І. Доптыжоғарыдан екі қолмен қабылдау,қайтарып беру. Аяқ тізеден,қол шынтақтан бүгіліп қол саусақтары бүрісе жайылып бетке қарсы тұстан допты қағып алуға даярланады.
Қабылдау қимылы тізенің жазылуынан басталып қолға көшеді.
Қол допқа тигенде тез жазылып,саусақтардың серпімді қимылы допқа белгілі бағыт береді.
Жоғарыдан доп қабылдағанда негізгі күш сұқ саусаққа және ортаңғы саусаққа түсіп бас бармақ қолға әсерін жеңілдетеді.
Аты жоқ саусақ пен шынашақ допты демейді.
1. Ойыншылар бетпе –бет қарап арақашықтық 7-8 м допты лақтырып қайтадан қабылдап,ары қарай көтеріп береді.
2.Бір білім алушы допты жоғары көтеріп қарама-қарсы ойыншыға береді,қолын көтеріп қабылдап қайта береді.
3.Бір білім алушы допты еденге ұрып ойыншыға береді,допты жоғарыдан қабылдап қайта береді.
ІІ. Допты төменнен қабылдау. Доп қолдың білектен жоғарғы бөлігіне қабылданады,саусақтар жұмылып төмен түсірілген жұдырықпен қабылдауға болмайды, доп дәл тимейді,қисық ұшуы мүмкін.
Доптың соғылу күшін бәсеңдету үшін қабылдау кезінде екі қол ашық болады,бірақ барынша жақын ұстау керек.
1. Екі қолмен төменнен қабылдау кезіндегі тұрысы.
2. Бір білім алушы допты ойыншыға береді,ол допты төменнен екі қолмен қабылдап қайта береді.
3. Бірінші білім алушы допты еденнен ойыншыға береді,ойыншы төменнен қабылдап қайтарып береді.
Доп беру әдістері: 1. Допты екі қолмен кеуде тұсына беру
- Алақан мен саусақтарды допқа тигізіп беру;
- Кеуде тұстан қолды жаза сілтеп лақтырады;
- Допты екі қолмен кеудеден беру.
2. Допты екі қолмен төменнен беру Доп берудің бұл түрін бір - біріне жақын тұрған аласа бойлы оқушылар ұзын бойлы қарсыластарына қолданады.
3. Допты бір қолмен беру Доп берудің едәуір күрделі түрі. Допты бір қолмен иықтан беру. Оқушыларға қолдың білезігі мен саусақтардың қалай дұрыс істеуге болатынын үйрету.
4. Допты ұстау - Допты ұсынған бетте тез әріптесіне беру;
- Допты ұстау кезінде орнықты тепе - теңдікті сақтаған қалыпта және кез - келген еркін қозғалатындай ыңғайда болуы керек;
- Допты екі қолмен ұстау кезінде қолды алға созып, алақанда ұшып келе жатқан допты қарсы бағыттау керек.