Күні: Сынып: Аты-жөні: Пәні: «Қазақстан тарихы» пәнінен І тоқсанға арналған тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары 1. Соғыстан кейінгі Қазақ КСР-нің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кестеде дәлелдер
келтіріңіз.
Ауыр өнеркәсіптің дамуы
1
2
3
Теміржол саласының дамуы
1
2
3
2. Берілген деректерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз. «Ұлтымыздың аса көрнекті тарихшысы уақыт бедеріне бағынбаған, шыншыл ғалым болатын. Ол докторлығын екі рет қорғады. Еңбегінің нашарлығынан емес, тыйым салынған Кенесары тақырыбына жазылғандықтан». академик Шапық Шөкиннің естелігінен
a) Деректе сипатталған тарихи тұлғаны анықтаңыз. Тұлғаға шағын сипаттама беріңіз.
1
2
b) Деректе тарихи тұлғаның қандай еңбегі туралы айтылғандығын анықтаңыз. Тарихи
еңбектің қай жылы жарық көргендігін жазыңыз.
1
2
c) Тарихи тұлғаның еңбегі туралы қандай пікірталастар туындағандығын сипаттаңыз.
1
d) Тарихи тұлғаның тұтқындалуынан кейінгі өмірінен ақпараттар келтіріңіз.
1
2
e) Ғалымның ғылымға қосқан үлесіне дәлелдер келтіріңіз.
1
2
3
3. Сурет бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Суретте берілген тарихи оқиғаның көрінісін анықтаңыз
1.
Аталған тарихи оқиғаның Қазақстанға әкелген демографиялық өзгерістерінің себеп-салдарларын анықтаңыз.
Себептері
1
2
3
Салдары
1
2
3
4. Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған жағымды өзгерістерді жазыңыз.
1
2
3
5. Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған жағымсыз өзгерістерді жазыңыз
1
2
3
Қорытынды
Балл қою кестесі
№ тапсырма
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
1
Ауыр өнеркәсіптің дамуы
1. Қазақ жерінде әскери ендірістің, Семейде атом
полигонының, басқа да әскери нысандардың
құрылымдық жүйесі жасалды. Ақтөбе темір
балқыту, Теміртау металлургиялық зауыттарының
жаңа қуатты бөлімдері іске қосылды.
2. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы
өнімін берді. Балқаш мыс балқыту зауыты өнім
шығаруды үлғайтты. Ембі бассейінінде - Қаратон
мен Мұнайлыда жаңа кәсіпорындар іске қосылып,
1950 жылы мунай өндіру соғыс-қа дейін кезеңмен
салыстырғанда 52%-ға өсті.
3. Қаратау тау-кен химия комбинаты құрылысының
бірінші кезегі аяқталды. 1954-1958 жылдары Қазақстан бойынша Өскемен, Актөбе, Шымкент,
Қарағанды, Семей, т.б. ірі қалаларда 730 өнеркәсіп
орны мен цехтар құрылып, іске кірісті.
Теміржол саласының дамуы
1. Мойынты-Шу теміржолы салынды.
2. Жамбыл-Шолақтау теміржолы салынды.
3. 1958 жылы Қазақстан аумағындағы барлық
жолдар желісін бір жүйеге келтірген «Қазақ
теміржолы» құрылды.
Білім
алушының
басқа да
жауаптары
қабылданады
2
a) Ермұхан Бекмаханов. Қазақтан шыққан
тұңғыш тарих ғылымының докторы
b) «XIX ғасырдың 20–40 жылдарындағы
Қазақстан» монография, 1947 жыл
c) Е. Бекмаханов еңбегіне байланысты
пікірталастар 1947 жылдың екінші
жартысында күшейе түсті. Ермахан
Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады.
Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары
Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның
кітабын да, өзін де қызыл империя аямай
жазалады. 1947-1950 жылдарда Е.
Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн
өткен сайын оған тиген моральдық
соққының салмағы арта берді. 1951 жылы университеттеғі жұмысынан қуылып, партия
қатарынан шығарылды.
d) Ол 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды.
Екі айға жуық тергеу жүмыстары жүргізіліп,
1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс
бойынша Е. Бекмахановты айыптау
қортындысы дайын болды. Жоғарыдағы
айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан
күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының
Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының
үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас
бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың
алыстағы лагерінің біріне айдалды. Ол
кісінің лагерьден тиісті органдарға жазған
көптеген арыздарының нәтижесінде,
академик, қоғам қайраткері Анна
Михайловна Панкратова сияқты қайырымды
адамдардың көмегінің арқасында Берия
атылғаннан кейін Е. Бекмахановтың ісі қайта
қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі
жабылып, өзі ақталып шықты.
e) ГУЛАГ-тың лагеріндегі адам төзгісіз азапты
күндерді басынан кешкеніне қарамастан,
қайсар ғалым, артына халықтың игілігіне
айналған мол ғылыми мұраларын қалдырды.
Өзі ұсталып кеткенге дейін бастап қойған
«Қазақстанның Ресейге қосылуы» атты
еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Бұл еңбегі
А. М. Панкратованың баға жетпес көмегінің
арқасында Мәскеудегі «Наука» баспасынан
30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық
көрді. Бекмаханов Кенесары Қасымұлы
бастаған қозғалыстың «феодалдықмонархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ
халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде
қарастырылуынан дәлелдеді.
Білім
алушының
басқа да
жауаптары
қабылданады
3
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Себептері:
1. Тың игерудің рухани және демографиялық
зардаптары да зор болды. Қазақстанға
1954-1962 жылдары тың игеруге КСРОның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді.
2. 1959 жылғы халық санағы бойынша
республикада тұратын жергілікті ұлт
өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни
барлық халықтың 29 % ғана құрады.
3. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ
мектебі жабылды.
Салдарлары:
1. Қазақ халқы өз жерінде азшылық
жағдайына түсті. 2. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы
тығыз байланысты екені белгілі.
Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі
ауылдарда тұрғандықтан реформалардың
зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді.
3. Қазақ балалары мектеп–интернаттарда
оқытыла бастады. Олардың басым
көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді.
Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық
тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп
соқтырды.
Білім
алушының
басқа да
жауаптары
қабылданады
4
Жағымды әсері:
1. Қазақстан астықты шет елдерге
экспорттаушы елге айналды
2. Тың игеру кезінде еңбекші бұқараның ерен
ерлігі нәтижесінде Қазақстанда астық
өндірудің көлемі артты. Қазақстанда 15 жаңа
қала, 86 қала тұрпатты поселке, жүздеген
шағын елді мекендер пайда болды.
3. Тыңға келгендердің еңбегі бағаланып,
ондаған мың адамдар орден, медаль, бағалы
сыйлықтармен марапатталды.
Білім
алушының
басқа да
жауаптары
қабылданады
5
Жағымсыз әсері:
1. Астық игеру экстентивті әдістермен
жүргізілді.
2. Орасан зор аумақтар жыртылып, топырақ
эрозиясы күшейді, жердің құнарлы қара
шірік қабаты (гумус) желге ұшты.
3. Мал шаруашылығының дамуы өте төмен
деңгейде қалды.
Қорытынды:
Тың игерудің зардаптарын да, нәтижелерін қазіргі
таңда көріп келе жатырмыз. Еліміз астықты ауданға
айналғанымен, экологиялық проблемалар өз
шешімін таппай келе жатыр.