Пәні бойынша Дәріс кешені №1 дәріс. Меншік жүйесіндегі зияткерлік меншік


Пайдалы модельге патент беруге өтiнiм



бет15/19
Дата07.01.2022
өлшемі79,8 Kb.
#20041
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Пайдалы модельге патент беруге өтiнiм

      1. Пайдалы модельге патент беруге  өтiнiм  (бұдан әрi - пайдалы модельге өтiнiм) бiр пайдалы модельге немесе байланыстылығы бiр өнертапқыштық ойды құрайтын пайдалы модельдер тобына (пайдалы модельдер бiрлiгiнiң талабы) қатысты болуға тиiс.



  1. Пайдалы модельге өтiнiмде:

  2. 1) пайдалы модель авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген патент беру туралы өтiнiш;

      2) пайдалы модельдi оның жүзеге асырылуы үшiн жеткiлiктi, толық ашатын сипаттамасы;

      3) оның мәнiн бiлдiретiн, сипаттамаға толық негiзделген пайдалы модельдiң формуласы;

      4) сызбалар;

      5) реферат;

      6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда - сенiмхат болуға тиiс. 
      Пайдалы модельге өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген  мөлшерде ақы төленгенiн растайтын құжат пен оның мөлшерiн азайтуға негiздеменi растайтын құжат қоса тiркеледi, оларды өтiнiмге қоса немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде тапсыруға болады. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауға тиiс. 
      Белгiленген мерзiмде төлемдер туралы құжаттар тапсырылмаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.

      3. Пайдалы модельге өтінiм берiлген күн сараптама жасау ұйымына пайдалы модельге патент беру туралы өтiнiм түскен күнi бойынша белгiленедi, онда тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер ол болса) көрсетiлуi немесе арыз берушiнiң толық атауы, сипаттамасы, формуласы және сызбасы болуы керек, ал егер аталған құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса, тапсырылған құжаттардың соңғысы түскен күнi көрсетiлiп белгiленедi.

      4. Пайдалы модельге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгілейді .
13 дәріс Өнертабыс формуласын құрастыру. Өнеркәсіптік меншік объектілерімен салыстырғанда ноу-хауға құқықтық қорғауды қамтамасыз ету ерекшеліктері.
Ноу-Хау - (ағыл. - know-how, тікелей: қалай білемін) – техникалық немесе басқа тапсырмаларды шешу үшін қажетті техникалық білім, тәжірибе, өндіріс құпиясы. Көбінесе Ноу-хау ретінде техникалық шығармашылық нәтижесі түсініледі. Алайда бұл термин қандай да бір бұйымды өндіру үшін қажетті техникалық және басқа ақпаратқа, осы немесе басқа мемлекетте қандай да бір себеппен патенттелмеген өнертабыс деңгейінде орындалған техникалық шешімдерге қолданылуы мүмкін. Берілетін ғылыми- техникалық ақпараттың құпиялылық элементі Ноу- хаудың негізгі нышандарының бірі болып табылады. Қорғау ереже бойынша лицензиялық келісімшарт пен басқа да сол сияқты келісімдер шарттарына сәйкес тек келісімшарт тәртібінде ғана жүзеге асырылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет