Пән: Өзін – өзі тану Мектебі: Күні: №: 15 Мұғалімі: Сыныбы



бет2/4
Дата25.05.2023
өлшемі26,08 Kb.
#97247
1   2   3   4
3. Сабақтың дәйексөзі.
(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)
Өмірдің ҿкінбейтін бар айласы, Ол айла – қиянатсыз ой тазасы. Мейірім, ынсап, ҽділет, адал еңбек, Таза жүрек, тату дос – сол шарасы.
Шәкәрім
Сұрақтар:
2. Өз бойыңызда қандай қасиеттерді тәрбиелегіңіз келеді? 
3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?




4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).
Мамандық таңдау.
1. Ең бірінші оқушы өзіне деген сенімін және өзін -өзі құрметтей білуі керек.
2. Өзіңіздің шын тілегіңізді аша біліңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Шынымен маған не қажет?» «Қайда жұмыс жасағым келеді?»
3. Мамандық алу және маман болу үшін көп нәрсені үйренуің керек. Мамандықтардың талаптары туралы білуге, содан кейін жеке қасиеттеріңмен сәйкестендіру, яғни кәсіби жоспар жасау. (Сіз кіммен араласасыз? Соның бәріне мынандай сұрақ қойыңыз: Ол қайда оқыды? Неге бұл мамандықты таңдады? Ол мамандық ұнай ма? Ұнаса, неге ұнайды?)
4. Өзіңнің мамандануыңдағы ең басты да түпкі жетістігіңді анықта. (Қазіргі замандағы мамандықтардың маңызы не? Кез келген жағдайда мамандық әлемінде қажетті болу және өмір сүруге не керек?)
5. Кез келген арманды іске асыра біл.
6. Сізге, мемлекет үшін де, қоғам үшін де- компьютерлік сауаттылық, тілдер білу және адамдармен тіл табысып, оған қоса өзіңді жақсы білуің керек.
Бес қадам маңызды жолдағы дұрыс қадам- қоғамда сіздің қажетті болуыңызға және арманыңыздың орындалуына себебін тигізері сөзсіз. Мамандық таңдауда оның 5 қадамын жоспарлау керек:
1. Арман (тілек)
2. Көз жеткізу (қажеттілік)
3. Жоспарлау
4. Әрекет
5. Игеру.

Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:
«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».
ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;
ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;
ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.
Сұрақтар:
1. Адам өзін белгілі мамандыққа қашан, қалай дайындалуы керек деп ойлайсыз?
2. Мамандық таңдаудың бес қадамы.
3. Адам қалай арманына қол жеткізе алады екен?
4. Мамандық таңдаудың формуласы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет