қолданады. Кейде балаларға ойынды өздігінен таңдауға рұқсат беріледі. Ойынды бақылай отырып
ойынтерапевтбаланың вербальді және вербалды емес сезімдерін сөзбен, ашық түрде көрсетеді.
Ойын бөлмесінде ойын белсенділігінің 3 формасы бар.
1.
Агрессивті мінезден арылу: бала заттарды лақтырады, шариктарды жарады немесе инфантильді
мінез формасын көрсетеді (мысалы, еміздікті емеді)
2.
Стандартты жағдайлар сезімінен арылу: анасының кеудесіне қуыршақты жақындату арқылы,
қызғаныш сезімін көрсетеді.
3.
Баланың өміріндегі стрестік сезімдерден ойын арқылы арылу. Г.Хэмбидж (1955) «Структурная
игровая терапия» атты мақаласында Д.Левидің жұмысына толық түсінік берді. Бұл мақалада баланың қорқу
дәрежесі туралы, яғни, балаға еркін ойнау рұқсат етіледі.
Қарым – қатынасты орнатуға арналған ойынтерапиясы.
Терапиялық қарым – қатынаста Дж.Тафттың (1933) және Ф.Алленнің (1934) зерттеулері ойынтерапиясында
келесідей маңызды бағыты пайда болды. О.Ранктің (1936) философиялық негіздегі жұмысы бала дамуының
зерттеу тарихына елеулі үлес көрсетті.
Ойын терапиясында терапевт пен клиент арасындағы эмоцияналдық қарым – қатынасқа көп назар аударады.
«Маған клиенттің әлемге деген қарым – қатынасын қалай қабылдайтынын анықтау маңыздырақ және клиент
маған тұлға ретінде қызығырақ екенін сездіруге қорықпаймын» - деп жазды Ф.Аллен.
Өткен тәжірибені қайталау үшін ешқандай ықпал ету қажет емес. Тек қана қасқағым сәт пен әсер ету
жеткілікті. Ф.Аллен мен Дж.Тафт балаға тұлға ретінде қарау маңызды ол мінез – құлқын өзі өзгерте алады
деген.
Балаларға таңдау бостандығы беріледі – ойнау немесе ойнамау және өз әрекетін өзі басқара алады. Балалар
өз тілектерін өздері шындыққа әкеле алады деген болжау туындайды. Қарым – қатынас орнату
ойынтерапиясының мақсаты баланы өзгерту емес, баланың өз құндылықтарын, өзіндік «Мен -
концепциясын» жоғарылату. Бала барлық тұлғалар сияқты өз – өзіне сенімді, ерекше, өзін – өзі дұрыс
бағалайды және ішкі өзін – өзі дамыта алады.
Коррекциялық мақсаттың негізгі механизімінің жетістігі – ойын терапевті мен клиент арасында қарым –
қатынас орнату. Мақсаттың шектелуі спецификалық жағдайлар қатарымен анықталады: «Мен» дәрежесінің
бұзылуы, күмәндану, сенімсіздік.
13-тақырып. Коммуникативтілікке баулу дағдылар тренингіндегі психодиагностика және
психологиялық практикум
Жоспары:
Коммуникативті дағдылар тренингінде психодиагностикалық әдістемелер
Психологиялық практикум негізінде психологиялық тренингті бағдарламаларды құрастыру
Әдебиеттер:
1Вачков И. Основы технологии группового тренинга, психотехники. Ось-89.
1.
Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе. М., 2001
2.
Емельянов Ю.Н. Активное социальное –психологическое обучение – Л, 1985 г.
3.
Рогов Е.И. настольная книга практического психолога в образовании. М., 1995
4.
Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. М., 2003
Психологиялық диагностика - бұл оқушылардың барлық оқу кезіндегі педагогикалық-психологиялық
үйретулер, тұлғаның индивидуальды ерекшеліктерін анықтау, оның оқу және тәрбиелеу процесіндегі
потенциальды қажеттіліктері, сонымен қатар үйрету механизімін бұзудағы себептерді анықтау, әлеуметтік
бейімделудің дамуы.
Бүгінгі күнде мектептегі психологтың диагностикалық жұмысы келесідей тапсырмаларды шешуге
бағытталған:
-
оқушының әлеуметтік- психологиялық бейнесін аша білуге;
-
оқушылардың оқудағы және қарым-атынастағы ерекшеліктерін анықтауда психологиялық
құрылым және жүйені таңдауға.
Диагностикалық жұмыс ұйымынан келесідей жайттарды бөліп алуға болады.
1. Барлық оқушыларды анықтаудағы қатар келетін комплексті психологиялық-педагогикалық зерттеу –
«фронтальды» деп аталынатын, жоспарлы зерттеу. Мұндай түрі біріншілік диагностикалық көрсетеді,
қорытындысы «сәттілік», «сәтміздік» балалардың қарым-қатынастағы мінез-құлықын өлшеудегі көрсеткіш
болып табылады. Оқушыларды комплексті зерттеудегі педагогикалық-психологиялық дәрежесінде
хабарлаудың негізгі тәсілі:
- мұғалімдер мен ата-аналарға экспертті сұраққа қою;
- зерттеу негізгіндегі оқушыны құрылысдық бақылау;
- оқушыларды психологиялық зерттеу;
- педагогикалық құжат анализі (сынып журналы, оқушылардың дәптері) және алдын ала зерттелу
материалдары.
2.Тереңдетілген психодиагностикалық зерттеу күрделі жағдайларды зерттеуде қолданылады және
индивидуальды клиникалық процедураларды қолдануды кіріктіреді. Мұндай жұмыс баланың қарым-
қатынастағы қиындықтарына байланысты педагогтар мен ата-аналарға кеңес беру және т.б. тереңдетілген
психодиагностикалық зерттеу күрделі әдістемелерді пайдаланылады.
3. Оперативтік психодиагностикалық зерттеу аз уақытты керек етеді, яғни ол экспресс- әдістеме, анкеталар,
әңгімелесулер арқылы лезде хабарды ала алады, бұл барлық ойларды зерттеуге бағытталған.
Психодиагностика жұмысының негізгі параметрлері психолгиялық құжаттар және қатысушының жеке
тұлғасын зерттеуді кіріктіреді, сонымен қатар танымдық психикалық процестерін, эмоционалды
ерекшеліктерін, сыныптағы және ұжымдағы жеке тұлғалық қатынасын кіріктіреді. Диагностикалық зерттеу
жүргізу негізінде типтік психологиялық әдістемелер қолданылады. Психологиялық диагностика -
психологиялық дайындықтарды нығайту, жеке адам психодиагностикасының тәлім - тәрбиелеу негізін
тереңдетіп оқыту, психологиялық көмек көрсету кезінде маманның практикалық дайындығын және кәсіби
дағдыларын игертуді мақсат етіп қояды. Жалпы психодиогностика термині психологиялық дигноз қою
немесе адамның толығымен психологиялық құрылымының барысы туралы кәсіби шешімін қабылдау деген
мағынаны білдіреді, аталған термин екі анықтама берумен түсіндіріледі:
-
психодиагностикада психологиялық білім айтылған яғни әртүрлі диогностикалық амалдарды
практикада қолдану;
-
психологиялық іс- әрекетіндегі психологиялық диогноздың практикалық құрылымының өзіндік
сферасын меңзейді.
Ал, психологиялық диагностика мазмұны төмендегідей міндеттермен анықталады:
-
шынайы мәселені анықтау және табу;
-
практикалық міндетті құрастыру және ғылымилық түсінік көрсете алу;
-
зерттеу әдісін таңдау және құрастыру;
-
мәліметтерді өлшеу және жинақтау;
-
зерттеу кезіндегі аталған мәліметтер нәтижесін талқылау және интерпретация моделінің теориялық
жағын топтастыру;
-
психологиялық қортындыны құрастыру және мәселе бойынша практикалық әдістемесіне нұсқау беру.
Жалпы психодиагностика - психодиогностика аталғандағы туындаған жекелей мәселелерді спецификалық
диагносикалық тапсырмаларды сараптаумен анықталады. Психодиогностикалық тапсырмаларын анықтауда
клиенттің жағдайымен экспертиз жасаған жағдайын айыра білу психодиогностикасының негізгі міндеті
болып табылады.
Психодиогностикалық әдістер классификациясы:
1.бақылау кезіндегі психодиогностикалық әдістер
2.сауалнамалық психодиогностикалық әдістер
3.объективті психодиогностикалық әдістер
4.эксперименталды психодиогностикалық әдістер
Психодиогностикалық тапсырмаларды шешуге психикалық құбылысты, әртүрлі сферадағы адам өмірін
айқындайтын фактор негізі үш шеңбермен көрсетіледі.
1.адамның басқалармен қарым/қатынас шеңбері;
2.адамның өзі - өзіне деген қарым/қатынас шеңбері;
3.адамның жоғарғы нерв іс - әрекеті функциялары.
Психодиогностикалық жұмыстың негізгі психологиялық көмек көрсету. Писхологиялық көмек көрсету үшін
психодиогностика жұмыс нәтижелерін алу, өңдеу, қортындысын жеткізуде шынайы ерешеліктермен
ерекшеленуі төмендегідей көрсетіледі:
-құрылдымдық дәрежесі, яғни клиенттің психологиялық шындығы рефлекстін мазмұнда айқын бейнеленеді;
-клиенттің жеке даралығы;
-мәселені шешудегі психологиялық өзіндік біліктілігі.
Психологиялық диагностика - алдына көптеген тапсырмаларды шешу міндетін қояды ол тапсырмалар
төмендегідей:
1.Жеке тұлғаның әлеуметтік - психологиялық портретін құрастыру;
2.Өмірде қиындық туындаған адамдарға психологиялық көмек көрсете отырып, түрлі диогностикалық
әдістемелерін формалар жолдарын анықтау, қарым - қатынас кезінде психологиялық жағдайын көтеру;
3.Психологиялық әдістемелерді туындаған мәселеге байланысты сәйкестендіре қолдану, нәтижесін өңдеу.
Психодиогностикалық тапсырмаларды шешудегі диагностикалық жұмыстар
1.
Кешенді психологиялық - педагогикалық бақылау ол мынадай міндеттермен жүзеге асады
-қарым/қатынас шеңберіндегі адамдармен жеке ретті сауалнама;
-зерттеу кезіндегі құрылымдық бақылау;
*құжаттарды өңдеу және оның нәтижелері.
Психодиогностикалық бақылаудың жеке даралық клиникалық тұрғыда жүргізілуі;
Жеке
тұлғаның өзін - өзі анықтау, психологиялық ерекшеліктерін анықтау ретінде жұмыстар жүргізілуіп