Пән туралы ақпарат



бет1/29
Дата25.11.2023
өлшемі0,78 Mb.
#126556
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

  1. Пән туралы ақпарат




Пәннің атауы/
Наименование дисциплины
ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы



Пәннің коды / Код дисциплины
GPPRK-3312

Кредит саны
6

Курс, семестр
3,5

БББ атауы / Название ОП
Заңтану

БББ коды / Код ОП
5В030100
6В04201

Кафедра
Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу

Факультет
экономика және құқық

Пәнді өткізу уақыты және орны / Время и место проведения дисциплины
оқу кестесі бойынша, № _1__ оқу ғимараты, __208_ ауд. __ / по расписанию, учебный корпус № _1_, ауд. __208___

Кеңес беру уақыты – оқу кестесі бойынша
/ Время консультации - по расписанию

Рейтинг кестесі (7, 15 аптасы)

Оқытушының А.Т.Ә., ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі /
ФИО преподавателя, ученая степень, ученое звание, должность
Рамазанова Айнур Серикхановна, доцент, з.ғ.к.

Байланыс ақпараты (телефон, e-mail)
/ Контактные данные (телефон, e-mail)
8(7232) 540-149, 87772981297,
e-mail – aynura_9999@mail.ru



2. Пәннің қысқаша мазмұны: / Краткое описание дисциплины:
Курстың өзектілігі: Азаматтық іс жүргізу құқығы жоғарғы заң оқу орындарында оқылатын оқу пәндерінің ішінде ең бір маңызды оқу пәні ретінде танылады. Әдетте құқық құрылымында құқықтық нормалардың екі үлкен топтамасы бөлініп шығады. Бір топтамасын материалдық (реттеуші) құқық салаларының нормалары құрайды. Олардың қатарына, мысалы, азаматтық, отбасы, қылмыстық, әкімшілік құқықтары жатады. Құқықтың басқа топтамасын іс жүргізу (қорғаушы) құқық салаларының нормалары құрайды.
Азаматтық іс жүргізу құқығының, немесе қысқаша азаматтық процесс ғылымы құқықтық білімдердің фундаменталды салаларының қатарына жатады. Оның маңыздылығы азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру кезінде қоғамдық қатынастарды реттеудегі азаматтық іс жүргізу құқығының объективті ролімен анықталады.
«ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы» курсында азаматтық процесстің әділ сот төрелігін жүзеге асыру бойынша қызметін, іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың ерекшелігін, соттың және азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, процесс сатылары туралы мәліметтерді, яғни азаматтық іс жүргізу құқығы басшылыққа алатын құқықтық категориялар туралы дұрыс түсінік қарастырылады.
Азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет