|
|
бет | 2/4 | Дата | 27.04.2023 | өлшемі | 1,29 Mb. | | #87456 |
| Байланысты: 10-дәріс. (копия) - Мезофилдер (грекше mesos-орташа, philein-сүю) орташа температурада өседі.
- Мезофилдерге адамдар мен жануарлардың ауру қоздырғыштары, сапрофиттердің көпшілігі, аммонификация және ашу, тағыда басқа процестердің микроорганизмдері жатады.
- Мезофилдер үшін
- минималдық температура – 10°С,
- қолайлы температура – 30-37°С
- максималдық температура – 40-45°С.
- Мезофилдер кез-келген су ортасында, сондай-ақ топырақта немесе өсімдіктерде тіршілік етеді.
- Listeria monocytogenes, Streptococcus pyogenes, S.pneumoniae, Bacillus cereus, Corynebacterium diphtheriae.
Термофилдер - Термофилдер (termos-жылы, philein-сүю, жылу сүйгіштер) өздерінің дамуы үшін жоғары температураны қажет етеді.
- Ыстық су көздерінде, адам және жануарлардың ас қорыту жолдарында, ыстық ауа-райлы аудандардың топырақтарында кездеседі.
- Термофилдік микрорганизмдер көңнің биотермиялық зарарсыздануы, бурыл шөпті дайындау, шөпті сүрлеу сияқты биологиялық процесстерге қатысады.
- Desulfurococcus mobilis, Bacillus pallidus, Bacillus thermocloaceae, Clostridium spp
- Термофилдер үшін
- минималдық температура – 35°С,
- қолайлы температура – 50-60°С
- максималдық температура – 70-75°С.
Микроорганизмдерге құрғатудың әсері. - Микроорганизмдер спорасы денесінде ылғал кем болғандықтан, ұзақ жылдар бойына тіршілігін жоймай сақталады.
- Құрғату, әсіресе микроорганизмдердің вегетативтік клеткасына күшті әсер етеді.
- Әр түрлі микроорганизмдердің құрғақшылыққа қатысы да түрліше.
- Мәселен сүт қышқылы бактериялары тіршілігін құрғақшылық жағдайда 10 жылдай жоймайды, туберкулез таяқшасы 3-9 айдай сақтайды.
- Құрғатқанда микроорганизмдердің тіршілік процесі баяулайды, көбеюі тоқталады.
- Сондықтан ет, балық, сүт, түрлі жеміс және басқа да тағамдарды құрғату арқылы сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|