Пән: «Ұлттық тәрбие» Дәріс №11 Тақырып: «Қазақ отбасының тәрбие жүйесі» Қарастырылатын сұрақтар


Қазақ отбасындағы бала тәрбиесінің жүйесі. Қазақ отбасын басқарудың ұстанымдары мен ерекшеліктері. Қазақ отбасында әке-шешенің беделі мен отбасылық құндылықтар



бет2/5
Дата07.04.2023
өлшемі81 Kb.
#80193
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 11. ҰТ. Қазақ отбасының тәрбие жүйесі. Акпарова

2. Қазақ отбасындағы бала тәрбиесінің жүйесі. Қазақ отбасын басқарудың ұстанымдары мен ерекшеліктері. Қазақ отбасында әке-шешенің беделі мен отбасылық құндылықтар.
Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі, бастау көзі. Бұл жөнінде қазақстандық ғалымдар С.Қалиев,М. Оразбаев және М. Смайыловалар өздерiнiң "Қазақ халқының салт – дәстүрлерi" (1994) деген еңбектерінде қазақ ауылының тыныс тiршiлiгiнiң өзiндiк заңдылықтарын сипаттап, оның отбасы тәрбиесіндегі рөлін жан – жақты ашып көрсетедi.
Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, ізгіліктің, адамгершілік тәрбиесінің негізі қаланады. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар да тек отбасында ғана дамып, байытыла түседі. Адамды өзара түсіністікке алып келетін шынайы да тұрақты сүйіспеншіліктің дәстүрлері де тек салауатты отбасында қалыптасады. Жеке тұлғаның өсіп жетілуіне ықпалы ерекше болғандықтан, отбасы тәрбиесіне әлеуметтанушылық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлініп, «отбасы» ұғымына анықтамалар берілген.
Отбасы кешенді әлеуметтік институт ретінде адамды тек тәрбиелеуге ғана емес, сонымен қатар білім алуда, мамандық таңдауда, өмірлік ұстанымды табуда бағыт-бағдар береді және көмектеседі.
Отбасы әлеуметтік институттардың бірі ретінде тұлғаны ең басты әлеуметтендіру ортасы болып табылады. Тұлға әлеуметтік ортада өмірдің мәнін, оның мақсаты мен міндеттерін, құндылықтарын игере отырып, нені білу қажет, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар алады да, сол ортада басқалармен қарым-қатынас орнату дағдыларын меңгереді. Тұлға отбасында әртүрлі сипаттағы өмірлік төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстаудың нормалары мен мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін де меңгереді.
Отбасы атқаратын міндеттеріне, отбасындағы билікке, өркениетті даму типіне қарай дәстүрлі (патриархалды) және эгалитарлы болып бөлінеді.
Дәстүрлі отбасы – авторитарлық басқару үрдісіндегі сияқты бір адамның билігіне негізделеді. Яғни, отағасының беделі үстем, отбасылық өмірдегі барлық маңызды мәселелерді өзі шешіп, отбасы мүшелерінің қауым алдындағы тәртібіне де өзі жауап береді және сыртқы ортада отбасының өкілі болып есептеледі. Отбасылық қарым-қатынастар отбасы мүшелерінің қалыптасқан иерархиялық рөлі негізінде құрылады.
Эгалитарлы отбасы – демократиялық қарым-қатынасқа, әйел мен еркек арасындағы теңдікке, әріптестікке негізделген.
Отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат тарихында маңызды рөл атқарады. Ол баланың дүниеге келіп, өсіп-жетілуін қамтамасыз етіп, отбасы мүшелерінің тіршілігін қолдап, ұрпақтардың физикалық және әлеуметтік мәдени жалғастығы арқылы социумның өмір сүруінің базалық алғышарттарын жасайды.


Отбасы қызметтері:
1) репродуктивті қызметте – іштен өсе отырып, өзін қайталап өндіру механизміне ие болады. Яғни, баланың дүниеге келуі арқылы отбасы қоғамның биологиялық үздіксіздігін қамтамасыз етеді;
2) тәрбиелік қызметте – баланың өміріндегі ең жауапты кезеңде отбасы оны әлеуметтендіріп, орнықты дамуыны жағдай жасайды, қабілетін, талабын, қажеттіліктерін айқындайды. Ішкі адамгершілік, сезімдік, қамқорлық, сыйластық факторларын игеріп, бала өзінің жоғары «менін» қалыптастыратын мінез-құлық нормаларын меңгере бастайды;
3) шаруашылық тұрмыстық қызмет – отбасы мүшелерінің сұраныстарын қамтамасыз ету, олардың денсаулықтарын қолдау, балаларға қамқор болуымен сипатталады;
4) экономикалық қызмет – кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерін материалдық жағынан қамтамасыз ету, оларға қолдау көрсетуге негізделеді;
5) алғашқы әлеуметтік бақылау - әлеуметтік өмірдің әртүрлі салаларында отбасы мүшелерінің тәртібін моральдық жағынан қалыптастыру, жұбайлар қарым-қатынастарындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастарды ретттеу қызметін атқарады;
6) рухани қатынасты дамыту қызметі – отбасы мүшелерінің тұлғасын қалыптастыруға, олардың рухани құндылықтарын байытуға, некелік одақтың достық негізін бекітуге негізделеді;
7) әлеуметтік мәртебе беру қызметі – отбасы мүшелеріне белгілі бір әлеуметтік мәртебе беретін қоғам құрылымын ұдайы жетілдіріп отыруға арналады;
8) әлеуметтік және сезімдік қорғау қызметі – адамға жақын туыстары тарапынан қолдау көрсетіп, адамның өзін отбасында қадірлі, сүйікті сезініп, өміріне араша түсетін жандардың барын ұғынуы оның қамқорлық, қауіпсіздік сезімін оятып, бойына рухани күш-жігер, сенімділік береді;
9) фелициотологиялық қызмет – отбасындағы сүйіспеншілік, махаббат пен бақытқа негізделеді.

Отбасы өзінің отбасылық және демографиялық құрылымы арқылы әлеуметтік-тарихи дамуға өзіндік ықпалын тигізеді.Отбасы құрылымының типтері көпқырлы болып келеді және ол жұбайлардың мінез-құлқына, қоғамдағы әлеуметтік жағдайына, ата-аналық және туыстық ерекшеліктеріне, отбасындағы билікке, отбасылық дәстүрге, некелік қатынасқа байланысты болды.


Отбасы құрылымы және оның жіктелуі:
• патриархалды отбасы – ер адамның билігіне, үстемдігіне негізделеді;
• матриархалды отбасы – керісінше, әйел адамның билігіне, үстемдігіне негізделеді;
• эгалитарлы отбасы – еркек пен әйелдің құқығы мен міндеттерінің теңдігіне арналған;
• нуклеарлық (қарапайым) отбасы – ерлі-зайыптылар мен балаларынан тұратын отбасы;
• үлкен отбасы – бірнеше ұрпақ өкілдерінен тұратын отбасы;
• баланың санына қарай: көп балалы, аз балалы, баласы жоқ отбасы;
• отбасылық өмір тәжірибесіне қарай: жас жұбайлар, жастар, орта жастағылар, егде кісілер отбасылары;
• географиялық нышандары бойынша: ауылдық және қалалық отбасы;
• детоцентристік отбасы – отбасы мүшелерінің барлық күш-қуаты шаңырақ берекесіне арналады;
• ерлі-зайыптылық отбасы – жұбайлар арасындағы өзара қарым-қатынасқа негізделеді;
• дистанттық отбасы – ерлі-зайыптылардың бірі жұмыс жағдайына байланысты отбасынан бөлек тұруы немесе отбасында көп болмауы;
• полигамиялық отбасы – бірнеше топтардың арасындағы некелік қатынас;
• моногамиялық отбасы – бір еркек пен бір әйелдің арасындағы некелік қатынас;
• полигиния – біреркектің бірнеше әйелдермен некелесуі;
• полиандрия – бірәйелдің бірнеше еркектермен некелесуі;
•экзогамиялық неке – әртүрлі рулық-отбасылық топтардың арасындағы неке;
• эндогамиялық неке – біррулық-отбасылық топтардың арасындағы неке;
• Патрилинеалды отбасы – тегін, мүлкін, әлеуметтік жағдайын иелену құқығы әке жағынан болады;
• Матрилинеалды отбасы – тегін, мүлкін, әлеуметтік жағдайын иелену құқығы ана жағынан болады;
• гомогенді отбасы – жұбайлар бір әлеуметтік страттардан шығады;
• гетерогенді отбасы – жұбайлардың әртүрлі әлеуметтік страттардан, топ, таптардан шығуы;
• патрилокалды отбасы – жас жұбайлардың ер адамның үйінде тұруы;
• матрилокалды отбасы – жас жұбайлардың әйелдің үйінде тұруы;
• эванклюлелокалды отбасы – жас жұбайлардың аға, апайлардың үйінде тұруы;
• унилокалды отбасы – жас жұбайлардың кімнің әлеуметтік жағдайы қолайлы сонымен тұруы;
• неолокалды отбасы – жас жұбайлардың ата-аналарынан бөлек, жекетұруы;
• қайталанбалы отбасы – жас жұбайлармен қатар, бұрынғы некелік балалардың бірге өмір сүруі;
• репродуктивті отбасы – ата-анасы мен кәмелетке толмаған балалардан тұрады;
• линеалді отбасы – бір жыныстағы балалардың бәрі некеге тұрғаннан кейін өз ата-аналарының үйінде қалып, бірге тұруы;
• стержнді отбасы – ата-аналармен бірге бір баланың қалып өмір сүруі;
• толық үлкен отбасы – аға-інілердің әйелдері мен ата-аналарының үйінде бірге тұруы және олардың балаларының да осы дәстүрді жалғастыруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет