Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»



бет29/36
Дата27.09.2023
өлшемі198,53 Kb.
#110450
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36
Дәріс тезисі.

Балалар санаториясы, науқас балаларды кезеңді емдеу тәрбиелеу оқыту процессімен тығыз байланысты, медико- педагогикалық мекеме.
Санаторияға 1-14 жасқа дейінгі балалар: демалу аймағында орналасқан санаторияға 5-14 жасқа дейінгі балалар; тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған және церебральды –спастикалық параличі бар балалар санаторияға 3 жастан бастап бағытталады.
Остеомиелит, полиартритпен сырқаттанған балалар үшін санаторияда жатып емделетіндерге орнының жартысы; тірек-қимыл аппаратының сырқаттары 20% жатып емделетін және нашар қимылдайтын балалар үшін қарастырылуы керек.

2. Жер бөліміне қойылатын талаптар.


Санатории территориясының ауданы медициналық профиліне байланыссыз шаруашылық аймағын есептемегенде бір орынға 200 м.кв кем болмауы керек. Аса бағалы демалыс факторлары бар демалыс орындарын орналастырғанда, санитарлық эпидемиолгиялық қызмет орталығының келісіммен бір орынға арналған ауданды 20% дейін азайту рұқсат етіледі.
Санатории территориясында қызметкерлерге арналған тұрғын құрылыстарды орналастыруға рұқсат етілмеді.
Санатории территориясында келесі қызметтік аймақтар болады:

  • Қабылдау аймағы (қабылдау бөлімі);

  • Тұрғын аймағы ;

  • Саябақ аймағы;

  • Дене тәрбиесі сауықтыру жабдықтарынының аймағы;

  • Оңашалау аймағы;

  • Шаруашылық аймағы.

Тұру аймағында жатын корпусы, оқыту, тамақтану, емдеу, мәдениет пен әкімшілікті - тұрмыстық мақсатқа арналған бөлмелер, ғимарат пен жабдықтар орнатылады. Тұру аймағы көшеден және жер бөлімінен ыңғайлы кіретін болуы керек.
Жатын, оқу корпустары мен тұру зонасы шекарасы арасындағы санитарлық қашықтық 50 м кем емес; санаторияның негізгі ғимараты мен көлік магистралі арасындағы қашықтық 150 м кем емес; Шаруашылық аймаққа дейін- 100м кем емес, жергілікті жолдан 30м кем емес.
Саяжай аймағына кіреді: ойн алаңы, көгалдану, оқу тәжирибелік бөлім.
Ойын алаңы бір балаға 5 м кв. келеді және жабдықталады: Мектепке дейінгі және кіші мектеп жастағы балалар үшін-құм салғыштармен, әйткеншектермен, сырғанақ, сатылармен т.б.; үлкен мектеп жастағы балалар үшін- орындықтармен, айынға және кітап оқығанға арналған үстелдермен т.б.
Ауланың беті шөпті-құмды болуы қажет, плиткалы рұқсат етіледі, (гравиной) рұқсат етілмейді.
Санаторидің территориясы барлық ауданнаң 60% көгалдандырылған ойын ауласын қоса алған болуы қажет.
Жазғы уақыттағы күндізгі үйқыны ұйымдастыру үшін жатын корпустарына жабық дәліз, паркті зонаға жеке кіру жолымен орнатылу керек. (әр секцияға бөлек) немесе паркті зонада жабық аулада ағашты еденнен және үш қорғаныш қабырғаларымен орнату керек (әр секцияға бөлек.). Балалардың ыстықтап немесе тонып кетпеуі үшін қабырғаларды аз жылықұбырларымен жабдықталуы керек.
Жылдың суық мезгілінде үйқыны ұйымдастыру үшін жылыту верандаларын сонымен қатар жатын қапшықтарын сақтайтын бөлмелерді орнату қажет.
Шынықтыру-сауықтыру зонасында:
Спорт алаңдары (20 м2 1 орынға) және емдік шынықтыру сабақтары; балалардың жастық топтары бойынша және санаторияның медециналық профилі бойынша жабдықтау; ем пляждары.
Жатын және оқы бөлмелерінің арақашықтығы аулаға дейін 50м кем болмауы керек.
Спорт алаңдарын және сауықтандыру лагерлері сияқты жинау. Оларды қатаң режим бойынша пайдалануы керек, және медециналық персаналдың бақылауы бойынша.
Балалар пляждарының құрлысы және құрамы санитарлық талаптарға сай келу керек.
Оңашалау зонасы қалған территорияда алыс орналасу қажет, сауығап шыққан балалар үшін ыңғайлы подъезді жолдары болу керек.
Шаруашылық зонасының ауданы санаториидің орналасуы орнына тіуелді. Санаторияның курортты жерде орналасуына жалпы курортты котельня, кір жуғыш, гараж, комплексті мекеме, құрамына қосылатын жалпы комплексті шаруашылық зонасын жобалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет