Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»


Иллюстрациялы материалдар



бет21/36
Дата01.05.2023
өлшемі198,53 Kb.
#88701
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Байланысты:
метод-лек-Гигиена-дет-подр-ОЗ-каз

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд


5.Әдебиет:


Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым
баспа орталығы.2008.
2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.
Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.


Орыс тілінде
Негізгі:
1.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.


Қосымша:
1.Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к
условиям воспитания, обучения и трудавой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.Л.М. Медицина.-2006.-Голубаев В.В.и др. Практикум по оснаванием педиаторы и гигиены детей дошкольного возраста.- М. Издательский центр»Академия».2000-200с.
2.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными
терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.


6.Қорытынды сұрақтары:

        1. Қай маман ескертпелі санитарлық қадағалауды жүргізеді?

  1. Балалар мекемесіне қандай гигиеналық талап қойылады?

  2. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерін жайландыруға қандай гигиеналық қағйдалар бар?

  3. Балалар мекемесінің аймағын неге негіздеп көгалдандырады?

  4. Балалар мекемесінің аумағын қанша пайыз көгалдандыру керек?

17
1. Тақырыбы: Мектепке дейінгі мекемелердің жобалануы мен салынуына қойылатын гигиеналық талаптар.
2. Мақсаты: мектепке дейінгі мекемелердің жобалануы мен салынуына қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру.
3. Дәріс тезисі:
Мектепке дейінгі мекемелер өндіріс объектілері мен үлкен магистралды кешелерден аулақ, жеке бөлінген жер учаскесінде тұрғын аудан ішінде орналастырылуы керек. Жер учаскесін жылдың барлық мезгілінде балалардың әртүрлі іс-әрекеттеріне арналған мекеме ғимаратының жалғасы ретінде қарау керек. Жер учаскесінде төмендегідей функционалдық зоналар болуы керек: топтық алаңдар, жалпы дене шынықтыру алаңы, бау-бақша алаңы, шаруашылық алаңы және көгалдандыру алаңы. Топтық алаңдар - топтық жекелендіру ережелерін сақтау үшін жасалады. Олар негізінен топтық бөлімдердің жалғасы алынатындықтан, олардың саны балалар мекемелеріндегі топтар санына сәйкес келуі керек. Учаскеде сәбилер топтық алаңдары үшін және мектеп жасына дейінгі балалардың топтық алаңдары үшін секторларға бөлінеді. Сәбилерге арналған алаңдар шуыл көзінен аулақ, ғимаратқа кіретін есікке мейлінше жақындатын орналастыру керек. Алаңдарда ауданы 40 м/кв, төбесі жабық, көлеңкелі қалқалар орналастырылады. Мұнда ойыншықтар мен құрал саймандарға арнап бірге салынған шкафтар болуы керек.
Сәбилерге арналган топтық алаңдардың жері шөптесін өсімдіктермен көгалдандырылуы керек, ал мектеп жасына дейінгі топтарда одан басқа ауданы 60 м/кв дейін тапталган жер болуы керек. Балалардың жасына қарай топтық алаңдар манежбен, тақтай-төсеулермен, өткеншектермен, баспалдақтармен, төбешектермен және т.б. жабдықталынуы керек.
Учаске ауданының 50% көгалдандырылуы керек. Мұнда тікенекті, жемістері улы өсімдіктер болмауын қадагалау қажет. Учаскеде мектепке дейінгі топтар үшін бір балаға 0,6 м/кв есебінен бау-бақша орналастырылады. Ауылдық жерлерде бұдан басқа құстар мен жануарлар өсіру үшін ауданы 30 м/кв алаңшалар қарастырылады.
Учаскеде көлемі 15 м/кв кем болмайтын жалпы дене шынықтыру алаңдары қарастырылады, ал балалардың ясли-бақша кешендерінде - жалпы ауданы 400 м/кв екі алаңша алынады. Алаңшалардың төсеніші топырақ, ағаш, асфальт, резенкелі-битумды болуға рұқсат етіледі, аздап шөптесін өсімдіктермен когалдандырылған болуы мүмкін. Дене шынықтыру алаңшасынын параметрі бойынша ұзындығы 100-150м жүгіретін жол орналастырылады.
Шаруашылық алаңшасы асхана мен кір жуатын орынға жақын, топтық алаңдардан барынша алшақ орналастырылуы керек. Ауданы мектепке дейінгі мекеменің сыйымдылығына және елді мекендердегі коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету деңгейіне байланысты анықталады. Алаңшада қоқыс салғыштарға арнап орын бөлінеді. Қажетіне қарай ауданы 50 м/кв көп емес көкөніс сактайтын орын жасалады.
Мектепке дейнгі мекемелер биіктігі этаждан жоғары емес жеке тұрғын ғимараттарға орналастырылуы керек. Балалар баспалдақпен 2 этаждан жоғары көтерілгенде, тыныс алу, жүрек қан-тамыр жүйесіне кері әсер ететіні арнаулы зеттеулер арқылы дәлелденген. Ғимараттың жоспарлануы орталықтандырылған, блокталған және павильонды болуы мүмкін. Соңғысы ясли-бақша кешендерін жобалауда және оңтүстік аудандарда асханаларды, кір жуатын орындарды топтық бөлмелерден ерекше жекелендіру қажет болғанда қолданылады. Учаскедегі сияқты ғимаратта да топтық жекелендіру заңдылығы сақталуы керек, әсіресе сәбилер топтары біршші этажға орналастырылып, жеке кіретін есіктермен қамтамасыз етілуі керек. Сәбилерге арналған топтық бөлім қабылдау бөлмесіне, ойнау ұйықтау, дәретхана және буфет бөлмелерінен тұрады, бұл бөлмелер өз ара дұрыс баиланыста орналастырылған болуы керек.
Мектепке дейінгі балаларды топтық бөлмелерін бірінші және екінші этажға орналастыруға болады. Мұнда төрт топқа ортақ бір есік болуға рұқсат етіледі. Топтық бөлменіп құрамына: шешінетін, ұйықтауға арналған бөлмелер, топтық бөлме, дәретхана және буфет бөлмелері кіреді. Аталған бөлмелердің биіктігі 3 м кем болмауы керек. Топтық және ойын бөлмелерінің дұрыс бағыты оңтүстік, ұйықтау бөлмесі солтүстіктен оңтүстікке қарай солтүстіктен шығысқа қарай 45 гр болғанда дұрыс деп алынады.
Ойнау, топтық ұйықтау бөлмелерінде есік, терезе арқылы табиғи желдету немесе бұрыштық желдетумен қамтамасыз етілуі керек, ал 4 климаттық аудандарда олардан басқа тамақ дайындайтын бөлмеде, кір жуып кептіретін және өтектейтін бөлмелерде қосымша жасанды желдету қарастырылуы керек. Ересектер және дайындық топтарында ал балалар мен қыз балаларға арналған дәретханалар бөлек болуы керек. 95 немесе одан көп орынға есептелген мектепке дейінгі мекемелерде гимнастика мен әуен жаттығуларына арналған залдар болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет