Дәріс № 2 Тақырып: Сүректің макроскопиялық белгілері Шелқабық және ядро. Ешқандай құралсыз ағаш бөлігінде осы екі бөлікті байқауға болады. Кейбір ағаштар біркелкі орналасса, басқаларында ядро ағаштардың ортасында қошқыл түсті болып анық көрінеді. Осы қошқыл түсті бөлікті ядро деп атайды. Ал сырттан орап тұратын ақшыл түсті бөлігін шелқабық деп атайды. Кейбір ағаш түрлерінде орталық бөлігі ядросы шелқабықтан түсі бойынша ажырамаса, бірақ ылғал мөлшері бойынша аз болса, оны піскен шелқабық деп атайды немесе көбінесе піскен сүрек деп те атайды.
Ағаш діңінде ядросы бар ағаш түрлерін ядролылар, ал піскен сүрегі бар түрлерін піскен сүректілер деп атайды. Егер орталық бөлігі және сыртын қаптап тұрған шелқабық бөлігінде ылғал біркелкі болса, мұндай ағаш түрін шелқабықтылар деп атайды.
Ядро жақсы көрінетін ағаш түрлері: Қылқан жапырақтылар: қарағай, балқарағай, кедрлі самырсын, арша, тисс. Жалпақ жапырақтылар: емен, шаған, шегіршін, қарағаш, грек жаңғағы, тал, терек, шетен.
Шелқабықтылар: қайың, қандыағаш, жөке, қызыл қайың (граб), үйеңкі, самчит, алмұрт.
Піскен сүректілер: шырша, самырсын, қылқан жапырақтылар.
Жылдық қабаттар. Планетамыздың қоңыржай белдеулерінде өсетін ағаш бұта түрлерінде, ағаш діңінде жылдық қабаттар пайда болған. Оны біз сақина түрінде көреміз. Сондықтан жылдық сақина деп атайды. Ол екі бөліктен тұрады. Ақшыл түстісін сыртқы, ал қошқыл түсін ішкі деп атайды. Ақшыл түсті ерте көктемнен жаздың ортасына дейін пайда болады. Бұл кезде ағаштар қысқы оянудан кейін қарқынды түрде өсе бастайды. Сүректе анатомиялық элементтер жылдам түзіле бастайды. Яғни олар жұмсақтау және ірілеу болады. Ал жаздың ортасынан кейін ағашатар біртіндеп климат суый бастағандықтан, қысқы мерзімге дайындала бастайды. Өсу қарқыны төмендейді. Сүректің тығыздығы жоғарлайды. Сондықтан бұл қабаттың түсі қошқыл болып келеді. Ол кеш сүрек деп аталады.
Шайыр жолдары. Ең ірі шайыр жолдары кедрдің орташа диаметрі - 0,14мм, қарағай - 0,1мм, шырша - 0,09мм, балқарағай - 0,08мм. Шайыр жолдарының көп мөлшері қарағайда, кедрде кездеседі. Ең азы балқарағайда және шыршада кездеседі.