Жарық, негізінен зат алмасу процесінде жарық энергиясын пайдаланатын микроорганизмдер үшін ғана қажет, ал басқа микроорганизмдерге тікелей әсер ететін сәуле аса зиянды.
Паразит бактериялардан гөрі сапрофит микроорганизмдер күн сәулесіне төзімді келеді.
Туберкулез таяқшалары, сүзек және топалаң микробтары күн сәулесінен тез қырылады.
Шашырап тускен кун сәулесінің күші тікелей түскен сәулеге қарағанда әлсіздеу болатыны белгілі.
Дегенмен, шашырай түскен сәуле ұзақ әсер етсе, микроорганизмдер тіршілігі тежеледі.
Сондықтан да лабаратория жағдайларында микроорганизмдерді қараңғы жерде сақтаған жөн.
Күн сәулесінің осы қасиетінің гигиеналық маңызы бар.
Микроорганиздерге әсер ететін химиялық факторлар
Химиялық факторлардың ішінде орта реакциясының айтарлықтай маңызы бар.
Микроорганизмдер белгілі бір дәрежедегі қышқыл немесе сілтілі ортада көбейіп, дами алады.
Көптеген бактериялары үшін ең қолайлы орта – нейтралды немесе шамалы сілтілі, ал зең саңырауқұлақтар үшін шамалы қышқыл орта қолайлы.
Орта реакциясы pH таңбасымен белгіленеді, оның мәні 0-14 интервалын құрайды.
Алкалофилді микроағзалар сілтілі орталарда жақсы өседі (рН 10 және одан да жоғары), ацидофилді микроағзалар - рН 3 және одан да төмен орталарда өседі.
Микроорганиздерге әсер ететін химиялық факторлар
Лабораториялық жағдайда микроорганизмдер үшін қоректік орталар даярлауда рН керсеткішінің зор маңызы бар.
Мәселен, ауру қоздырушы — патогенді бактериялар үшін рН мөлшері 7,0—7,6, ал зең саңырауқұлақтар мен ашытқы саңырауқұлақтары үшін — 3,0—6,0 шамасында болуы тиіс.
Микроорганизмдердің споралары, олардың вегетативтік клеткаларына қарағанда, ортаның реакциясының өзгеруіне төзімді келеді.
Химиялық улы заттар
Химиялық улы заттар микроағзалардың өсуін тоқтатады (бактериостатикалық әсер) немесе оның жойылуына әкеп соқтырады (бактерицидті әсер).
Химиялық қосылыстардың әсер ету сипатына қарай топтарға жіктеледі:
жасуша қабығын бұзатын беткі белсенді заттар – май қышқылдары, сабын, детергенттер және т.б.;
цитоплазманың ақуызына әсер етеді - фенол, крезол және оның туындылары;