Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 4 Тақырыбы



Pdf көрінісі
Дата15.02.2017
өлшемі320,95 Kb.
#4168

 

 

Пәні:  Қазақ тілі 

Сыныбы:  4 

Тақырыбы:   «Ілік септік»                            

 Мақсаты: 

            Білімділік:    Зат есімнің септелуі туралы білімдерін толықтыру; 



                                 Ілік сепігі және оның сұрақтары мен жалғаулары туралы  

                                 білім қалыптастыру

            Дамытушылық:  Сөздік қорын байыту, сөйлем ішінен ілік септігінде       

                                тұрған сөздерді табуға  үйрету 

           Тәрбиелік:  Ұжыммен жұмыс жасауға, айналасындағыларды тыңдай      

                              білуге, қорытынды жасауға, ойын жинақтауға     

                              машықтандыру. 

Сабақтың түрі:  Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы 

Сабақтың типі:  Сайыс сабақ.  

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Топпен жұмыс,  сұрақ-жауап, ойындар,       

                            жеке оқушымен жұмыс. 



Сабақтың көрнекілігі : Кесте, житондар, қима қағаздар, слайдтар, суреттер.     

Сабақтың өту барысы: 

  Ұйымдастыру кезеңі. 

-  оқушылар назарын сабаққа аудару; 

-  оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру. 

- Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы.    Әр топ мүшесі тапсырмаларды 

мұқият орындап, ӛзінің тобына ұпай жинауға тиіс. Бүгінгі сайыс сабағымыз 

мынадай бӛлімдерден тұрады: 

      1. Кӛршіңді тексер. 

      2. Ӛткенге шолу. 

      3. Білгім келеді. 

      4. Демалыс. 

      5. Біліміңді пайдалан. 

      6. Не үйрендік? Не білдік? 

      7. Нәтиже. 

      8. Қойын дәптер. 

-  Сабаққа дайын болсақ, әр сайыс ӛткен сайын орындаған топқа бағалау 

житондарын беріп отырамын. Сабақ соңында бағалау осы житондар арқылы 

жүзеге асырылады.  



   І. «Көршіңді тексер»  (Үй тапсырмасын тексеру)  

Әр оқушы кӛршісінің үй тапсырмасын тексереді, бағалайды, житондар 

беріледі.     

 ІІ. «Өткенге  шолу». 


  

 

Септік атаулары  



Сұрақтары  

Септік жалғаулары  

Атау септік  

Кім? Не?   

 

Ілік септік  



Кімнің? Ненің?  

-ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің,.  

Барыс септік  

Кімге? Неге? Қайда?  

-ға, -ге, -қа, -ке.  

Табыс септік  

Кімді? Нені?  

-ны, -ні, -ды, -ді,  -ты, -ті.  

Жатыс септік  

Кімде? Неде?  

-да, -де, -та, -те.  

Шығыс септік  

Кімнен? Неден?  

-нан, -нен,  -дан, -ден,   -тан, -тен.  

Кӛмектес септік  

Кіммен? Немен?  

-мен, -бен, -пен.  

 

Атау септіктегі зат есімдер Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға жауап 



береді, сӛйлемде бастауыш болады.          Қар қалың жауды. 

   ІІІ. «Білгім келеді» 

   Ӛлеңді мәнерлеп оқу, қарамен жазылған  сӛздерді сӛз құрамына талдау, 

қосымша қай септікте тұрғанын анықтау. 

Атақ-даңқ қалай шығады? 



Көмірдің аты 

Жанумен шығар. 



Балғаның аты 

Қағумен шығар. 



Шегенің аты 

Бекумен шығар. 



Қашаудың аты 

Шекумен шығар. 



Батырдың аты 

Жеңумен шығар. 



Жомарттың аты 

Берумен шығар. 



Ақынның аты 

Жырлаумен шығар. 



Шәкірттің аты 

Тыңдаумен шығар. 

 - қарамен жазылған сӛздер түбір сӛзге  ілік септік жалғауларының жалғануы 

арқылы жасалған. 



ТҮЙІН:  Ілік септіктегі зат есімдер кімнің? ненің? кімдердің? нелердің?  

деген сұрақтарға жауап береді.  Ілік септік жалғаулары: -ның, -нің, -дың, дің,  



-тың, -тің. 

  ІV.  «Демалыс»   (Сергіту сәті) 

   V.   «Білгеніңді пайдалан»   (Сабақты бекіту) 

 А)  Мақалдарды  ілік септікте тұрған қажет сӛзді қойып  кӛшіріп жазу: 

Туған   ...   түтіні де ыстық. 

...   ӛзегі талмас. 

Ас -   ...   арқауы. 

...   шиесін шын шығарады. 



 Қажетті сөздер:  Өнерлінің, адамның, жердің, өтіріктің 

Ә)   Сӛйлемдерді  жақша ішіндегі зат есімді ілік септігіне қойып, кӛшіріп 

жазу. 

      1. (Құндыз) терісі аса құнды болады.  2. (Шебер) қолы – алтын.                 



3. (Сәуле)  әжесі ауылдан келді.  4. (Шошқа) кӛзі нашар кӛреді. Есесіне 

дыбысты жақсы естиді және иіс сезгіш. 



VІ.  «Не үйрендік? Не білдік?»  (Сабақты қорытындылау) 

А) «Дұрысын тап!» ойыны -   

Ілік септіктегі зат есімдер кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап 

береді. 


Атау септік жалғаулары: -ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің. 

Ә) Венн диаграммасы 

Зат 

есімнің 


септіктері 

 

 



 

 

VІІ.  «Нәтиже»   (Бағалау)  

 

Оқушылар берілген житондар бойынша бағаланады. 



 

VІІІ.  «Қойын дәптер»   (Үйге тапсырма) 

296-жаттығу: Мәтінді түсініп оқу, ат қою. 



Мәтіннен ілік септіктегі зат есімдерді теріп жазу, сұрақ қою. 

              Атау                                                             Ілік                                                                                                   

Ілік

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет