Пән: «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы



бет5/10
Дата02.03.2023
өлшемі31,92 Kb.
#71151
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекция

Пән: «Орман тауарларын тану»
Дәріс № 4
Тақырып: Сүректің физикалық қасиеттері
Сүректің химиялық құрылысын бүлдірмей қоршаған ортаның әсер еткен күштері арқылы жүретін процестерді физикалық әсер ету күштері деп атайды. Сүректің физикалық қасиеттеріне: сыртқы түрі, исі, макроқұрлым көрсеткіштері (1см жылдық қабаттардың саны мен кеш сүрек пайызы) ылғал және онымен байланысты өзгерістер (кебу, ісіну, шытынау және майысу) тығыздығындағы электр дыбыс және жылу өткізгіштігі жатады. Сүректің сыртқы түрі-келесі қасиеттермен сипатталады: түсі, жылтырауы, текстурасы (кескіндегі сүректің суреті) және макроқұрлымы. Сүрек түсі дегеніміз - жарық ағынынан (күнсәулесінің) спектрлік шағылысу құрамына байланысты белгілі бір көру сезімін айтады. Сүректің түсі негізгі сипаттамалардың бірі-жиҺаз жасағанда ірі қабырғаларын өңдегенде музыкалық аспаптармен әсемдік бұйымдарды дайындағанда сүрек түсін ескереді.
Отандық ағаш түрлерінен еменнің, шамшаттың, ақ қарағанның тас қатпарлы бархыт ағаш сүректері түсімен ерекшеленеді. Ал шетелдік ағаш атиал ағашы және махагони (қызыл түсті сүрегі бар) өте жоғары бағаланады.
Сүректің жалтырауы дегеніміз - белгілі бір бағытта күн сәулесін шағылыстыру қабілеттілігін айтады. Әртүрлі ағашта бұл қабілеттілік әр қилы болып келеді. Бұл қабілеттілік шамшатта, үйеңкіде, ақ қарағанда, шынарда жақсы байқалады. Сәтен тәрізді жалтырау теректе, жөкеде, көк теректе, тисс ағаштарында, жібек тәрізді жалтырауық-талда, шегіршінде, шағанда, мойылда; алтын түстес жалтырау - қызыл шиеде; күміс түстес жалтырау - сібір самырсынында айқын көрінеді. Сүректің жалтырауы өзек сәулелерінің санына және мөлшеріне ғана емес, олардың кескінде орналасуына тығыз байланысты. Неғұрлым өзек сәулесі ірі болса (емен) немесе тығыз болса (үйеңкі) соғұрлым жалтырауы жақсы көрінеді. Ол сүректің декаративті сапасын жоғарлатады. Әсіресе мозайкалы безендіргенде ескеріп отырады.
Сүрек текстурасы дегеніміз - сүрек құрылысының ерекшелігін көрсететін өңделеген беткі қабаттағы беткі сүрек талшықтарының табиғи суреті. Ол жеке ағаш түрлерінің анатомиялық құрылысына және кескін бағытына тікелей байланысты болады. Текстура жылдық қабаттардың енімен ерте және кеш сүректің боялу айырмашылығымен өзек сәулесінің ірі түтікшелерінің болуымен сүрек талшықтардың орналасуымен (толқынды, шимайланған) анықтылады. Сүректің декоротивті бағаланауын текстура анықтайды. Беткі қабатқа лак жағу арқылы бұл қабілетті күшейтуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет