Пән: Психология Тексерді: Тұрсынбаева Н. Б


Баланың ойлау әрекеті толығымен ес процесіне тіректеледі



бет7/7
Дата06.01.2022
өлшемі33,73 Kb.
#13649
1   2   3   4   5   6   7
Баланың ойлау әрекеті толығымен ес процесіне тіректеледі. Баланың заттарға қатысты елестерінің құрылымы туысқандық әулет құрылымына ұқсас деуге болады. Сөздердің атаулары, құбылыстар балалар үшін тек таныс ұғымдар емес, бір әулеттің (семьяның) ұрпағы, көрнекі заттардың тұтатық тобы, олар өзара байланысты.

Бала ойлауын психикалық даму тұрғысынан алып қарастыратын болсақ оның негізінен көрнекі бейнелерге тіректеліп, процесімен тығыз байланысты екендігіне көз жеткіземіз. ондай-ақ бала дамуының бастапқы кезеңіңдегі абстракті ойлауында да жетекші роль атқарады. Ал баланың балдырғандық кезеңінің соңында оның ойлау әрекетінде елеулі өзгерістер болады. Егер баланың сәбилік кезеңі мен балдырған кезеңінде оның ойлауы еске түсіру сипатыңда болса, ал жеткіншек жастарында жеке түсіруі күрделене түсіп, ойлау әрекетіне ауысады. Сол ойлау әрекеттері арқылы жеткіншектер нәрселер мен құбылыстардың артты байланыстарын іздестіреді, қисынды ойлауға бет бұрады, сөйтіп олардың еске түсіру әрекеті енді іздену арқылы нәрлердің негізгі, тұрақты нәнін, құбылысқа тән қажетті нүктені табуға ұмтылып, ойлау әрекеттерін өрістетеді.

Ойлаудың қисында жүйелерін табу жеткіншектер ойлауынын көрнекі бейнелерден абстракциялауға қарай даму жолына түскендігін көрсетеді. Балалар дамуының өткіншек кезендегі ойлау әрекетіне тән ерекшеліктер ұгым құру, нәрселердің мән белгілерін ойлау әрекеітерінің көмегімен ажырата білу, абстракциялык ойын жетілдіріп, нәрселердің жалпы және манызды тұрақты қасиетгерін танып білу болып табылады.

Сөйтіп біздер бала дамуының бастапқы кезенінде нәселер туралы комплексті ойлау сипатының одан әрі дамуын елеулі өзгерістерге ұшырап отыратындығын байқаймыз. Баланың даму кезеңдеріне орай белгілі материалды есте сақтауы және оны комплексті түрде ойланып ұғым құрай білуге әрекеттенуі оның сан алуан психикалық әрекеттерін дамытып отыруға жетелейді. Мысалы, алдында жатқан затты есте сақтап, онын ерекшелікте мен белгілері жайында ойлануы – бұл ойлаудың жүйелі түрі екендігін көрсетеді. Ол бұл затты өзге аспап-құралдар арқылы танып білуге әрекеттенеді. Мұндай тәсілдердің бәрі еспен байланысты ойдың көрнекілік тұрғыдан дамуы. Ойлау әрекетінің бұл екі түрлі тәсілін нәрселердің белгі-қасиеттерін танып білу құрылымдары тұрғысынан түрліше мағынада болады.




Осы жәйттерге орай балалардың ес процесінің дамуы естің өзіндік өзгеруі деп саналмай, оның өзге де процестер; қызметінде қандай роль атқаруымен байланысты түрде іздестірілуге тиіс. Бала дамуының бастапқы кезенінде ес процесі жетекші қызмет атқарып, ойлау әрекетінің дамуына ықпал етеді, және абстракті ойлау әрекетінде ес енді басқаша қызмет атқаратын болады. Осы көрсетілген жәйттер балалар есінің төте жолмен дамуы жайындағы пікірдің шындықпен жанаспайтындығын көрсетеді және ес процесінің даму зандылықтарын түгел қамти алмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет