Пән: «Ұлттық тәрбие» Дәріс №11 Тақырып: «Қазақ отбасының тәрбие жүйесі» Қарастырылатын сұрақтар


Қазақ отбасында бала тәрбиесі тәсілінің әдістері. Қазақ отбасында қарым-қатынастың құқықтық негіздері және қатынас мәдениеті



бет3/5
Дата07.04.2023
өлшемі81 Kb.
#80193
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 11. ҰТ. Қазақ отбасының тәрбие жүйесі. Акпарова

3. Қазақ отбасында бала тәрбиесі тәсілінің әдістері. Қазақ отбасында қарым-қатынастың құқықтық негіздері және қатынас мәдениеті.
Әл - Фараби бала дүниеге келгенде алдағы өмірінде бақытты болуға жетелейтін қасиеттерді игеруде арнайы тәрбие ортасының болуын қажет деп санайды. Ондай ортаның негізгісі, әрі баланың бақытқа қол жеткізудегі қасиеттерінің негізі қаланатын тәрбие институты отбасы ортасы екендігін: "Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін ең жоғары кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ол мұны өзі жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын қажет етеді. Осы қауымдағы адамдардың әрқайсысын оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне, сондықтан да бір - біріне көмектесіп отыратын біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне жете алады", - деп түсіндіреді.
Ж.Баласағұнның "Құтты бiлiк" дастанында отбасы тәрбиесi мәселесі, отбасындағы тәлiм-тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерi мен талаптары тереңірек қарастырылады. Жүсіп Баласағұн отбасының қоғам өмірінде алар саяси - әлеуметтік орнын өте жоғары бағалап, мемлекеттің күштілігі, қуаттылығы тек ел билеуші қайраткердің ақыл - парасатына ғана емес, сонымен қатар, елдегі әскердің, қарулы күштердің көптігіне ғана емес, әрбір отбасының беріктігіне де байланысты деп есептеген. Оның көзқарасы бойынша мемлекеттің саяси беріктігі отбасы саясатының дұрыстығына байланысты.

Қазақ отбасында қарым-қатынастың құқықтық негіздері және қатынас мәдениетіне тоқталатын болсақ


Қазақ отбасындағы тәрбие белгілі бір қағидаларда көрініс берген:
Отбасы тәрбиесіндегі үлкенге құрмет қағидасы. Қазақ халқында әpбіp шаңырақтың ең құрметті, сыйлы иесі – атасы мен әжесі болып табылады. Сондықтан болар "Қариясы бар үйдiң –қазынасы" бар деп оларды қадiр тұтқан.
Ақсақалдар мен кіші ұрпақ міндеттерін қазақ халқында бала туған туыстарымен қарым - қатынасы барысында үйреніп, мәнін түсінеді. Мұндай қарым - қатынастың мәні «сыйласу» түсінігімен байланысты анықталады. Қазақ халқында бала тәрбиесiн дұрыс жолға салудың тағы бір жолы тәрбиенiң халықтығы қағидасы негiзiнде жүзеге асырылады. Қазақ халқы бала тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берiп, балаларды оның тек ата - анасы ғана емес, бүкіл ауыл болып тәрбиелеген.
Қазақ халқының ізгіліктілігі қағидасы негізіне құрылған қарым-қатынасы мен сыйласу дәстүрі оның қонақжайлылығынан көрінеді. Қазақ халқы баланы тәрбиелеуде мақал-мәтелдердi, термелер мен жырларды, тыйымдар мен ырымдарды пайдаланғанда оның тек сөздiк әсерiн ғана емес, оның астарына мән берiп, балаларды пайымдағыштыққа тәрбиелеудi мақсат тұтқан.
Қазақ халқы шариғатқа жүгіне отырып, балаларын өздері болмайтын уақыт үшін тәрбиелеген. Олардың алдағы өмір сүретін заманынының талаптарын ескерген.
Бұл жөнінде қазақ зиялысы
М. Жұмабаев өзінің педагогикалық еңбегiнде ата-аналарға бала тәрбиесiнде былай кеңес берген: "Ата-аналар балаларын дәл өзiндей етiп тәрбиелемеуi керек, одан да күштi етiп тәрбиелеуi тиiс, себебi олардың өмiр сүретiн заманы ата-аналардың заманына қарағанда әлдеқайда талапшаң болмақ" деп айтқан болатын.
Осылайша қазақ отбасы қандай жағдайда болмасын толығымен баланы өз заманының азаматы қалыптастыратын тәрбие институты бола білген.


4. Қазақ отбасындағы психологиялық атмосфера. Қазақ отбасындағы ұл мен қыз парызы. Қазіргі жағдайда өскелең ұрпақ азаматтығы мен отаншылдығы (патриотизмі), ұлттық сана құрылымында отбасы жауапкершілігі мен рөлі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет