Пән: Психология Тексерді: Тұрсынбаева Н. Б


Ес туралы ілімдегі оның материалистік және идеалистік көзқарастар



бет4/7
Дата06.01.2022
өлшемі33,73 Kb.
#13649
1   2   3   4   5   6   7
Ес туралы ілімдегі оның материалистік және идеалистік көзқарастар арасындағы талас-тартыстың, екінші жағы идеалиетік бағытты құрды. Алайда, бұл бағытта ее жөніндегі теориялық көзқарастар мен ой-пікірлерді кемелдендіріп, бір ізге түсіре алмады.

Істің шындығына келсек, соңғы жылдарда жарыққа шығып бой көтерген материалистік көзкарастар ес жайында елеулі бетбүрые жасап, оның дамуына қатысты ілімді өріс-тетуге өзіндік бағдар тудырды деуге болады. Бергсонның орнын биологтар, лабораторияларда зертгеу жүргізуші мамандар және емдеу орындарында қызмет атқарып, ғылыми жұмыспен шұғылданатын зертгеушілер толықтыра түсті. Бұл мамавдарды ес жайында диуалистік көзқарас пен Бергеонның тәжірибе нәтижелері толық қанағаттандырмады. Олардың жасаған тәжірибелері мен шығарған қорытындьшары арасындағы айырмашьшықтар біріне-бірі үйлесім таппай, бұл зерттеуші мамандардын ашу-ызасын тудырады. Естің екі түрін біріктіріп біртұтас процесс деп қарастыру қажет деген пікірлер көтерілді. Сөйтіп, біріне-бірі қайшы екі жақты біріктіріп, ес туралы бірыңғай көзқарас пайда болғанымен, ондай көзқарас материалистік философия принцинтерінен алшақ жатты. Ес жайында жаңаша көзқарас жасап белгілі болған ілім А.Семонның мнеме (ес) туралы пікірлері еді. Бұл пікірлер бойынша ес адамдар мен хайуанаттарға, өсімдіктер дениесіне де тән қасиет деп саналды.

Бір жағынан алғанда бұл ілім Э.Геринг ізін қуса, екінші жағынан қарағаңда нағыз идеалистік көзқараска әкеп тіректелген-ді. Мүндай теорияның шарықтау шегі Блейлердің көзқарасынан айқын көрінді. Бұл көзқарастың мақсаты витализм мен механизмнің өзара жігін пайдалана отырып, үшінші бір өзіндік жол табу еді. Соған орай Блейлер өзінің еске арнаған «Механицизм, витализм және мнемизм» деген енбегін жазды.

Сөйтіп, ес жайындағы ілім тығырыққа барып тірелгенде витализм мен механицизм мәселелерін өздігінен шешуге әрекеттеніп, табиғат зертгеуші ғалымдардъщ ой-пікірлерін дамытуға ашықтан-ашық кедергі жасап, оларды делбе ауыруына үшыратты.

Мнемизм, витализм және механицизмді тырырықтан шығарып аяу мақсатына арналған идея екеңдігі алда баяндалады. Мнемизм, ең алдымен, фактілерге сүйенген материаддарға негізделіп құрылды. Семон да Бергеон сияқты, есті екі жағынан қарастырды. Бірінші жағынан келгенде ес – сананың тірегі, бір нәрсенщ мән-жайын ұғыну үшін бүрын бастан кешірген нәрселердің бағыт-бағдарын есте сақтау. Екінші жағы Э.Блейлер 1921 ж. жазған енбегінде біздің санамызда нәрселердін бейнесі (психобейнесі) сақталуға тиіс, бұл бейне психоид деп аталады. Осы термин аршлы ол жанды және жансыз заттардың бәріне тән қасиеттерді ол психобейнелер деп санайды.

Блейлердің идеясы бойынша естің атқаратын қызметі сана мен материя аралығына көпір салу. Жансыз материяға. тән қасиет оның созымдылығы, оған әрқилы әсер еткен нәрселер із қалдырады. Блейлер шәкірттері іздестіріп жинақтаған мол мате-риалды пайдалана отырып, жансыз материаға бұрын әсер еткен нәрселердін іздері қалайша сақталғанын жазады, Блейлердің ойынша жансыз нәрселерде сахталған іздер үздіксіз саты құрастырады, сол сатылар арқылы біздер материя мен рух ара-сындағы байланыстарды табатын дәрежеге көтерілетін көрінеміз.


Міне, өздеріңіз байқап отырған қазіргі буржуазиялық психологияда ес мәселесіне қатысты философиялык талас-тар-тыстың басты ерекшеліктері осындай. Сонымен бірге, ғылымдағы белгілі бір мәселе жайында дағдарыстың пайда болуы бір ғана көзқарас шенберімен шектелмейді, мұндай мәселенің түйінін шешуде, біздер пікірталастарын өрістетіп отыруға жол ашамыз. Ондай талас-тартыстар тек әр алуан көзқарастар мен ой-пікірлерді ортара салып талқылаумен тұйықталмай, жалпы философиялық бағыттағы түрлі көзқарастады, тиісті мәселелерді жете зерттеп, теориялық қорытындылар жасауды да қамтиды.

Мұндай күрестің негізгі бағдары, ең аддымен, атеистік және құрылымды көзқарастар арасындағы жігі меи байланысты қатынасының мәнін анықтауға арналған. Ассоциация психо-логиясының негізі түгел дерлік ес процесіне тіректелген. Сон- дықтан ес процесімен қатар, ассоциация психологаясында қабыл-дау, ерік процестерін зерттеуге де жете мән берілген. Бұл пси-хологияда еске қатысты заңдар барлық дерлік психологиялық кұбылыстармен ұштастырылған. Сөйтіп, ес туралы ілім бүкіл психологиясы ес туралы. ассоциация психологиясының прин-циптеріне тізесін батыра алмады, өйткені құрылым психологиясы мен атомистік бағыттар негізінен қабылдаура байланысты мәселелерді барынша терең іздестірумен шұғылдаңды да, тек соңғы жылдары ғана құрылым психологиясы ее жөніндегі ассоциация психологаясының көзқарастарын одан әрі дамытуды ойластырып, практикалық және теориялык мәні бар зерттеу жүргізе бастады.

Мұндай зерттеулердің алға қойған бірінші мақсаты – есте сақтау мен естің атқаратын қызметін де, қабылдау сияқты, құрылым психологиясының заңдарына жатқызуды көздейді.

Көптеген тыңдаушылар К.Готтшальдтің Москвада Психология институтында жасаған баяндамасынан хабардар, соның артынша автор өзінің зертгеу жұмысының арнаулы бөлімін жариялады. Зерттеуші әрқилы тұлғалардың аралае қосындыларын түрлендіріп сыналушыларға ұзақ уакыт бойы көрсетіп отырды. Соның нәтижесінде сыналушылар өздері көрген тұлғаларды қатесіз меңгеріи адды. Алайда сыналушылар өздері бұрын көрген тұлғалардың құрылымын өзгертіп, оларды сыналушылрға көрсеткеңде, олар өздері бұрын көрген тұлғалардың күрделенген құрылымын алғаш рет көріп, оны есінде қалдыруға тырысты. Бұл тұлғаның бөліктерін бұрын 500 ретке дейін көрген-ді. Ал енді сол тұлғалар жаңа құрылым етіп көрсетілгенде, бұрынғы жүздеп көрген бөлшектерді тани алмады, ал сыналушы өзіне бұрыннан белгілі болған бөлшектерді ажырата алмады. Келердің ізін қуған Готтшальд бұл жәйтті былай деп түсіндірді: көрген бейнелердің жиынтығын тану не оларды есте сақтау психикалық әрекеттері мен құрылым зандарына тәуелді, немесе сол заттарды тұтас түрде қабылдап танып білу, олардың бөліктері не бөлшекгеріне жете назар салып, оларды біріктіре білу қабілетіне байланысты келеді дейді. Мен Келердің, біздерге өзге тақырыптардан белгілі, хайуанаттармен жүргізген тәжірибесін еске байланыстырып баяндаудың қажеті бола қоймас деп санаймын.

Екінші мақсат, К.Левиннің мағынасыз буындары есте сақтауға арңалған зерттеулері. Мағынасыз материалдарды есте сақтауда олардың бөлшектері арасында құрылым жасау мүмкін емес. Алайда, есте сактау үщін ондай материалдар адам сана-сында ес арқылы белгілі жүйеге келтіріліп, оларды бөлшектерге бөліп жаттап алғанда ғана есінде сақтай алады.

Өзге бір зерттеулер естің қызметін басқа салаларға пайдалануға арналған. Бұл аталған зерттеулерден кейбір мәселелердін жай-жапсарын шешуге қолдану үшін тек екі жұмысты атап өтейін.

Біршшісі Б.В.Зейгарник зерттеулері аяқталған және аяқталмаған іс-әрекеттерді есте сақтауға қатысты, соған байланысты аяқталған және аяқталмаған тұлғаларды қамтиды. Бұл зерттеу бойынша сыналушыға реттелмеген бірнеше әректтермен шұғылдану талабы қойылды да, олардың бірнешеуін аяғына дейін орындауға мүмкіншілік беріледі, ал кейбіреулерін бітірт-пей-ақ кідіртеді. Аяғына дейін бітірген істерден гөрі, аяқталмай қалған істер есте екі есе артық сақталатыны анықталған; мұндай әрекет қабылдауға байланысты жүргізілген тәжірибелерде, керісінше, аяқталмаған істерге қарағанда аяқталып біткен істердің бейнесі есте жақсы сақталған. Басқаша айтатын болсак, адамнын өзі аткарған іс-әрекетгері мен көру арқылы қабылдаған бейнелерді есте сақтау заңдылықтары түрліше болатындығын көрсетеді. Мұндай тәжірибелер ес процесіне қатысты құрылым психологиясының зертгеулеріңдегі ниеітін ұмытылуы туралы мәселені анықтауға мүмкіндік тудырады. Кез келген ниеттін пайда болуы біздің ес процесімізді кажет етеді. Егер мен бүгін кешке бір жұмыст істеуім керек болса, онда мен сол жұмысты орындауды есте сақтауым керек. Спиноза айтқан нақыл сөзде былай депті: «Егер адамның жан дүниесі не істейтінін есінде сақтамаса, онда жан өздігінен ешнәрсені де істей алмайды. Ниет дегеніміз жадта сақтау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет