Даму үдерісі қалай қарай қай бағытта жүзеге асады? Даму түп – түзу жолмен жүретін үдеріс емес. Сонымен бірге даму бір шеңбер ішінде шыр айналуда емес. Гегель ойынша бастапқы пункте қайтып бару емес, оның деңгейінде жақындап барып, қайтадан алға жылжу. Даму үдерісін Гегель бейнелі түрде спиральға теңейді. Даму барысында зат тозады, ескіреді, жоққа шығарылады. Ескі жойылып, оның орнына жаңа зат пайда болады. Бұл жаңа зат бірақ жоқтан пайда болған жоқ немесе аспаннан салбырап түскен жоқ; ол ескінің даму барысында басқа затқа айналған, жаңа сапаға ие болған түрі.
Терістеу дүниеде, өмірде болып тұрады, өлңім өмірді терістеу. Шындық жалғанды теріске шығарады. Терістеу түбегейлі жоқ қылу, құрту емес. Терістеу сонымен бірге сақтап қалу, сақталған нәрсені жаңа жоғары деңгейде дамыту. Даму үдерісі терістеумен шектелмейді.
Индуктивті көзқарас бойынша Гегель әр заттың ескіріп отыратынын айтқан.
Оның үш заңында да әр зат тозады, ескіреді және де ол заттардың орнына жаңа
зат пайда болады делінген. Оның шығарған үш заңына біздің көзқарасымыз
бойынша ол пікірлерді дұрыс деп есептейміз. Себебі, бұл дүниеде ешқандай зат Мәңгілік емес. Гегель айтқандай әр нәрсе даму үстінде болады. Себебі, дамымай қалған
заттардың барлығының өмір сүретін уақыты бітеді, сол себепті әр зат дамып
отыруы керек. Бұл әрине өмір заңдылығы. Әр нәрсе ескіріп, сосын жаңарып
отырады. Олай болмаған жағдайда тіршілікте тоқтайды.
Біздің индуктивті көзқарасымыз міне осылай.
Дедуктивті жағы. Гегельдің ең бірінші қарама – қайшылық заңында осы өмірде жаратылған әрбір тіршілік болсын, немесе зат болсын түптің түбінде қайшылыққа алып келеді деген тұжырым жасайды.
Менің ойымша бұл тұжырымдама шындыққа жанасады. Себебі, даму үдерісі бір орында тұрмайды. Әр уақытта тоқтаусыз жаңарып отырады. Мысалға алар болсақ, осы қазіргі таңдағы нарықта, шоу бизнесте болып отыратын қайшылықтар. Олар әрине уақыттар салып болмасын шешіледі. Алайда уақыт өте келе оның орнына басқа қайшылықтар келуі мүмкін. Тағы айтар болсақ, менталитет пен заманауилық қайшылығы болуы мүмкін. Батыстан келетін өмір сүру заңдылықтары, сол елдердің қағидалары біздің еліміздің менталитетіне қайшы келеді.
Санның сапаға, сапаның санға ауысу заңдылығының дедуктивті жағы әрбір зат саннан сапаға, сападан санға ауысып жатады. Оның мысалы ретінде кезінде осыдан 15жыл бұрын елімізде қолданысқа шыққан телефондарды дәл қазіргі уақытта бірең сараң адам пайдалануы мүмкін. (Алғашқы телефондар сатылымда да жоқ деуге болады). Оның өзінде үлкен қария кісілер деп айтуға болады. Ал жастардың 99% соңғы маркалы ұялы телефондар.
Ал енді сапаның санға ауысыуына қарапайым мысал келтірсек. Егерде 1қап бидай дәні бар делік. Оның шетінен бір бірден күнделікті алып отыратын болсақ, бастапқы уақытта бидайдың азайғаны білінбейді. Ал уақыт өте келе ол азайып тіпті жоқ болып кетеді. Дәл осы сияқты әрбір зат сападан санға ауысуы мүмкін.
Терістеуді – терістеу заңы ол кез келген дүниені терісінен жасауға сәйкес келеді. Себебі, әрбір адам ойы әртүрлі пікрлермен топтасады. Мысалы, бір адамдар дұрыс деп ойлайтын пікірлер болса, ал бір адамдар сол пікірді қате деп ойлауы мүмкін. Оған мысал, Платон мен Аристотель. Аристотель Платонның пікіріне ашықтан ашық қарсы келген. Оның пікірлерін жоққа шығарып, оны өзінің пікірлерімен толықтырған ғұлама ойшыл. Сол үшінде әлемнің бірінші ұстазы.
Ендігі кезекте сонау КСРО кезін еске алсақ, сол замандарда сол 15мемлекетте өмір сүрген мұсылман қауымы намазды тығылып оқуға мәжбүр болған. Ислам дініне қайшылықтар көп еді. Қазіргі таңда, елімізде Ислам діні еркін ұсталған және сан ұлттар мекен етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер: Т.Х. Рысқалиев «Философия тарихы» (223, 224,225, 226б)