Пән туралы ақпарат



бет2/29
Дата25.11.2023
өлшемі0,78 Mb.
#126556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
680592070428 Новый силлабус о.о АІЖҚ 2020-2021

3. Мақсаты / Цель
Пәнді оқытудың мақсаты: «ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы» курсын оқудың мақсаты азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының негізгі теоретикалық ережелері туралы, азаматтар мен ұйымдардың субъективтік құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғаудың тетігі туралы, азаматтық іс жүргізу заңнамасының құрылымы мен құрамы және оны қолданудың сот тәжірибесі туралы студенттердің білімдерінің тұрақты жүйесі болып табылады.


4. Міндеттері: / Задачи:
Пәнді оқытудың міндеті – - азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары саласындағы азаматық іс жүргізудің теориялық негіздерін және азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары саласындағы заңдық терминдерді меңгеру;
- азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарын реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен өзіндік жұмыс жасау кезінде талдауға дағдылануды меңгеру;
- азаматтық-құқықтық дауларды қарау барысында даулы материалдық құқық қатынастарын заңдық сараптау үшін қажетті талдау жүргізу дағдысын меңгеру;
- азаматтық сот ісін жүргізу саласына азаматтық-құқықтық дауларды және келіспеушіліктерді реттеудің балама тәсілдерін барынша көп енгізу қажеттігін түсіну.


5. Компетенции / Компетенции
- логикалық және дәлелді ауызша және жазбаша сөйлеуді көрсете отырып, заңды ұғымдар мен санаттарға бөлу;
- кәсіби қызметте материалдық және іс жүргізу құқығының іргелі ережелері мен нормаларын қолдану;
- құқықтық мәдениетті, негізгі ақыл-ойды меңгеруін, өмір бойы оқуға ұмтылысын көрсету.
- болашақ мамандықтың әлеуметтік мәнісін ұғыну, кәсіби құқықтық сананың жеткілікті деңгейін меңгеру;
кәсіби міндеттерді адал орындауға қабілетті болу, заңгердің этикасы қағидасын сақтау;
ойлау мәдениетін меңгеру, жалпылама талдау, талдау жүргізу, ақпараттарды қабылдай білуге, мақсат қоя білу мен оған жетудің жолдарын таңдай білуге қабілеттілікке ие болу;
ауызша және жазбаша сөз сөйлеуді логикалық дұрыс, негізді және анық құра білуге қабілеттілікке ие болу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет