14-15 жаста көп оқушыда безеу пайда болады. Бұл – жыныстық жетілудің уақытша қосымша
әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де, оған ауру тудыратын микробтар түсіп,
қабынады. Айналасындағы тері тығыздалып қыздырады да кішкентай түйін пайда болады,
ол жиі іріңдейді. Кейде оның көлемі ұлғаяды, ал оны сығып тастаған жағдайда, орнында
шешек ізіндей дақ қалады.
Безеу бетті, кеудені, арқаның жоғары бөлігін зақымдайды. Олар уақытша пайда болып, бірақ
терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы да мумкін. Безеудің алдын алу үшін теріні таза ұстап,
май бездерінің өзегі бітеліп қалмауы үшін бетті үнемі сабынмен жуу керек. Ыстық және
суық сумен алма- кезек жуыну жақсы көмектеседі Өте ащы, дәмдеуіштер (бұрыш ,
қалампыр, т.б.) қосылған тамақты жеуден, кофе, какао, қою шай ішуден бас тартыңдар. Ең
бастысы – бір қалыпты ұйықтау, серуендеу, спортпен шұғылдану, дене шынықтыру.
Осылардың бәрі мүмкіндігінше асқазан жұмысын жақсартып, безеулердің алдын алады.
Таңертең аш қарынға бір стақан су ішкен дұрыс. Безеуді өзіңіз шұқылап, түртіп жүрмеңіз:
инфекция енгізіп алуыңыз мүмкін. Асқынған жағдайда дерматолог дәрігерге көріну қажет
Ақ безеулер
Бетте ақ безеу көбіне көз қабақтарында, самай аймағында жиі кездеседі. Бұндай безеулер
арқада да болады. Ақ безеулер көбінесе түйрегіштің ұшындай, ал кейде тарының дәніндей.
Олар бір-бірлеп немесе топтасып орналасуы мүмкін. Ақ безеулер көбіне майлы теріде
болады. Безеулер белгілі бір уақыттан кейін жазылады, бірақ олардан қалған тыртықтар
өздігінен еш уақытта кетпейді. Сондықтан безеулерді уақытында емдеткеніңіз абзал.
Достарыңызбен бөлісу: