Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»


Жасөспірімдердің жасына байланысты ойындар мен демалыстар



бет5/36
Дата01.05.2023
өлшемі198,53 Kb.
#88701
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Жасөспірімдердің жасына байланысты ойындар мен демалыстар
Күн тәртібінің бұл бөлімінің негізгі мақсаты-көңіл-күй нашарлауынан пайда болған ағзалардағы қолайсыз өзгерістерді жою үшін, көңіл-күй дұрыстығын қалыптастыру.
Кейінгі жылдары әлем халықтарының психикалық денсаулығының динамикасы. Психикалық аурулардың едәуір көбеюіне байланысты, белгілі дәрежеде сақтану қажеттігін туғызады. Балалық шақта қалған өмірдің бәріне психикалық денсаулық қалыптасады, сондықтан осы кезеңде психогигиена ерекше роль атқарады. Сонымен бірге халықтың барлық жас топтарының арасында жүйке аурулары көбінесе 7-14 жас аралығындаеы балаларда кездеседі.
ІІсихикалық денсаулық деген түсінікке психикалық бұзылулардың болмауы ғана емес, сонымен қатар ағзаның қажуға қарсы тұру мүмкіндігі және адам мен қоршаған ортаның арасындағы тепе-тендік жағдайлары да кіреді. Психикалық денсаулық баланың қоршаған ортаға үйреніп, дағдылануына әсер етуші күшті фактор болып табылады. Мұнда көңіл-күй дұрыстығы, психикалық денсаулықтың нығаюына басқа жағдайлардың бәріне де жоғары әсер етеді және ол балаға өз күшіне сенімділік туғызып, қанағаттандыру сезімін жатады. Олардың физиологиялық маңызымен қатар, әлеуметтік маңызы да өте зор. Жақсы көңіл-күйдің қалыптасуына, оны мәжбұр қылмай, баланың өз қалауы бойынша алынған ойындар мен демалыстар да жақсы өсер етеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібінде бұндай іс-әрекет 4,5-5,5 сағаттан, мектеп оқушыларына 1,5-2,0 сағаттан төмен болмауы керек.
Балалар мекемелеріндегі күн тәртібін ұйымдастыруға, оқу-тәрбие жұмысына мемлекеттік бақылау жасау, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы санитарлық дәрігерінің қызметінің маңызды бөлімі болып табылады. Бақылау төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:
1. Мекемеде, мекеме бастығы бекіткен күн тәртібі бар ма,соны анықтау;
2 Күн тәртібінің санитарлық-гигиеналық мөлшерлерге сәйкес екендігін анықтау;
3. Қабылданған күн тәртібінің іс жүзінде орындалатындығына бақылау жасау;
4. Оқу және тәрбйе жағдайлары күн тәртібінің дұрыс сақталуына сәйкес келетіндігін анықтау;
5. Анықталған кемшіліктерді жою үшін нақтылы уақыты көрсетілген нұсқаулар беру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет