Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»


Иллюстрациялы материалдар



бет9/36
Дата01.05.2023
өлшемі198,53 Kb.
#88701
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
Байланысты:
метод-лек-Гигиена-дет-подр-ОЗ-каз

4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар


5.Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым
баспа орталығы.2008.
2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.
Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
2.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.
3.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными
терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.


6.Қорытынды сұрақтары:
1.Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінің физиолого -гигиеналық негіздерін атаңыз.
2.Тәуліктік козғалыс белсенділігін қалай анықтайды?
3.Дене тәрбиесінің қандай құралдары мен формаларын білесіз?
8
1.Тақырыбы: Шынықтырудың физиологиялық-гигиеналық негіздері. Шынықтырудың қағидалары.
2.Мақсаты: Шынықтырудың физиологиялық-гигиеналық негіздерімен, шынықтырудың қағидаларымен таныстыру.
3.Дәріс тезисі:
Қимыл-қозғалыс тіршіліктің белгісі және ағзаның биологиялық қажеттілігін қамтамасыз етудің, әлемді танып, білудің құралы. Қимыл- қозғалыс белсенділігі дегеніміз -белгілі уакыт арасындағы дене қозғалыстарының жалпы санының жиынтығы. Қимыл-қозғалыс белсенділігі дұрыс өсіп, даму үшін қажет және кинезофилия деп аталатын ағзаның биологиялық қажеттілігі болып саналады. Ол үдемелі сипаттамада болады және жас өскен сайын ұлғаяды. Мысалы: Көрсетілген заңдылықтар балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру тәрбиесін ұйымдастыруда жас жыныстық ережелердің негізі болып табылады. Қимыл-қозғалысқа биологиялық қажеттілік баланың өмірге алғаш келген күнінен бастап пайда болады, бірақ ол әлеуметтік жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Тіршілік жағдайы мен тәрбие жүйесі, тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігін шұғыл төмендетіп не болмаса жоғарылатып жіберуі мүмкін. Ерте жаста ол биологиялық (генетикалық) механизммен реттеледі, ал одан кейінірек ересек жастарда әлеуметтік механизм бойынша реттеледі. Дене шынықтыру тәрбиесінің физиологиялық негізі, сонымен қатар генетикалық және сыртқы орталық жағдайлардың әрекеттесуінен тұрады. Ағзаның дамуы, онтогенездің барлық кезеңдерінде генетикалық бақылауда болады. Бірақ генетикалық бағдарламаның жүзеге асуы әртүрлі сыртқы орта жағдайлардың әсер етуіне байланысты болады. Қолайсыз жағдайлар ағзаның дамуын осы бағдарлама ішінде, немесе оданда артық ауытқуларға әкеліп соғады. Биохимиялық және морфофункционалдық өзгерістерге ұшыратып, балаларда дамудың төмен деңгейіне қарай ауысуы басталуы мүмкін. Баланың даму кезендерінде дұрыс жүргізілген дене шынықтыру тәрбиесі, керісінше генетикалық бағдарламаға сәйкес дамуды жоғары деңгейге қарай ауыстырады. Бұл процесс, өсу мен даму деңгейін жақсартуға табиғи жағдай жасау деп аталады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің физиологиялық тиімділігі де онтогенездің әрбір кезеңдерінде әртүрлі болады. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, 8-9 жастағы ер бала, еркін тәртіпте тәулігіне 24 мың қадам, 10-11 жастағы 24 мың, 14-15 жаста 28-29мың қадам жүреді. Жыныстық айырмашылық 10 жасқа дейін онша білінбейді, бірақ 11 жастан бастап қыз балаларда орташа тәулік қадамдарының саны ер балаларға қарағанда 3-4 мыңға кем болады. Одан ары қарай бұл айырмашылықтар одан да коп аралықпен балалардың әртүрлі физикалық жаттығулардың әсеріне ең жоғары сезімталдық кезеңдері, яғни сенситивтік кезеңдер бекітілген. Олар негізінен күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік сияқты физикалық қасиеттерінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасайды. Мысалы балаларда иілгіштік қасиете, әсіресе мектепке дейінгі жастарда қарқынды дамиды да,жыныстық жетілу кезеңінде тоқтайды. Олардың негізгі физикалық қасиеттерінің бірі 10-12 жасқа дейін жақсы дамыйды, бірақ төзімділікті дамыту үшін ең қолайлы кезең 15-17жас аралығы деп есептеледі. Физикалық жаттығулар, жыныстық жетілу механизмін реттеуші болып табылады. Бұл процестің даму қарқыны генетикалық процеске негізделсе де спортпен дұрыс айналысу, қыз балалардың репродукциялық қызметінің дамуын жақсартады. Бірақ, олардың спорттың кейбір түрлерімен (футбол дзюдо, атлетикалық жаттығулар) айналысуы туралы сұрақ әлі күнге біржақты шешімін тапқан жоқ.
Балалар мен жасөспірімдер қимыл-қозғалыс белсенділігін шартты түрде үш бөлімге болуге болады: оқу және еңбек іс-әрекеті кезеңіндегі денешынықтыру сабағы кезеңіндегі және бос уақытта тұрақты түрде пайда болатын қимыл-қозғалыс белсенділіктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет