Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені


көрсетілетін алғашқы көмек



Pdf көрінісі
бет149/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   162
көрсетілетін алғашқы көмек. Ыстық күндері ұзақ серуенге шыққанда, ыстық орындарда 
ауыр қара жұмыс істегенде күн өтуі мүмкін. Күн өткенде бас айналады, ауырады, көз 
қарауытады, кейде есінен танып қалуы мүмкін. Күн өткен адамның беті кызарады, 
тынысалуы, жүректің соғуы жиіледі. Дене температурасы күрт көтеріліп, + 40°С жетуі 
мүмкін. Күн өткен адамды тез арада салқын жерге әкеліп, денесін қысып тұрған киімдерін 
шешеді. Басын жоғары жатқызып, маңдайына, жүрек тұсына салқын орамал қояды. Егер 
ауру адам тыныс ала алмаса, жасанды жолмен демалдыру шараларын жасау керек. Күн 
өтпеу үшін ыстықта бас киім киіп жүрген жөн.
Кәкімбек Бейбарыс: «Тері күтімі, гигиенасы»
Дене тазалығы дегеніміз — алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты 
қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық-биологиялық функцияны 
орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі.
Жұмыс жасап, күнделікті тұрмыста шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. 
Адам терлесе кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені тері 
бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиологиялық-биохимиялық 
үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын 
микробтардың енуі фолликулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі 
органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы-
дерматит дерті дамиды. Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданылады. 
Олардың ішінде теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу 


керек. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал жиірек кір 
шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның 
терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар кебейеді.Қолдағы барлық 
бактериялардың 90 % тырнақ астында жиналады және оларды тек арнаулы щеткамен ғана 
тазартуға болады. Қол жуатын жерде кішкентай щетка тұруы пайдалы. Бет пен мойынды 
таңертең және ұйықтар алдында тазартып жуып отырған жөн. Адамның терісі құрғақ немесе
майлы, ылғалды болып келеді. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында
күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу 
үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5 % формалин 
ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем альш 
сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта-жігері арта түседі. Монша 
гигиенаны жақсы өткізеді. Денені сауықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет