Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»



бет26/36
Дата01.05.2023
өлшемі198,53 Kb.
#88701
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Байланысты:
метод-лек-Гигиена-дет-подр-ОЗ-каз

3. Дәріс тезисі:
Қоғамның басым мiндеттерiнiң бiрi - балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың өмiрi мен оқуы үшiн салауатты да қауiпсiз жағдай жасау, санаткерлiк, рухани және дене күшiн дамытуды қамтамасыз ету, адамгершiлiктiң берiк негiзiн әрi салауатты өмiр салтын қалып- тастыру болып табылады. 
Қазiргi уақытта республикада балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың денсаулығына және адамгершiлiк мiнез-құлқына байланысты қолайсыз жағдай қалыптасты, олардың негiзгi себептерi мыналар: 
1. жыныстық қарым-қатынас аясында адамгершiлiктiң аяққа басылуы; 
2. денсаулықты сақтау мен нығайту жөнiндегi қажеттi бiлiмнiң болмауы; 
3. үлкендердiң көмек көрсетуге қабiлетсiздiгi және әрбiр жасөспiрiмнің, жастың алдында туындаған сұрақтарға жауап бере алмауы; 
4. жыныстық жолмен берiлетiн аурулар санының көбеюi; 
5. кәмелетке толмағандар жүктілiгiнiң өсуi, оның салдары-аборт немесе көбiнесе баладан безiну мен әлеуметтiк жетiмдiкке, әкелiп соқтыратын жастай ана болу
6. кәмелетке толмағандардың жезөкшелiгiнiң өсуi. 
Соңғы он жылда жыныстық жолмен берiлетiн аурулармен (бұдан әрi - ЖЖБА) ауру күрт өстi және індет сипатына ие болды. Бұған бiр саяси, экономикалық жүйеден екiншiсiне көшу кезеңi, қоғамды басқарудың идеологиялық тетiктерiнiң әлсiреуi, жұмыссыздық деңгейiнiң өсуi, бұрын-нан бар мұраттар мен моральдық қағидаттардың бұзылуы, жыныстық мiнез-құлық нормалары-ның өзгеруi ықпал еттi. 
Ең алдымен өскелең ұрпаққа адамгершiлiк-жыныстық тәрбие беру жөнiнде мемлекеттiк және қоғамдық сипатта шұғыл шаралар қолдану олардың бойында жағымды-белсендi тұлғаны қалып-тастыру, жасөспiрiмдерде болашақта берiк отбасылық қарым-қатынасқа бағытталған белсендi жеке ұстанымды орнықтыру, тәндiк және психикалық саулыққа ұмтылу қажеттігi туындайды. ЖҚТБ-ны қоса алғанда, ЖЖБА-ның (жыныстық жолмен берiлетiн аурулар) алдын-алу, жөнсiз жүктілiк, жыныстық қылмыстар мәселелерi қоса шешілуi тиiс. 
Бұл бағыттағы қызмет мемлекеттiң өз азаматтарының денсаулығын қорғау саласындағы басты басымдықтарының бiрi болып табылады. 
Адамгершілік-жыныстық тәрбие тұжырымдамасы жастарға бiлiм берумен байланысты мәселелердi реттеуге ықпал етуi тиiс. 

 2.Проблеманың қазiргi жай-күйін талдау 

Барлық халықтың өсiмтал және сексуалдық саулығын бағалау жөнiндегі көрсеткiш топтардың бiрi балалар, жасөспірiмдер және жастар болып табылады. 
15-17 жасар жасөспiрiмдер, Алматы қаласының 20 мектебi мен лицейiнiң 9-11-сынып оқушылары арасында жүргiзiлген жасырын сауалдаманы талдау сұрау салынған жасөспiрiмдердiң 33,6%-ның жыныстық байланыстан тәжiрибесi бар екенiн, олардың 61,2%-ның тұрақты жыныстық қатынас жасайтынын көрсеттi. Сұралғандардың 0,8%-ның 12 жасқа дейiн жыныстық байланыстарда тәжiрибесi болса, жасөспiрiмдердiң 12,6%-ы оған 15 жасқа дейiн ие болған.
Жасөспiрiмдер жезөкшелiгi едәуiр етек алды, жыныстық қатынас жасайтын сұрау салынғандардың 40%-ы сексуалдық қызметi үшiн сыйақы алған немесе алады. 
Сұрау салынғандардың 0,5%-ы өздерiнiң қалыптасқан гомосексуалдық бағдарларын хабарласа, 1,3%-ы өздерiнiң бағдарларын бисексуалдық деп бағалайды, 7,3%-ы жыныстық құштарлығының бағытын белгiлей алмаған. Сұралған жасөспiрiмдердiң 23,3%-ы айына 2-3 рет және одан да жиi iшiмдiктi, 4,3%-ы есiрткiнi пайдаланады. 
Жасөспiрiмдердiң 24,8%-ы өздерiнiң мерезбен ауырғандарын зорлаумен байланыстырады, сонымен бiрге сұрау салынғандардың 10%-ы алғашқы жыныстық қатынасының зорлау арқылы жасалғанын айтады. 
Жыныстық қатынасқа түскен жасөспiрiмдердiң 14%-ы венерологиялық аурулармен ауырған. Мұндай жағдайда олардың бiреуi ғана арнаулы мекемеде емделген, ал 9-ы (64%) медициналық емес құрылымдардың қызметiн пайдалануды немесе өзiне-өзi ем қолдануды артық көрген.  Республикада ауру проблемаларының сақталуы мен күшеюiне және оның сипаттарының нашарлауына байланысты мерезбен аурудың деңгейi жоғарылағаны: өз еркiмен медициналық көмекке жүгiнушiлердiң аз үлесi; қатысты адамдарды табу мен жауапқа тартудың азаюы; туа бiткен мерездiң өсуi; қаладағы сияқты ауылда да 14 жасқа дейiнгi балалар арасында мерезбен ауру деңгейiнің бiртiндеп өсуi байқалады. 
0-ден 14 жасқа дейiнгi топта туа бiткен мерездің барлық жағдайы тiркелетiнiн, ал клиникаға негiзiнен 10-нан 14 жасқа дейiнгi мерезбен ауырған балалар түсетiнiн, олардың тек 12%-ы ғана сексуалдық жағынан белсендi екенiн ескерсек, 10-14 жастағылардың ауру деңгейiн сипаттайтын қарқынды көрсеткiштер бұдан да ұлғая түседi. Былайша айтқанда, 10-нан 14 жасқа дейiнгi балалардың саны 1620,6 мыңды құрайды, олардың 12%-ы сексуалдық жағынан белсендi немесе 194,5 мың, ал аурудың қарқынды көрсеткiшi 100 мың халыққа 239,6-дан келедi. Осы есептен алғанда сексуалдық жағынан белсендi мың баланың әрбiр екiншiсi мерезбен ауырған. 
Ер балалардан гөрi қыз балалар ауруының өсуi алаңдатады, бұл әсiресе 15-17 жасар жасөспiрiмдер топтарынан байқалады. Шын мәнiнде жасөспiрiм қыздардың ауруы жасөспiрiм ер балалардың осындай көрсеткiштерiнен 2 есе асып түседi. 14 жастан жоғары жасөспiрiмдер тобындағы қыз балалардың тiркелген мерез аурулары санының бел алуы сексуалдық қарым-қатынастың коммерциялануымен байланысты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет