Пәндерінің барлық мамандықтарға арналған дәрістер жинағы Алматы, 2022ж. Модуль- 3



бет17/84
Дата05.12.2022
өлшемі460 Kb.
#54829
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   84
Алғашқы наным-сенiмдер Дiни наным формаларының бiрi португал сөзi fetiςoдан (магиялық зат) шыққан “фетишизм” деген атауды алды, ал ол өз кезегiнде factitus (магиялық шебер) деген латын сөзiнен шыққан. Оны алғаш рет Батыс Африкада португал теңiзшiлерi XV ғасырда тапқан, содан кейiн фетишизмнiң бiрқатар баламалары әлемнiң көптеген аймақтарында табылады.
Фетиш ретiнде адам қиялын несiмен болмасын таң қалдырған кез келген зат бола алады: ерекше формалы тас, ағаш кесегi, жануар тiсi, шебер жасалған фигурка, зергерлiк бұйым. Бұл затқа оның өзiне тән емес қасиеттер таңылады (дерттен жазу, жаулардан қорғау, аңшылықта көмектесу және т.с.с. қасиеттер). Егер мұндай затқа табынған соң, практикалық әрекетiнде адам табысқа қол жеткiзе алса, ол өзiне фетиш көмектестi деп санай отырып, оны өзiне қалдырған. Егер адам қандай да бiр сәтсiздiкке ұшыраса, онда фетиш лақтырылып тасталынатын немесе басқамен алмастырылатын.
Алғашқы адамдардың фетиштерге мұндай көзқарасы таңдап алған заттарына деген құрметтiң бiрқалыпты болмағанын көрсетедi: көрсетiлген көмегi үшiн алғыс айтқан, ал көмектеспегенi үшiн жазалаған. Бұл тұрғыдан африкандықтардың фетиштердi азаптау ғұрпы қызықты, ол фетиштердi жазалау үшiн ғана емес, оларды әрекетке итермелеу үшiн жасалатын болған. Мысалы, фетиштен бiр нәрсе сұрай отырып, афикалықтар оның денесiне темiр шегелер қаққан, себебi осылайша фетиш адамдардың сұрағанын жақсы есiне сақтап, мiндеттi түрде оларды орындайды деп есептеген.
Дiни нанымдардың басқа ежелгi формасы ретiнде тотемизм - адамдардың қандай да бiр тобы (тайпа, фратрия, ру) мен белгiлi бiр жануарлардың немесе өсiмдiктердiң түрiнiң арасында ерекше байланыстың бар екенiне сенiм болып табылады. Дiни нанымдардың бұл формасының атауы “ототеман” сөзiнен шыққан, ол солтүстiк американдық үндiстердiң оджибве тайпасының тiлiнде “тегi оның” дегендi бiлдiредi.
Тотемизмдi зерттеу барысында оның пайда болуы алғашқы қауымдық адамның тұрмыстық әрекетi – терiмшiлiк және аңшылықпен тығыз байланысты болғаны анықталды. Адамдарға тiршiлiк етуге мүмкiндiк беретiн аңдар мен өсiмдiктер табыну объектiсiне айналды. Тотемизм дамуының алғашқы сатыларында мұндай табыну тотемдiк жануарлар мен өсiмдiктердi тағамға пайдалануды жоққа шығармады, тiптен солай жасау ұйғарылды. Сондықтан кейде Австралия аборигендерi тотемге деген өздерiнiң қатынасын мынандай сөздермен анықтаған: “Бұл бiздiң ет”. Дегенмен адамдар мен жануарлар арасындағы мұндай байланыс өте ерте заманда болған, олардың болғандығы жөнiнде тек көне әңгiмелер мен зерттеушiлерге тарих қойнауынан жеткен тiлдегi тұрақты айналымдар ғана дәлел бередi.
Бiраз кейiнiрек тотемизмге әлеуметтiк, бiрiншi кезекте қандық-туысқандық қатынастар енгiзiлдi. Рулық топтың мүшелерi (қан жағынан туыстар) өздерiнiң адамдар мен олардың тотемiнiң сипаттарын бiрiктiрген ата-бабалардан шыққандарына сене бастады. Бұл, бiр жағынан, ата-баба культiнiң күшеюiне, екiншi жағынан, тотемге деген көзқарастың өзгеруiне, соның iшiнде тотемдi тағам ретiнде пайдалануға салынған тиымдардың (табу) пайда болуына әкелдi, әрине тотемдi жеу рәсiмдiк сипатта болып, ежелгi нормалар мен ережелердi еске түсiру жағдайларын санамағанда.
Кейiнiрек тотемизм шеңберiнде табу деп аталатын тиымдардың тұтас бiр жүйесi пайда болды. Олар әлеуметтiк қатынастарды реттестiрудiң маңызды механизмi болып саналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет