Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»


Иллюстрациялы материалдар



бет6/36
Дата01.05.2023
өлшемі198,53 Kb.
#88701
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
метод-лек-Гигиена-дет-подр-ОЗ-каз

4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар


5.Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым
баспа орталығы.2008.
2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.
Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
2..Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.
3.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными
терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.


6.Қорытынды сұрақтары:

  1. Мектептерде еңбекке оқытудың гигиеналық негіздерін атаңыз.

  2. Балаларды оқытуда негізгі гигиеналық жағдайлар қандай?

  3. Мектепке жүйелі түрде оқуға баланың функционалдық дайындығын қалай анықтаймыз?

5
1.Тақырыбы: Жасөспірімдерге дәрігерлік-кәсіптік кеңес және кәсіптік бағдар беру. Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің медико- физиологиялық аспектілері.


2. Мақсаты: Жасөспірімдерге дәрігерлік-кәсіптік кеңес және кәсіптік бағдар берумен, оқушыларға кәсіптік бағдар берудің медико- физиологиялық аспектілерімен таныстыру.
3.Дәріс тезисі: Мамандыққа бағыт беру мектеп оқушыларының тілегі, денсаулық жағдайын, жеке басының ерекшеліктерін, сонымен қатар, қоғамға қажеттігін ескере отырып, оқушыларға мамандық таңдауға көмек көрсету үшін ғылыми негізделген көп аспектілі жүйесі.
Біздің қоғамда жасөспірімдерге мамандық таңдауға еркіндік берілген, бірақ, сол мамандақтардың қазіргі тізімі 50 мыңнан астам атаулардан тұрады. Мұнда, мектеп оқушыларының кейбіреуі денсаулығына байланысты немесе ағзаның жеке ерекшеліктеріне байланысты тізімде көрсетілген бірқатар мамандықтарға жарамсыз болады. Сондықтан мамандық тандау ерікті болып қана қоймай, сонымен бірге салалы түрде негізделген болуы керек.
(Мектеп оқушылары халықтың басқа контингенттеріне қарағанда, осы жастағы ерекшеліктеріне:
1.өзінің күші мен мүмкіндігін артық бағалау;
2.әртүрлі мамандықтардың ағзаның қоятын талап-тары туралы білімнің болмауы;
3.Денсаулық жағдайларындағы ауытқуларды елеп-ескермеу т.б. жағдайларға байланысты мамандық таңдау үшін медициналық қызметкерлердің бағыт беруін қажет етеді.
Оқушылар мұндай сұрақтарға күмеісті мектеп педиаторларынан, балалар емханасынан дәрігерінен, ересектер емханасының жасөспірімдер бөлмелерінен; сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің санитар дәрігерінен алады.
Мектеп оқушылары үшін мамандық таңдау олардың болашақтағы өмір жолын, оны ішінде денсаулық жағдаиын да анықтайтын маңызды қадамдары болып саналады.
Бірақ, жасөспірімдердің көбі осы сұрақ туралы анық пікір айта алмайды. Мысалы, Мәскеу қаласында жүргізілген зерттеулер тек бітірушілердің 20% ғана өзінің болашақ мамандығын таңдай алғандығы, 50% мамандық таңдамағандары, ал 30% кейбір тілектері болса да оны қалай іске асыруды білмейтіндігін корсетті. Жасөспірімдердің осы 80% мамандық таңдау кезінде маңыздылығы томен негіздерді басшылыққа алатындықтан қателікке көп ұшырайтындығы анықталды. Мұндай негіздерге, көбінесе, жолдастарына көзсіз еліктеушілік, немесе "модадағы" мамандықтарға еліктеушіліктер жатқызуға болады.
Сонымен қатар, дұрыс таңдалмаған мамандықтар елеулі қателіктерге әкеліп соғады, әсіресе жасоспірімдердің денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Кейінгі жылдардағы зерттеулер бойынша 8-10 класс оқушыларының 40%- ке жуығының денсаулығынан ауытқулар байқалады, яғни, бұл оқушылардың еркін Мамандық таңдауға мүмкіндіктері жоқ. Бұл жағдайларды ескермеу аурулардыасқындырып, соңынан мүгедектгікке соқтыруы мүмкін. Егер таңдап алынған мамандық оқушылардың жеке өзі ерекшеліктерге сәикес келмесе, онда ол жүйке-психикалық бұзылуларға, тіпті осматикалық ауруларға ұшырауы мүмкін. Мамандыққа жарамсыздық өндірістердегі апаттардың жеке жарақаттанулардың себептердің бірі ретінде болады Еңбек сапасының төмен болуы, мамандардың тұрақтамауы осының салдарынан қоғамға материалдық зиян келтіру сияқты дұрыс таңдалмаған мамандықтың заңды нәтижесі болып саналады. Жоғарыда көрсетілгендерді есепке ала отырып, мамандыққа бағыт берудің мәселесінде 3 негізгі аспектілерді бөлуге болады:
1.Психофизиологиялық – жасөспірімдердің жеке басының ерекшеліктері, оның қабілеті, жеке психо-физиологиялық ерекшеліктері ескеріледі.
2.Медициналық - оқушының денсаулық жағдайы ескеріледі.
3.Әлеуметтік- экономикалық - қоғамға әртүрлі мамандықтың қажеттілігі ескеріледі;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет