Пәндерінің барлық мамандықтарға арналған дәрістер жинағы Алматы, 2022ж. Модуль- 3



бет45/84
Дата05.12.2022
өлшемі460 Kb.
#54829
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   84
Жалпы психологияның әдiстерi. Психология ғылымының – жеке әдістері немесе әдістемелері бар біртұтас жүйе. Сондықтан ғылымның даму барысында оның әдістері дамып, түрлененіп отырады.
Психология, кез-келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік:
1.Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелiк, іс-әрекеті бойынша әртүрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні әртүрлі амалдар арқылы зерттейді).
2. Эмпирикалық әдістер. Оған бақылау және өзін-өзі бақылау, эксперименттік әдістер (табиғи, қалыптастырушы, лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.
3. Мәлімметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау).
4. Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері, оқыту.


Дәріс 2. Мен және менің мотивациям.
Жоспар:
1.1 Мотивация және өзіндік мотивация, мотивациялық сфераны жалпы ұйымдастыру, мотивтер және қажеттіліктер, тұрлері.
1.2 Жетекші мотив, жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивациясы, мотивацияны зерттеу әдістері және тұлғаның мотивациялық профилі.
1.3 Тұлғаның мотивациялық сфераның бұзылуымен байланысты еңбек тиімділігінің төмендеуі.

1. Мотивация ұғымы бұл басқарушылық әрекет мәселесімен өте тығыз байланысты. Жаңа экономикалық қатынастар өткен кезендерге байланысты жұмыскерлерге жаңа талаптар қойады. Бұл тек қана тандау емес, бұл кадрларды оқыту және орналастыру жәнеде жаңаша ойлау қабілеті.


Қазіргі уақытта нарықтық қарым-қатынасқа көшкенде жұмыскерлердің негізгі мотивациялық факторы бұл кепілді жалақы алу. Сонын өзінде жұмысқа берілгендігі, жұмыс сапалығы есепке алынбайды.
Сонымен, мотивация деген не?
Мотивация – бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалнан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұыймның мақсатына жету процессі. Бұл міндеттерді шешу үшін мотивацияның әр түрлі әдістері қолданылады. Ең бірінші және ең көп тараған әдіс бұл жазалау және кешіру әдісі. Мысалы белгілі бір жұмысты кешке қарай бітіру өте қажет болса онда бұл саған стимул береді. Немесе сіз бәрібір кешке қарай кетіп қаламын десеніз, ал жұмысты сосын аяқтаймын десеніз стимул оданда күштірек болады. Бірақ бұл әдіс уақыт өтісімен администрациялық жүйе мен экономикалық санкцияға және стимулға айналып кеткен.
Адамдық фактордың көтерліуімен психологиялық мотивация әдістері пайда болған. Психологияның көз қарасы бойынша, мотивация –Адамды белгілі бір мақсатқа тарту күші немесе қажеттілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет