Пән: Педагогика


Оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар



бет2/2
Дата11.03.2022
өлшемі37,84 Kb.
#27533
1   2
Оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар

Оқу жоспары– оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемелекеттік құжат.

Типтік оқу жоспары Оқу министрлігінде жасалынып барлық орта мектептерге ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне орай да жасалынады. Шағын комплектті, сегіз жылдық, ұлттық мектептерде жоспар өзінше құрылады.

Оқу жоспары қоғамның мектеп алдында қойған мақсатымен тығыз байланысты. Оқу жоспарында жеке пәндер педагогикалық заңдылықтарға, бірізділік және жүйелілік принциптеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне, санитарлық – гигиеналық талаптарға сай орналасады. Жеке пәндердің белгілі бір реттілікпен оқу жоспарында берілуі олардың өзара логикалық байланыстылығына тәуелді. Оқу пәндері міндетті және таңдаулы деп бөлінеді.

Оқу бағдарламалары оқу жоспары негізінде құрастырылады. Оқу бағдарламасының құрамы:

– аталмыш пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білімдеріне, біліктер мен дағдыларына қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын, оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын түсінік хат;

пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар;

негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі;

әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері;

пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар;

әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі;

ұсынылған әдебиет.

Сонымен, оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндер бойынша бағдарлама құрылады. Ол түсінік хат, негізгі бөлім және әдістемелік аппаратынан тұрады.

Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалықтардың өсуіне байланысты оқу бағдарламалары қайта қаралады. 1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне, ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде. 1999 жылы қабылданған “Білім туралы” заңға байланысты білім беру саласын демократияландыру, гуманитарландыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге сай білім беру саласының құрылымына, мазмұнына, сипаты мен оқу жоспарына, оқу бағдарламасы мен оқулықтарға өзгерістер енгізілді.

Бағдарлама жасауда кейбір кемшіліктерді атап өткен жөн болар:

оқушылардың түсінігіне қиын оқу материалын енгізу;

курсаралық байланысты ұмыту;

Оқу бағдарламасы оқушыларға оқу әдебиеті арқылы жетеді. Оқу әдебиетіне оқулықтар, анықтамалар, қосымша кітаптар, есептер мен жаттығулар жинақтары, атластар, карталар, жұмыс дәптерлері жатады. Солардың ішінде басты назар оқулыққа арналады. Жақсы оқулық оқушыны нәтижелі оқуға жетелейді.

Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.

Оқулыққа қойылатын негізгі талаптар:

оқу бағдарламасына сәйкес болу;

оқушылар үшін ұғымды, қысқа және қызықты болу;

көрнекіліктермен жақсы жабдықталу;

тілі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;

тексеру, өзін–өзі тексеру және оқу нәтижелерін түзетуге арналған сұрақтар мен жаттығулардың болуы.

Оқулық оқушылардыњ оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамассыз етуі керек.

Оқулыққа қойылатын талаптар күрделі болғандықтан соңғы кезде әрбір пәннен бірнеше нұсқада оқулықтар, оқу құралдары жарыққа шығуда. Дәстүрлі кітаптармен қатар аудио – видеокассеталар және компактдисктерге жазылған оқулықтар пайдаланып жүр.



Негізгі ұғымдар:білім беру, білім мазмұны, мәдениет, пәнаралық байланыс, оқушылардың оқу мүмкіндіктері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет