Табиғат жағдайында микроорганизмдер тек ортаға әсер етіп қоймайды, ортамен өзара белгілі бір қарым-қатынаста болады.
Кейде бір микроб екінші микробтың дамуына қолайлы жағдай жасайды. Мұндай құбылысты симбиоз деп атайды.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің түйнек бактерияларын көміртекті және минералдық заттармен қоректендірсе, олар азотты ауадан сіңіріп, өсімдіктерді азотпен қамтамасыз етеді.
Осындай жағдайды біз өсімдіктер мен саңырауқүлақтар арасынан кездестіреміз. Мұны микориза деп атайды.
Табиғатта микроорганизмдердің бір тобы екінші тобына қорғаныш болады және солар арқылы тіршілік етеді.
Бұған көптеген сапрофит микроорганизмдердің, жануарлар мен адамдардың ішектерінде (ішек таяқшасы) және терісінің сыртында (коккобактериялар) тіршілік ететіні мысал бола алады.
Осындай тіршілік формасын комменсализм деп атайды.