Пәнаралық байланыс ұғымы соңғы уақыттарда кең етек жайып, осы негізде ғылыми зерттеулер жүргізу өзекті проблемаға айналуда



бет2/4
Дата13.04.2023
өлшемі64,03 Kb.
#82022
1   2   3   4
Байланысты:
Ғылым мен техника дамыған қазіргі ХХІ ғасырда белгілі бір ғылымды жеке оқып

Өлкетану – белгілі бір жердің, қаланың, елді мекеннің бір бөлігін оқып білу. Мұндай жұмыспен жергілікті тұрғындар айналысады, себебі бұл аймақ оқушылар мен мамандар үшін (тарихшылар, биологтар, геологтар, архитекторлар, этнографтар, экологтар) туған өлке болып саналады. Мектептегі өлкетану пәні білім беру мен тәрбиелеуді өмірмен байланыстыратын маңызды құрал болып табылады. Өз өлкесінің бұрынғы және қазіргі өмірін білу, өлкенің жаңаруына тікелей ат салысуымыз үшін қажет, өйткені туған өлке – шегі жоқ әлемнің бір бөлігі. Өлкетану отансүйгіштік сезімді – Отанға деген терең махаббатты тудырады. Мектептегі өлкетану, жалпы өлкетанудың бір бағыты болғандықтан, оқушының адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық, еңбексүйгіштік, тұлғалық дамуының маңызды факторы болып табылады. Туған өлкенің өткенімен, қазіргі кезімен және жорамалды болашағымен, табиғи, экономикалық, тарихи, мәдени және басқа да ерекшеліктерімен танысу оқушының дүниетанымын қалыптастыруға жағдай жасайды. Бұл оқушының өзінің бір нақты ұлт өкілінің қатарына жататындығын түсінуіне және ол үшін мақтаныш сезімінің туындануына көмектеседі.
Нормативтік-құқықтық құжаттарға, вариативтілік ұстанымына сай, жалпы білім беретін мектепте білім беру мазмұнының аймақтық компонентін жетілдірудің мақсаты өз өлкесін, елді мекенін, қаласын не ауылын жақсы білетін және сүйетін, оның әдет-ғұрыптарын сыйлайтын, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштерін қорғайтын, көпұлтты Қазақстанның отаншыл азаматын тәрбиелеу.
Мектептегі өлкетану жұмысының өзіндік міндеттері бар. Бұл міндеттер оқушылардың өмірге, қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Білімдік міндеттері:
– өз елді мекенінің, өлкесінің тарихымен және қазіргі кездегі өмірімен, экономикасымен таныстыру;
– туған өлкенің табиғи ортасының алуан түрлілігі жайлы көзқарас қалыптастыру;
– тірі табиғат нысандары мен құбылыстардың бір-біріне тәуелділігін, байланысын, табиғат заңдарын оқып-білу;
– биология, география, химия, физика сабақтарында алынған білімді өмірлік тәжірибеде қолдана білу;
– өз елді мекенінің, ауданы мен облысының қазіргі кездегі өмірі және экономикасымен таныстыру;
– туған өлкесінің дамуы проблемаларын оқып-білуге жетелеу:
– табиғатқа дұрыс қарау нормаларын меңгерту;
– алынған білімді қазіргі кездегі экологиялық проблемаларды шешу барысында қолдана білу;
– туған өлке табиғатының ерекшеліктерін оқу;
– қажетті ақпаратты іріктеу дағдысын меңгеру.
Тәрбиелік міндеттері:
– өзінің туған өлкесіне, туған елі Қазақстанға деген патриоттық сезімін, сүйіспеншілігін тәрбиелеу;
төзімділікті, өлкенің көпұлттылық және көпмәдениеттілік жағдайында төзімді мінез-құлық қалыптастыру;
– отбасылық қарым-қатынасты нығайту, пәннің мазмұнымен тек оқушыны ғана емес, оның ата-анасын да қызықтыру, отбасылық мұрағаттар, аталар мен әжелердің басқа да туыстардың әңгімелері арқылы өлкенің тарихы жайлы білімді тереңдету;
– отбасы мүшелерімен бірге өлке туралы әдебиеттер оқу, фильмдер, бейнефильмдер тамашалау;
– өлкенің табиғатын, тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру жұмыстарына оқушылармен қатар ата-аналарды да қатыстыру;
– жергілікті халықтың алдында тұрған проблемаларды шешуге атааналармен бірге оқушыларды да қатыстыру;
– экологиялық мәдениет қалыптастыру;
патриоттық және эстетикалық, сонымен қатар табиғат алдында жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;
– ұжымда бірігіп жұмыс істеу, бір-біріне көмектесу, қолпаштау сезімдерін тәрбиелеу;
– балалардың бойында жақсы көру, барлық тіршілік атаулыға аяушылықпен қарау сезімдерін тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет