстік Африкада континенттің барлық елдерінің 80% еуропалықтардың және 70% азия халықтарының болуы. Еуропалықтар, метистер және жергілікті африка халықтарының арасында мәсіхшілікті тарату. Ислам және дәстүрлі сенім жүйесін уағыздайтын едәуір халық бөлігінің болуы.