Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»


Иллюстрациялы материалдар



бет32/36
Дата27.09.2023
өлшемі198,53 Kb.
#110450
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
4. Иллюстрациялы материалдар: слайд
5. Әдебиет:


Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым
баспа орталығы.2008.
2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.
Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
Орыс тілінде
Негізгі:
1.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.


Қосымша:
1.Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к
условиям воспитания, обучения и трудавой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.Л.М. Медицина.-2006.-Голубаев В.В.и др. Практикум по оснаванием педиаторы и гигиены детей дошкольного возраста.- М. Издательский центр»Академия».2000-200с.
2.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными
терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.


6.Қорытынды сұрақтар:

  1. Санатория құрылысын жүргізудегі жер теліміне қойылатын талаптар қандай?

  2. Балалар мен жасөпірімдер мекемесінде эпедемияға қарсы жұмыс не үшін жүргізіледі?

  3. Балалар мен жасөспірімдерге арналған санатория ғимараты ережесі жайлы айтыңыз?

22


1.Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер ұжымдарында жазғы сауықтандыру жумыстарын ұйымдастырудың гигиеналық сұрақтары. Жазғы сауықтандыру лагерлерін жайлыландыру және салудың гигиеналық қағидалары.
2. Мақсаты: балалар мен жасөспірімдер ұжымдарында жазғы сауықтандыру жұмыстарын ұйымдастырудың гигиеналық сұрақтары жазғы сауықтандыру лагерлерін жайлыландыру және салудың гигиеналық қағидалары туралы түсінік беру.
3. Дәріс тезисі:
Жазғы мезгіл жас балаларға, бүлдіршіндерге және барлық өсуші талаптағыларға сауықтыру жұмыстарын жүргізуге өте қолайлы екені белгілі Негізгі санитарлық жұмысты ұйымдастыру тәртібі барлық жазғы салауаттандыру лагеріне қойылады. Барлық салынып жатқан жазғы салауаттандыру орындарды санитарлық талаптар мен ережелерге сүйенуі және ғимараттың жабдықтауы үшін керек. Барлық жазғы салауаттандыру лагерлерде қайтадан салу кезінде Қазақстан Республикасының рұқсат еткен барлық талаптары бойынша полимерлік материалдарды қолдануы қажет,уақытша салынған ғимаратты жазғы салауаттандыру лагеріне қолданылатын болса, оныо аймағында немесе алаңдарында мөлшерлік құжаттан ауытқулар болса, онда оны сол жердің санитарлық эдидемиологиялық қызметкерлері шешуге тиісті. Жазғы салауаттандыру лагерлері жаз айында және жыл бойы қолданылуы мүмкін. Жыл бойы қолданылатын жазғы салауаттандыру орындары балаларды демалуына қоиылатын талапқа сай болуы керек.Ұжымның басшылары балалар лагерінің санитарлық- эпидемиологиялық қызметінің ғимараттар жоспары бойынша барлық талаптарын орындауы керек. Балалар салауаттандыру лагерлері екі топка бөлінеді:
1.сыйымдылығы 330 балаларға арналған жеке лагерь;
2.сыйымдылығы 690 балаларға арналған топтық лагерь;
6-9 жастағы (25 баладан аспауы керек) 10-14 жастағы'(30 баладан аспауы керек)
Жазғы салауаттандыру лагерлері ашылмастан бұрыш арнаулы комиссия құрылады. Комиссия құрамында санитарлық эпидемиологиялық станцияның дәрігері, орт сондіру техникалық және шаруашылық ұиымдарының қызметкерлері бірігіп акт толтырады. Лагерь аумағына санитарлық эпидемиологиялық қызметінің рұқсатынсыз кіруге тиым салынады, 317/у құжатында корсетілген. Салауаттандыру аймағында қызметкерлердің тұрғын үй, жеке колік тоқтайтын автоаялдамалар арналған аимақ болып бөлінеді. Негізгі құрылыс аймағы томендегідей функционалдық алаңдардан тұрады: тұрғын-үй, мәдени -тұрмыс, денешынықтыру- салауаттандыру, әкімшілік-шаруашылық, техникалық. Негізгі құрылыс аимағы биіктігі 0,9м-ден кем болмайтын қорғанмен қоршалып, оған кіретін екі жол - негізгі және шаруашылық жолдары қарастырылады.Қызмет етуге арналған аймақта қазандық, кір жуатын орын, жеке тазарту құбыры бар көлік тұрағы, кекөніс сақтайтын орын, қоймалар шеберханалар, қыста өсімдік өсіретін орын орналасады. Аймақ негізгі құрылыстын жел жағында орналасып, айналасы қоршалған және балалар бара алмайтындай болуы керек. Жасыл желектердің ауданы негізгі құрылыстың 60%-нан кем болмауы керек және барлық функционалдық алаңдар біркелкі көгалдандырылады. Тікені бар бұталы өсімдіктерді өсіруге тыиым салынады.Негізгі құрылыс аймағының ауданын 1 орынға 150-200м2 есебінен алады. _ Аимақта денешынықтыру-салауаттандыру алаңы қарастырылады оның ішінде міндетті түрде волейбол бадминтон, стол теннисі жеңіл атлетика, ұзындыққа және биіктікке секіретін алаңдар, жгіретін жолдар болуы керек. Оған қосымша футбол, теннистік спорт, спорт ойындарына арналған алаңдар және т.б. орналастыруға болады. Спорт және ойын алаңдарында төмендегі ережелерді сақтау қажет: а) балалар міндетті түрде спорттық киімде болуы; б) балалардың спорт заттары мен құралдарын дұрыс паидалануды, қауіпсіздік ережелерін сақтау жағдайын жақсы білуі- в) ауа-раиы құрғақ кездерде, алаңдарға сабақ басталардан 20 минут бұрын cv шашып шаңын басу.Негізгі құрылыс аймағында 100 балаға 1 кран есебінде су ішетін фонтандар болуы керек.Қоқыс жинастыру үшін арнаулы бетондалған аланшалар белініп оған бетінде қақпағы бар қоқыс салғыш қойылады.
Суға түсетін жердің алаңын таңдау, балаларды салауаттандыру лагерлеріне арналған 1997 ж. Санитарлық талаптарға сәйкес жүргізіледі Бұл аимақ порттардан, шлюздерден, ГЭС-дан аулақта және лас су қосылатын жерлерден 500м жоғарыда орналасуы керек. Суға түсетін орындарды су көздерінің және ондіріс орындарының санитарлық- қорғаныш аумағының бірінші белдеулерінде орналастыруға тыйым салынады. Суға түсуге арналған орынның жағасы төмпешік, шұңқырлары жоқ, жазық болады. Балалар түсетін судың тереңдігі 1,3 м, су ағысының жылдамдығы 0,5м/сек-тен жоғары болмауы керек. Судың көбі откір заттардан, тастардан осімдіктерден, ағаш түбірлерінен тазартылған, таза құмды болуы тиіс Жағасына күн кезінен тасада орындық, ағаш төсектер орналастырылады.Суға түсетін орынның ауданы 1 адамға 4м2, ал жалпы ауданы лагерь сыиымдылығының 50%-ын қамтиды. Аймағы киім ауыстыруға арналган кабиналармен (50 адамға 1 кабина), дәретханалармен (суға түсетін жерден 20 м қашықтықта орналасқан), дене жуатын кабиналармен (40 адамға 1 кабина), су пнуге арналған фонтанмен жабдықталынып, одан ағатын судың биіктің 15-20см аралығында, ал судың сапасы ауыз суға арналған 3.01.067- 97 СанТменЕ-ге сәйкес болуы керек.
Бассейндегі су тұрақты түрде тазартылып, залалсыздандырылып отырады және ондағы коли-индекс 10-нан, жалпы микробтардың саны 100- ден, тотығу жағдайы 4мг/л және аммиак сақталу 0,05мг/л-ден жоғары болмауы тиіс.Суға түсетін жерді пайдалану кезінде негізгі хлордың концентрациясының деңгейі 0,5 мг/л -ден аспауы керек, түнде 1,5 мг/л дейін жоғарылатуға болады. Ауыз қуысының кілегейлі қабатына зақым келтірмеитіндіктен суды бромдау тәсілін пайдалануға болады. Осы мақсат үшін 5,5-диметил мен 1,3 дибромгидонтоинді пайдалану ұсынылады. Қалдық бромның концентрациясы 0,7-1,2 мг/л деңгейінде болуы керек, ал түнгі уақытта 2,0 мг/л көтеруге болады.
Лагерь ғимараты мен құбырларына қойылатын санитарлық талаптар-

        1. Тұрғын үй ғимараты 2 қабаттан жоғары болмауы тиіс. Демалыс аимақтарда санитарлық эпидемиологиялық қызмет орындары мен өрт бақылау ұжымдарының келісімімен лагерьді 3 қабатты етіп жобалауға

        2. Ғимараттың тұрғын бөлмелерінің терезелерін көкжиектің солтүстік аимағының 70-200 дейінгі кеңістігіне бағыттау қажет. Палаталық бөлмелерге лагердің жалпы сыйымдылығының 20% -ның есебінен алынған ересек жастағы балалар орналастырылады.

        3. Бір ғимаратқа 4 топ орналаса отырылып, оның әрқайсысы қажет бөлмелердің жиынтығын толық қамтамасыз етіліп аймаққа шығатын жеке есіктері болуы қажет.

        4. Лагерьде міндетті түрле медициналық қызмет корсету орны мен оқшаулатқыш жұмыс істеуі керек. Медициналық қызмет корсету орнында дәрігердің бөлмесі, тіс дәрігерінің болмесі, егу белмесі мен дәретхана қарастырылады. Оқшауланған палатадағы төсек саны лагерьдің жалпы сыиымдылығының 20%-ы есебінен алынады.

        5. Лагерьдің асхана орны барлық балаларды бір мезгілде тамақтандыруға есептелінеді, бірақ есептелген орынның саны 120-дан аспауы керек.

        6. Лагерь ғимараты шаруашылық су, ауыз су және ыстық су, тазалау құбыры жүиелерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Ауыз су 3.01. 067-97 СанТмЕ-не сай болуы керек. Су шығынының мөлшері тәулігіне бір орынға 130 л есебінен. оның ішінде 40 л ыстық суға есептелінеді.

Орталықтындырылған тазалау құбыры болмаса лас суларды, тазартып шығаратын жеке жүйелер орналастыруға болады. Су өткізбейтін терең шұңқыры бар аулалық дәретханаларды тұрғын үй мен асханадан 50 м қашықтықта орналастырылады және 75 балаға бір орын есебінен алынады

        1. Лагерьдің негізгі бөлмелерінің бәріне табиғи жарық түсуі тиіс Асхана қоғамдық мәдени бөлмелеріндегі табиғи жарық коэффициент 1%, ал тұрғын болмелерде 0,5%-дан кем болмауы керек. Жасанды жарық ретінде люминисцентті шамдарды пайдалану ұсынылады.

        2. Бөлменің тобесі, қабырға, едені ылғалды тазартулар жүргізуге залалсыздандыруға кететіндей тегіс болады. Негізгі бөлмелерді жарық беретін ашық түстермен бояп, ал өндірістік қоймаларға арналған бөлмелерді 1,5-1,8м биіктікке дейін су откізбейтін материалдармен қаптаиды.

Лагерьдің құрал-жабдықтары, жиһаздары балалардың жас бой ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. ұйықтауға арналган болмелерді қосалқы төсектермен жабдықтауға тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет