Пән: «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы



бет4/10
Дата02.03.2023
өлшемі31,92 Kb.
#71151
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекция

Гемицелюллоза - полисахаридтер тобы, молекула тізбегі қысқа және беріктігі төмен.
Экстрабелсенді заттар - (шайыр, калид, пектин, май, илік заттар, бояғыш заттар) суда, спиртте және эфирде ериді. Сүректі шикізат ретінде химиялық өнеркәсіптің үш саласы (целюллоза-қағаз, гидролиз, орман химиялық өнеркәсіп саласы) тұтынады.
Целюллоза қағаз өнеркәсібінде-картон қағаз және басқа целлюлоза материалдары дайындалады.
Целюллоза химиялық беріктігі жоғары болғандықтан оны өндіруде үш түрлі тәсілдер тобы қолданылады.
1.Қышқылды тәсіл - сульфитті, бейсульфитті.
2.Сілтілі тәсіл - сульфатты, нейтралды.
3.Нейтралды тәсіл.
Сүректі қыздырғанда ауа жібермеген жеғдайда пейролиз процесі жүреді. Нәтижесінде ағаш көмірі, ағаш қойылтпағы және газдар пайда болады.
Ағаштың көмірі - ылғал сіңірумен ерекшеленеді. Оны өнеркәсіп ерітінділерін қант өндірісінде қалдық суларды, түсті метелдарды еріткенде медициналық преппараттар дайындағанда қолданады. Жартылай электр өткізгіштермен электродтарды (радиотехника) тазалауда және басқа да мақсаттарда қолданады.
Сүрек пиролизі кезінде пайда болған газдарды отын ретінде қолданады.
Қышқыл ерітінділерімен сүректің әсерлесу кезінде целюллоза мен гемицелюллозаның гидролизі пайда болады. Мұнда олар қарапайым қантқа (глюкоза, псилоза және тағы басқалар) айналады. Осы қанттарды химиялық қайта өңдегенде ксилит, сорбит және басқа өнімдер алынады. Бірақ гидролиз өнеркәсібі негізінен қанттарды биохимиялық өңдеуді әрі қарай жалғастыруға негізделген. Гидролиз реакциясы өте жоғары температурада (150-190º) орындалады. Гидролизатты (қарапайым қанттың су ерітінділері) суыту кезінде бу түзіледі. Осы конденсаттан фурфурол алынады. Оны пластмаса, синтетикалық талшық (нейлон), шайыр өндірісінде медициналық преппараттарды (фурацилин және тағы басқа) бояғыштарды және басқа өнімдерді дайындағанда қолданады. Гидролизатты әрі қарай өңдегенде азықтық ашытқылар (дрожж), этил спирті (этанол), көмірқышқыл газы алынады. Этанолды қылқан жапырақты ағаш сүрегінен алады, оны еріткіш ретінде қолданады.
Орман химиялық өнеркәсіптің шикізаты үшін төмен сапалы сүректен басқа экстра белсенді заттарға қолданады. Қылқан жапырақты ағаштар шайыр діңді жарақаттау арқылы алынады. Оны орман-химиялық кәсіпорында өңдеп алады, мұнда айдау процесі арқылы ұшпа зат скипидар және канифол қайнатылып алынады.
Скипидар синтетикалық камфора өндірісі үшін лак, бояу өнеркәсібінде еріткіш ретінде пайдаланады.
Камфора - целюллоза, лак. Кинопленка өнеркәсібінде қолданылады.
Канифоль - каучук, қағаз, нитралак өндірісінде қолданылады.
Илік заттар көбінесе таннидтер-тал, шырша, майқарағай, балқарағай қабығынан және емен мен талшын сүрегінен алынады және тері илеуде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет