Пәнге арналған оқу-әдістемелік кешен Пән: Коммуникативті тренинг дағдылары Курс


Топтың  тұрақты  құрамы  принципі



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата28.01.2017
өлшемі0,89 Mb.
#2935
1   2   3   4   5   6   7   8

7.Топтың  тұрақты  құрамы  принципі.  Егер  тренингтік  топ  жабық  болып  тұрақты  құрам  болып,  жаңа 

адамдар  қосылып  отырмаса,  онда  топта  топ  мүшелерінің  ашылуына  әсер  ететін  ерекше  процестер  пайда 

болады, тренингтік топ өнімді түрде жұмыс істейді.  

Топтың  қалыптасу  принципі  туралы  сұрақтар  аса  маңызды  болып  табылады.  Жұмысқа  қатысу  үшін  ең 

қолайлы  жас  16  мен  40  жас  деп  есептеген.  Оның  құрамына  жасөспірімдерді  де  қосуға  болады.  Бірақ  бұл 

үшін жүргізушітренингтен кейінгі психологиялық көмек пен жүріс-тұрысына коррекция жасау мақсатында 

қатысушылармен контакт жасауға мүмкіндігі болуы керек. Мектепте практик-психолог ретінде жұмыс істеп 

жүрген  педагог  мұндай  мүміншілікке  ие.  Гетерогендік  принципін  ескерсек,  яғни  жынысына,  жыныстық 

деңгейіне  байланысты  топтастыру,  ал  тренинг  мектептен  тыс  жүргізілсе,  онда  жасы  мен  мамандығына 

байланыстыру топтастыру. 

 Өзіндік тренингпен алғаш рет айналысушыға кішкентай топпен /10-12адам/ жұмыс істеген қолайлы. Белгілі 

бір тәжірибе жинақтаған соң қатысушылар санын 30-40 адамға дейін көбейтуге болады.  



8.  Ену  принципі.  Сабақ  ұзақтығы  жұмыс  басында  айқындалуы  керек.  Оларды  жүргізу  тәжірибесі  толық 

түрде  негізделген  қорытындыға  дәйек  береді:  өте  ауқымды  эффектіге  ірі  уақыт  блоктарымен  жұмыс 

істегенде ғана  қол жеткізуге болады  3-4 сағат енумен, кейде бұдан ұзақ кезең бойына. Бұл қатысушыларды 

«елітуге», олардың ұзақ үзілістен кейін топтық процесстерге эмоциялы енулеріне көп уақыт кететіндігімен 

байланысты.  Мектептегі  тренингтік  топ  мектептің  сабақ  кестесімен  сыйымды.  Қосарланған  сабақты 

аптасына  кем  дегенде  бір  рет  өткізген  жөн.  Мүмкіншілік  болса,  сабақты  2-3  күнге  белгілеп,  күніне  6-7 

сағаттан  қарқынды  тренинг  өткізген  жақсы.  Мүмкін  варианттардың  бірі,  24  сағатқа  созылатын  тренинг-

марафон, бірақ оны тек дайындығы бар қатысушылармен ғана өткізуге болады. 



9.Бөлектену  принципі.  Бұл  жағдайда  қатысушылардың  сөздерін  бөтен  ешкім  естіп  қоймауы  шарт.  Егер 

жүргізушіге  аудио  немесе  видио  жазбалар  қажет  болса,  топтың  барлық  мүшелерінен  рұқсат  алу  керек. 

Тренингтік жаттығулар мен тапсырмалардың үлкен бөлігі осы материалдар мен кейінірек өздік жұмыстары 

үшін арнайы жазылады. 



10.Еркін  кеңістік  принципі.  Бөлмеде  қатысушылардың  еркін  қозғалуына  ,  шеңбер  құруларына,  3-4,7-8 

адамнан микротоптарға бөлінуіне, оқшаулануына мүмкіндік болуы керек. 

Тренинг  дайындығының  негізгі  элементі,  болашақ  ұжыммен  алғашқы  кездесуі  болып  табылады.  Бұл  екі 

кезеңнен  тұрады.  Біріншісінде  –міндеттері,  мерзімі,  кездесу  ұзақтығы  туралы  топтық  әңгіме  жүргізіледі. 

Жиналғандар тренингке қатысу немесе қандай да бір себептермен бас тарту сияқты шешімдер қабылдайды. 

Екінші  кезеңде  сабаққа  қатысуға  ниет  білдіргендермен  жекелеген  түрде  сөйлеседі.  Жұмыс  барысында 

мотивтер анықталады /қызығушылық, білімге  құштарлық, жаңа тәжірибе алуға ұмтылыс, өмірге дайындық, 

өз проблемаларын шешу/. Бұл топқа кездейсоқ адамдар емес, саналы түрде бел буған адамдар қатысады. 



11-тақырып. «Топта қарым-қатынасты дамыту» коммуникативті іскерлік тренингі  

Жоспары:  

«Топта қарым-қатынасты дамыту» коммуникативті іскерлік тренингі  туралы түсінік. 

Коммуникативті іскерлік тренингіндегі жаттығуларының топтамасы.  

Әдебиеттер:  

1.

 



Вачков И. Основы технологии группового тренинга, психотехники. Ось-89. 

2.

 



Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе. М., 2001 

3.

 



 Емельянов Ю.Н. Активное социальное –психологическое обучение – Л, 1985 г. 

4.

 



 Рогов Е.И. настольная книга практического психолога в образовании. М., 1995 

5.

 

 Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. М., 2003 



Қарым-қатынас  барлық  тірі  жандыларға  тән,  бірақ  өзіндік  сана  мен  тілге  тоқтала  келе  адам  деңгейіне  тән 

екендігі  белгілі.  Адам  тұлға  ретінде  топта  қалыптасады.  Топ-  адамдар  арасындағы  қатынастарды  тікелей 

көрсететін амалданған көрс еткіш. Тұлға үшін топтың маңыздылығы – белгілі бір әрекеттер жүйесі. Топтың 

өзі белгілі бір әрекет түрінің субъектісі болады және сол арқылы қоғамдық қатынастардың жүйесіне енеді.  

Әлеуметтік қатынастың екі негізгі түрі белгілі. Оның біріншісі - әрекет, яғни бұл адамның әлеммен қарым-

қатынастарының  динамикалық  жүйесі.  Осы  қатынастар  негізінде,  объектіде  психикалық  бейне  пайда 

болады.  Бұл  бейне  іс-әрекеттің  анықталған  мақсаты  түрінде  болады.  Екінші  түріне  қарым-қатынасты 

жатқызамыз.  Қарым-қатынас  пен  әрекеттің  арасында  адамдар  белсенділігі  ретінде  айырмашылық  бар. 

Әрекет нәтижесі заттың идеалды және материалды негізін түсіндірсе, қарым-қатынас адамдардың бір-біріне 

деген ықпалдылығы, әсері.   



Тақырып: Топта қарым-қатынасты  дамыту. 

Мақсат: Психологиялық диагностика және сана-сезімді дамыту. 

Құрал-жабдық:  Жеке  тұлғамен  оның  өз  мінез  құлқын  өзі  бағалауына,  ақыл-ойына,  өмірге  деген 

көзқарасына жасалған диагностика бланкі, «Мен кіммін» әдістемесінің карточкасы. 



Сабақ барысы 

I. Ұйымдастыру сәті. 

Тренинг  жүргізушісі  қатысушыларды  тапсырмамен  таныстырады:  өзін-өзі  барынша  ашу,  өз  менін  сезіну, 

сезімін  сыртқа  шығарып,  жеңілдену.  Тренинг  кезіңдегі  тәртіптің  принциптері  мен  қағидалары:  «Осында, 

енді» сезімге ыдағаттылық, өзін-өзі ашу және шыншылдық. 

 

Тренингтің  әр  қатысушысы  өз  белгісін  ұсынуы  керек,  ол  тос  белгі  болуы,  сөз  бейне  т.б.  болуы 



мүмкін. 

II. Өмірге деген өз көзқарасын бағалауына диагностика жасау. 

   Қатысушыларға 

бланктер 

таратылып, 

мынандайт 

нұсқаулар 

беріледі: 

«Менің 


сіздерден 

өтінерім,өздеріңізге  тән  қасиеттеріңізді  басқалардың  айтуымен  емес  өз  ойыңызша  бағалаңыздар.Мінез-

құлқыңыз  сізді  қанағаттандыра  ма?  Еркіңіз  ше?  Ден  саулығыңыз  және  басқа    да  жағдайларыңыз 

қанағаттандыра ма?». 

   Өзіне-өзі  баға  беру  негізінде  өз  түсінігін  зерттей  білі  жатыр.  Баға  мынандай  параметрлермен  беріледі: 

ақыл,  денсаулық,  бақыт,  мінез,ерік,  дербестік,  қабілеттік,  сыртқы  пішін,  жағымдылық,  құрылымдық 

белсенділігі. 

    Тәжірибе  санында  карточкалардың  мазмұны,  өзін-өзі  интегралды  бағалаудың  кестесі  талқыланып/ 

қырынан/ жасалады. 

     Өзін-өзі  бағалау  қырынан  қарағанда  ара  іспеттес  болып  келсе  тұлғаның  ұстамсыздығы  немесе  жеке 

тұлғаның  қалыпты  дамуы  болмаған  жағдайда  тон  ішінде  өзін  солай  ұстауынан  деген  пікір  жасалады.  Бұл 

адам  өзін-өзі  бағалауда  айтарлықтай  нашар  көрсеткіш  те  емес,  әйткен  мен  жақсылығы  адамның  дәл 

көрсетілген  уақыттағы  өзгеруіне  себебін  табу  керек.  Бұл  тәсіл  тұлғаның    мінез-құлықтың  ерекшеліктерін 

анықтауға  мүмкіншілік  береді.  Осы  уақытқа  дейінгі  темпераменттің,  типті  мінезбен  ерекшеліктері 

анықталады. Жеке тұлғаның өзін-өзі кешенді түрде танып білуіне  арналған формасы мен мазмұны жағынан 

конструктивті бағдарлама  дайындалады. 



III. Өз ақыл- ойын бағалау.  

Нұсқау:  Ақыл-ой  жайлы  берілген  он  тұжырымның  ішінен  өзіңіздің  ыңғайыңызға  келетін  біреуін  таңдап 

алып, сол жағындағы санды сызып  

қойыңыз. 

Менің ойым кез-келген ортада ең жоғары болып шығады. 



10 

Аз ғана интеллектуалдардың біреуімін 



Мен анақұрлым ақылды адамдардың қатарына жатамын 



Менің ақыл-ой деңгейім орташа 



Ақыл-ой жағынан айналамдағылардың үздік тобына жатамын 



Ақыл жағынан алғанда мен  нағыз қарапайым адаммын. 



Менің ақыл-ойым ортадан төмен 



 Жалпы мен барынша зерек адамдардың қатарына жатамын 



Мен зеректігі төмен адамдардың бірімін 



10 


Кез- келген топта мен ақыл-ой жағынан төмен тұрамын  

 



Нәтиже зеректікті зерттеу объектісінің мәліметтерімен салыстырылды. /Айзенк тесті, 16 РФ/ 

IV. «Тұлғаның өзін-өзі бағалау »тесті. 

Нұсқау:  Өзіңіздің  жеке  пікіріңіз  бойынша  сіздің  мінез-құлқыңыздың  ерекшеліктерін,  сіздің  тұлғаңызды 

анық ашатын 16 ұғымды тізімнен көшіріп алыңыз . Сонан соң осы 16 сипаттың ең маңыздыларын 1,2,3 және 

т.б. -16 –ға дейінгі сандармен белгілетіндей етіп ретпен жазыңыздар.                                                                            

    Енжарлық, ұқыптылық, белсенділік, дархан, өктем, тақуа, содыр. Сақ, қылжақ, жасық, жауапсыз, еренсіз, 

принципсіз,  жүрекжұтқан,  мінезсіз,  салдыр-салақ,  қысылып-қымтырыссыз,  парасаттылық,  биіктік,  қулық-

сұмдықсыз, тынышсыздық,қорқулық. 



    Сыпайылылық,  ұрысқақақтық,  риза  болу,  қызбалық,  төзімділік,  кеңпейілдік,  сенімділік,  көңілділік, 

өктемдік, ұқыптылық, әзершілдік, қозушылық, тәкаппарлық, кінәлілік. 

    Қызбалық,  мақтаныш,  дөрекілік,  іскерлік,  бейбастық,  үстемшіл,  жайдарылық,  көргендік,  тәртіптілік, 

сенгіштік . 

    Сараңдық, қаталдық, өмірге құштарлық, шапшаңдық, әйелсипаттылық. 

Күншілдік, мақтаншақтық, бастамашылық, зялылық, ақылдылық, даралық, тыңдырылымдылық . 

      Қырсық, мықтылық,ұйымшылдық, ымырасыздық, сыншылдық, мәдениеттілік, консервативтілік. 

      Сүйкімділік, жеңіл ойлылық, екіжүзділік, қулық, тез сенгіштік, білугет құштарлық, омыраушылдық. 

       Сылбырлық,  көн  сөйлемеушілік,  тұнжырлық,  меланхолдік,  секем  алғыштық,  кекшілдік,  жұмсақтық, 

моралдік, тұрақтылық, арманшылдық, ерлік. 

        Кекшілдік, тапқырлық, немқұрайдылық, сын көтермеушілік, бапсыздық,. 

Шыдамсыздық,  аңғалдық,  табандылық,  ұқыпсыздық,  былқ  етпестік,  дербестік,  көпшілікті,  ұнатпаушылық, 

шешімсіздік, сенімділік, еркіндік, құнтсыздық, тізгінсіздік,қысылушылық. 

V . «Өзін-өзі ашуға арналған жаттығу». 

Қатысушылар  «қиял»,  «қиялдау»  тақырыбын  алады.  Көздерін  жұмып  қиялдайды.  Жүргізуші 

қатысушыларды қолдауы керек. Мысалы: 

-

 



Мен сүйемін... 

-

 



Маған ұнайды... 

-

 



Маған қиын... 

-

 



Менің жанымды жадыратады... 

-

 



Достарымның арасында мен... 

-

 



Келешекте мен ... 

Тақырып саны қатысушылардың санына сай келеді. 



VI. Жаттығу: «Мен кіммін» 

Қатысушыларға  өзінің  «мен»  образы  төңірегінде,  белгісі,  жазбалары,  қимылдық  бейне,  би,  ән  төнірегінде 

ойлануға  уақыт  беріледі.Басқа  қатысушылар  осы  образдың  бұл  адамға  қаншалықты  сай  келетінін 

талқылайды. 



VII. Жаттығу: «Ізгі образ қалыптастыру» 

Тапсырма: Ізгі образ жасау,суреттеу, бейнелеу. Сонан соң ол образды өзіңмен салыстырып, не жетпейтінін 

табу. Одан әрі көзді жұмып өзіңді сол модель ретінде көру. 



Қайталау. Синтетикалық образға енген қатысушылардың жағдайын бақылау. Жаңа синтез олардың өміріне 

қалай енер еді? 



VIII. Жаттығу «Даратұлға». 

Нұсқау:  Дара  тұлғалар  дегеніміз-  өз  тұлғамыз  шеңберіндегі  өз  мақсатымен  қажеттілігі  бар  көптеген 

психологиялық  түзілімдер.  Тұлғадағы  кейбір  даралық  тек  сізге  ғана  тән  болуы  мүмкін,  басқалары  басқа 

адамдарда кездеседі.Дара тұлғаға мысалдар: бала, ата-ана, іскер, т.б. 

    Ойланып  көріңіз:  Сізде  тұлғаның  қандай  даралықтығы  басым?  Олардың  қай  жағы  бағалы?  Қай  жағы 

жағымсыз? Сіздің оларға қатынасыңыз?  Сіз оларды басқара аласыз ба, әлде олар сізден басым ба? 

IX.Автопортрет әдістемесі. 

Қатысушыларға қағазбен қалам таратылады да, өз автопортретін жасау ұсынылады. Психолог танысады да 

нәтижесін келесі сабақта айтады. 

X. Сабақ қорытынды 

12-тақырып. Интерактивті ойын әдістері  

Жоспары:  

Интерактивті ойын әдістері туралы түсінік 

Қозғалмалы, ролді ойындар, оларды өткізуге дайындық пен жүргізу кезеңдері 

Тренингтегі ойын әдістерінің психологиялық ерекшеліктері 



Әдебиеттер:  

1.

 



Вачков И. Основы технологии группового тренинга, психотехники. Ось-89. 

2.

 



Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе. М., 2001 

3.

 



 Емельянов Ю.Н. Активное социальное –психологическое обучение – Л, 1985 г. 

4.

 



 Рогов Е.И. настольная книга практического психолога в образовании. М., 1995 

5.

 



 Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. М., 2003 

 

Оқушылардың  танымдық  үрдістеріне  жүргізілетін  коррекциялық  жұмыс  көбінесе  жаңа  оқу  материалын 



меңгеруде,  есте  сақтауы  мен  қорытындылап,  белсенділік  танытуына  байланысты  іске  асады.  Ойындық 

жаттығулар болса, көбінесе оқып жүрген сабақты терең, жеңіл меңгеру мақсатында қолданылады.  

Егер  ойын  «сергіту сәті»  ретінде қолданылса, бұл ойынға бүкіл сынып  оқушылары қатысады. Ойынның 

созылу  уақыты  5-7  минут,  бір  эпизодта  1-2  ойындық  жаттығулар  қолданылуы  мүмкін.  Егер  мұғалім  әлсіз 

оқушыларға    ойындық  жаттығулар  жүргізетін  болса,  онда    5-12  оқушыдан  тұратын  топ  құрастырған  жөн. 

Мұндай  ойынның  созылу  уақыты  30-45  минут;  осындай  «ойын  сабағында»  5-7  ойын  қолданылуы  мүмкін. 

Ойындық сабақтарды жүргізілу жиілігі- аптасына 1-2 рет.  


Мектеп  психологының  алдында  қандай  жғдайда    психодиагностика-коррекциялық  жұмыс  тұрады?  Ең 

алдымен,  ата-аналар,  мұғалімдер  немесе  оқушылардың  өздері  қандай  да  бір  проблемамен  келген  кезде 

туындайды. 

Ата-аналар  мен  мұғалімдер  тарапынан  туындайтын  проблемалардың    басым  көпшілігі  оқушының  сабаққа 

ынтасының төмендігінен, оқушының өз мүмкіндігінен  төмен оқуына байланысты туындайды. Ал оқушылар 

психологтан  қабілілеттілік  пен  икемділікті  меңгеруге,  есте  сақтау  қабілетін  дамытуға,  зейінін 

тұрақтыландыруға,  аз уақытын дұрыс реттеп, сабаққа жақсы бейімделе алуға көмек сұрайды. 

Сонымен  қатар  психологқа    жекелік  проблемалар  бойынша  да  көмекке  келеді,  мысалы,  бала  бойындағы 

алаңболушылық (әсіресе, мектепте) өз-өзіне сенімсіздік, мінез-құлқындағы  қиындықтар, басқа адамдармен 

қарым-қатынасының  қиындығы.  Оқушылар    психологтан  көбінесе    өзімен  жасты  және  қарсы  жыныстағы 

оқушылармен,  ата-ана  және  мұғалімдермен  дұрыс  қарым-қатынас  жасау  төңірегінде  көмек  сұрайды. 

Көптеген жеткіншектер мен бозбалалар өзіндік сапаны қалай дамытуға  болады, өз-өзін тәрбиелеу жоспарын 

қалай құруға болады, қай мамандықты таңдаған дұрыс деген мәселелермен психологқа  жүгінеді. 

Коррекциялық жұмысты ұйымдастыру  алынған индивидуалды  психологиялық ақпаратқа  байланысты екі 

бағытта  жүреді:  1)  нормативтердің    құрастырылуы;  2)  адамның  ішкі  жан  дүниесінің  индивидуалды 

қасиеттерінің нормативтерге сәйкес келуі. 

Баланың    эмоционалды  үрдістеріне  коррекцияда    тек  қана  кейбір    заңдылықтарға  баланы    статистикалық 

материалдарды  қолданбайды,  сонымен  қатар  типологияның  өзіндік  құрастырылуы,  коррекциялық  жоспар 

құрудағы симптомдар мен синдромдардың бұзылуын анықтау үшін қолданылады. 

Мектеп психологының іс-әрекетінің міндеттеріне  баланың психикалық даму ерекшеліктерін анықтау кіреді. 

Диагностикалық-коррекциялық  бағыт  ең  күрделілірдің  бірі,  ол  практика-психологтен  арнайы 

психологиялық дайындықты талап етеді. 

Тренингтегі  ойын  және  ойындық  элементтер  –  ойынды  қолдану  арқылы  балалар  мен  ересектерге 

псхотерапиялық әсер ететін әдіс түрі. Әртүрлі әдістемелер негізінде, ойын жеке тұлға дамуына елеулі әсер 

тигізеді.  Қазіргі  психокоррекцияда  ересектерге  ойынды  топтық  психотерапияда  және  әлеуметтік 

психологиялық  тренингте  жаттығулар  мен  әртүрлі  жағдайлар  арқылы  беріледі.  Ойынды  топтағы 

қатысушылар арасында жақын қарым – қатынас орнатуға, қобалжу, қорқу дәрежелерін төмендетуге, өзін – 

өзін бағалауын көтеруге қолданылады.  

Ойынның маңыздылығы – оның екі жоспарлылығында және барлық ұжымдық ойынды белгілері сақталатын 

драмалық өнерде. 

1.

 

Ойынның нақты әрекетті қажет ететін іс – әрекеті жүзеге асырылады. 



2.

 

Ойынның мақсат, міндетін жүзеге асыру. 



Ойынның  екі  жоспарлығы  дамуының  эффективтілігін  көрсетеді.  Ойындағы  психокоррекциялық  эффект, 

балалар  мен  ересектер  арасындағы  жағымды  эмоционалды  қатынас  орнатумен  жүзеге  асырылады.  Ойын 

адамдардағы өзін – өзіне сенбеушілікті, қорқынышты, негативті эмоцияларды түзетеді, балалардың қарым – 

қатынас қабілеттерін кеңейтеді.  

Балалар  ойыны  құрылымы  ойыншықтармен  байланысты  рольдергебөлінеді,  ойын  әрекеті  осы  рольдерге 

жүзеге асыру үшін қолданылады.  

Ойынтерапиясының өтілуінің жалпы көрсеткіштері: әлеуметтік инфантилизм, тұйықтық, қарым – қатынасқа 

түсе алмаушылық, фобиялық реакция, жаман қылықтар, ұл балалардағы психикалық ауытқушылықтар. 

Ойынтерапиясының  эффективтілігі  әртүрлі  диагностикалық  санаттағы,  аутизммен  шизофренияға  толы 

балалармен  жұмыс  барысында  көрінеді.  Ойын  терапиясының  эффективтілігі  шашының  жұлынуына, 

тәртібінің  агрессивтілікті,  ата  –  ананың  ажырасуы  кезінен  кейін  эмоциялардың  қалпын  жақсартуға, 

қорқынышты жоюға, стресске түскен балаларға, оқудың тежелуін түзетуге сөйлеу қабілетінің төмендеуінің 

интелектуалды  және  эмоционалды  дамуындағы  ауытқушылықтарды,  психосоматикалық  аурулардың 

(бронхалық  астма,  нейродермит)  «Мен  -  концепциясының»  жақсауына,  жақын  адамдарын  жоғалтқанда 

қолданылатын эффективті жол болып табылады. 

Ойын жаттығуларын жүргізудегі, психологтың негізгі функциялары. 

1.

 

Балаға жағымды атмосфера құру. 



2.

 

Баланың эмоционалдық қобалжуын жою. 



3.

 

Баланың өзінің қобалжуы мен сезімдерін түснікті формада көрсету. 



4.

 

Ойын жаттығуларында баланың өзіне деген сыйласымдылық  пен құндылық сезімдерін ояту. 



Ойын терапиясының принциптері. 

1.

 



Баланың  коммуникативтілігі  (баланың  тең  құқылы  достық  қарым  –  қатынас,  шешімді  әділ 

қабылдау, ойынның сюжетін, тақырыбын анықтау, шешім қабылдау бала таңдауында, бала – жағдай иесі). 

2.

 

Коррекциялық  үрдістің  басқару  нұсқауларының  жоқтығы:  ойын  үрдісінің  тежеу  және  тоқтату 



жағдайындағы ойын терапевттің бас тартуы. 

3.

 



Баланың  қобалжу  мен  сезімінде  коррекциялық  үрдіс  фокусын  орнаты:  баланың  ашық  вербалды 

түрде өз сезімін көрсету, бала сезімін қысқа уақытта анықтау және зерттеуді өз – өзіне бұру, нақты өзін көре 

алатын балаға айна тәрізді болу керек. 

Ойында коррекциялық үрдіс автоматты түрде жүрмейді. 

Ойын терапиясының негізгі түрлері мен формалары. 


1.

 

Егер  критерийлердің  теориялық  тәсілдерін  іске  асыру  барысында  жүзеге  асырса,  онда  келесідей 



түрлерді бөліп қарастыруға болады: 

 



психоанализдегі ойын терапиясы 

 



клиентке бағытталған ойын терапиясы. 

 



ықпал ету ойын терапиясы. 

 



қарым – қатынас орнату ойын терапиясы. 

 



қарапайым ойын терапиясы. 

 



отандық психологиялық тәжірибедегі ойын терапиясы. 

2.

 



Ересектік функциялар бойынша ойынды:  

 



нұсқаулы емес ойынтерапиясы 

 



нұсқаулы ойын терапиясы. 

Қазіргі психологияда ойында келесідей қарастырады: 

1.

 

қоршаған ортаға жеке тұлғаның қарым – қатынасы. 



2.

 

баланың субъективті маңызды іскерлігі. 



3.

 

балаларға әлеуметтік жағынан ықпал ету. 



4.

 

қабылдаудың маңызды мазмұны. 



5.

 

баланың психикасының дамуы жүретін іскерлігі. 



6.

 

баланың бүкіл өміріндегі әлеуметтік – педагогикалық форма ретінде. 



Балаға бағытталған ойынтерапиясының өтілу кезеңдері. 

Барлық терапияның кезеңдері, жағымды атмосферада, ойынтерапевті мен бала арасындағы қарым – қатынас 

барысында  өтіледі.  Осы  қарым  –  қарынаста  баланың  жеке  қасиеттері  бағаланып,  қолданылады,  «Мен» 

кеңістіктігін  кеңейтуге  көмектеседі.  Бұндай  кеңеюлер  мен  қобалжулар  терапиялық  үрдістегі  нақты 

белгіленгенкезеңдерде өтеді. 

Ойын терапиясында бала әрекеті әртүрлі көрініс береді.  

1 – 4-ші сеанс. Балада шығармашылық  ойынға деген жүйесіз зерттеу қызығушылығы оянады, қуаныш пен 

қобалжу бір текті жүреді. 

 

5  –  8-ші  сеанс.  Балада  шығармашылық    ойынға  деген  жүйесіз  зерттеу  жалғасып,  ойынға  деген 



жалпы агрессиясы жоғарланады, бұрынғыдай қуаныш пен қобалжу устінде болады. 

 

9  –  12-ші  сеанс.  Ойынға  деген  жүйесіз  зерттеу  дәрежесі  төмендейді,  біртіндеп  ойынға  жалпы 



қызығушылығы оянады. Осының барлығы қарым – қатынас орнатуға шығармашылық пен қуанышты оятуға, 

терапевтпен вербальді қарым – қатынасын жоғарлатуға, отбасы және өзі туралы ақпараттар қорын кеңейтуге 

бағытталған.  

 

13 – 16-ші сеанс. Шығармашылық және қарым – қатынас орнатуға арналған ойындарды қолданады. 



Агрессиялық ойын дәрежесі төмендейді. Керісінше бақыт, қобалжу, сенімсіздін дәрежелері жоғарылайды. 

 

17  –  20-шы  сеанс.  Көріністі  ойнау  және  рөльді  ойындар  қолданылады.  Агрессвті  пікірлер 



жалғасады.  Ойын  терапиясымен  қатынас  орнату  күшейеді.  Қуаныш  –  доминантты  эмоция  орнын  алады. 

Бала өзі және отбасы туралы ақпаратты тасымалдауға  жалғастырады.  

 

21  –  24-ші  сеанс.  Рольдік,  драммалық  және  қарым  –  қатынас  орнатуға  арналған  ойындар 



қолданылады. Сәтсіздік жағдайлар көріністері өседі. 

 

Уити  (1975)  ойынтерапияның  басқа  кең  көлемдегі  зерттеуін  өткізді.  Ол  келесідей  жағдайларды 



анықтады.  

 

1  –  3-ші  сеанс.  Балалар  көбіне,  ойынтерапевті  бала  әрекетін  вербалды  емес  және  зерттеу 



ойындарында қалай қолданылатынын бақылайды. 

 

4  – 6-ші сеанс. Қызығушылық пен белсенді зерттеу төмендейді. Сол арада агрессивтік ойын және 



сөздік эффектілер өзінің биік дәрежесіне жетті.  

 

7  –  9-ші  сеанс.  Агрессивті  ойын  жоғалып,  қуанышты,  өмірлік  жағдайларды  (үй,  мектеп  т.б) 



вербальді түрде көрсете алатын шығармашылық ойын дәрежесі өседі. 

10  –  12-ші  сеанс.  Сюжетсіз  ойындар  жойылып,  оның  орнына  қарым  –  қатынасты  орнату  ойындары 

максималды дәрежеге жетеді. 

13  –  15-ші  сеанс.  Жоғарыдағы  сеанстарға  қарағанда  қобалжу  дәрежесі  өседі,  ойынтерапевтпен 

қарастырылады. Вербалды қарым – қатынас күшейеді. 

Ойын барысында ұл балалар мен қыз балалар арасында айырмашылықтар байқалады. Ұл балаларда көбінесе 

агрессия,  ашу,  сөздік  эффектілер,  агрессиялық  айындар  көрінеді.  Ал,  қыз  балаларда  шығармашылық 

ойындар,  адамдар  арасындағы  қарым  –  қатынас  орнататын  ойындар,  сонымен  қатар  қуаныш,  қобалжу 

жағдайлары бақыланады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет