Қорытынды Бұл мақалада әр түрлі басқару жүйелерінің ішінен американдық және көбіне жапондық түрлері қарастырылады. Алдыңғы қатарлы дағдыларды зерттеу маңызды және өзекті міндет болып табылады. Алайда кез келген басқару жүйелерінің салыстырылмалы сараптамасында қай жүйені болса да таза мехникалық түрде қолдану барлық уақытта жоғары тиімділікке кепілдік бермейді. Өндірістік ұйымның тиімділігі қандай да бір болмасын басқару жүйесінің қаншалықты қолданылғандығына емес, ұйым қызмет атқаратын өндірістік-нарықтық жағдайға оның элементтерінің қаншалықты ыңғайланғанына байланысты. Мұндай әдіс жолы берілген ұйым қызмет атқаратын ішкі және сыртқы экономикалық жағдайларда бәсекелестікті ескере отырып кез келген стиль мен жүйесін сараптауды қажет етеді. Қызметкердің еңбек өмірінің дамуы үшін үздіксіз оқыту мен дайындық өте маңызды. Жапонияда адам ресурстарын ұзақ мерзімді дамытуға дотациялар бөлініп отырады, бұл жеке секторда жүйелі түрде оқыту мен дайындықты жүргізуге жәрдем беруге негізделген. Қазіргі күндегі персонал дамуы тәрбиелеудің күрделі үрдісі, оның соңғы мақсаты ұйымды жоғары білікті, оңай оқытылатын, шығармашылық, ұйым алдында бүгін және болашақта тұрған міндеттерді шешуге қабілетті, персоналмен қамтамасыз ету. Алайда республиканың тігін өнеркәсібі саласында персоналдың дамуына ешқандай қажетті көңіл бөлінбеуде. Қазіргі уақыт жағдайында кәсіпорын клиенттер сұранысын қанағаттандыратын, біліктілігін өсіретін курстар құру қажет. Оқыту бағдарламасы кәсіпорын өкілдерімен келісілген, оқыту ақысы тыңдармандарды қанағаттандыруы қажет, тек осындай жағдайда ғана кәсіпорын басшылары тарапынан өз кадрларын оқыту мен қайта даярлауға сұраныстар түсе бастайды. Орталықтар техникалық бағдарламалары бойынша, маркетинг, менеджмент, бизнес саласындағы бағдарламалар бойынша оқытылуы қажет. Персоналды басқарудың американдық немесе жапондық басқару тәжірибесінің қайсысы дұрыс деп жоруға болмайды. Кадрмен жұмыс істеудің шетелдік тәжірибесінен еліміздің экономикалық даму жағдайына сәйкес келетін персоналмен жұмысқа оңтайлы бағытталған қағидаларын таңдап алу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер: Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы
Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС
С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана
Н. Айдархан « "Менеджмент" мамандығы» massaget.kz
Татарников А.А. Управление кадрами в корпорациях США, Японии, Германии.
Мескон М.Х„ Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента: Пер. с англ. - М.: Дело