Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет46/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   162
Оқутышы: Омарова Ш.Қ.
Лекция 10
Тақырып: 
Жоғарғы дәрежелі жүйке әрекеті туралы И.П.Павлов, 
И.М. Сеченовтың ілімдері
Жоғары дәрежелі жүйке қызметі – жануарлар мен адамның орталық жүйке жүйесінің
үлкен ми сыңарлары қыртысының әрекеті. Организмнің органдарының өзара қызметін
реттейтін орталық жүйке жүйесіне қарағанда, жоғары дәрежелі жүйке қызметі
организмнің сыртқы ортамен күрделі қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. «Жоғары
дәрежелі нерв қызметі» терминің ғылымға И.П.Павлов енгізген және ол бұны
«психикалық әрекет» деген ұғымға тең деп санаған. Павловтың пікірінше, психикалық
әрекеттің барлық түрі, оның ішінде адамның ақыл-ойы мен санасы да жоғары дәрежелі
жүйке қызметіның жеке бір түрі. Павловтан бұрын жоғары дәрежелі жүйке қызметі
жөнінде И.М.Сеченов «Ми рефлекстері» деген еңбегінде психикалық әрекеттерді
материалистік тұрғыдан түсіндірді.
[1]


Жоғары дәрежелі жүйке қызметі шартсыз және шартты рефлекстердің әсерінен жануарлар
дүниесінің тарихи даму жолында өзгеріп отырған. Омыртқасыздар мен төменгі сатыдағы
омыртқалы жануарлардың мінез-қылығында туа пайда болған жүйке әрекеттері жүре келе
пайда болған жүйке әрекеттерінен басым болады. Жануарлар эволюциясы процесінде
жүре келе пайда болған жүйке әрекеттері үдеп жоғары дәрежелі жүйке қызметінің басым
түріне айналады. Бұлардың көптеген түрі едәуір өзгереді, шартты рефлекстер үздіксіз
күрделенеді және жетіледі, олардың құрамы толығады, шартты рефлекторлық әрекеті
жетіле түсіп, организмнің тіршілік ортасына беімделу процесінде негізгі реттеуішке
айналып, организмнің өзгерген жағдайға дер кезінде, нақты бейімделе алу қабілетін
қамтамасыз етуде үлкен биологиялық маңызы бар.
Павловтың пікірінше, тіпті жоғары сатыдағы 
жануарлардың (мысалы, ит, маймыл) жоғары 
дәрежелі жүйке қызметі – адамға да, жануарларға 
да тән бірінші сигнал жүйесі шартты 
рефлекстерінің жиынтығы. Бірақ ол адамда оның 
өсу, даму, еңбекке үйрену, біртіндеп тіл шығып 
сөйлеуіне байланысты. Сөз тікелей 
тітіркендіргіштер тәрізді әсер етеді. Павловтың 
айтуынша, осы «бірінші сигналдардың сигналы» 
екінші сигналдық жүйе (сөз сөйлеу, ойлау, жазу) 
түрінде қалыптасты. Екінші сигналдық жүйе 
біріншінің негізінде пайда болған және онымен 
қызметі жағынан тығыз байланысты бола отырып, 
адамның саналы тіршілігінде негізгі шешуші, 
реттеуші факторға айналады. Ол арқылы түрлі 
құбылыстар жинақталады, заңдылықтар ашылады, 
адам табиғатқа үстемдік жүргізе алады.
Павловтың пікірінше, жоғары сатыдағы жануарлардың жоғары дәрежелі жүйке қызметінің
негізі – орталық жүйке жүйесінде түзілетін шартты рефлекстер (жоғары сатыдағы
омыртқалылар мен адамда үлкен ми қыртысында), сондай-ақ күрделі шартсыз рефлекстер
(соқыр сезім, эмоция және т.б.). Павлов жоғары дәрежелі жүйке қызметінің мынадай
негізгі заңдылықтарын немесе ережелерін дәйектеген:
1.
Шартты рефлекстердің түзілуі;
2.
Шартты рефлекстердің тітіркендіру күшіне байланыстылығы;
3.
Шартты тітіркендіргіштер әсері;
4.
Ми қабығында шартты рефлекстің бекімегендігінен, шартты тітіркендіргіштің 
күшеюінен немесе үйреншікті емес тітіркендіргіш әсерінен тежелу пайда болуы;
5.
Үлкен ми қыртысында жүйке процестерінің таралуы мен топтануынан оның 
бөлімдерінде қарым-қатынас пайда болу;
6.
Нерв процестерінің өзара индукциясы пайда болуы.
Сөйтіп жоғары дәрежелі жүйке қызметі организмге әсер еткен әр түрлі тітіркендіргіштер
түбегейлі талдап, синтездеп организмнің сыртқы ортаға жете бейімделуін қамтамасыз
етеді.
И.П.Павловтың түсіндіруінше, шартты рефлекстердің түзілуі үшін ми қыртысындағы
белгілі бір қозу ошақтары арасындағы бұрын болмаған шартты байланыс деп саналатын
(немесе уақытша байланыс деп те аталады) байланыс болуы қажет. Бұның сыртқы көрінісі
жануар бұрын өзі үшін бөтен болып келген тітіркендіргіш әсеріне (шамның жағылуы,
қоңырау соғылу және т.б.) шартсыз тітіркендіргішпен (тамақ беру, электр әсері) бекітпей-
ақ тиісті рефлекторлық реакциямен (сілекей бөлу, аяғын қозғалту және т.б.) жауап береді.
Шартты рефлекстердің түзілуі барысындағы тәжірибелер ми қыртысындағы түрлі


пункттердің үнемі бір-бірімен өзара әрекеттесуде пайда болатындығын көрсетті. Мұның
нәтижесінде ми қыртысы бөлшектеп қарауға болмайтын тұтас функционалдық жүйе
екендігі туралы ұғым қалыптасты; жоғары дәрежелі жүйке қызметінің түрін талдай келе,
бұларды қалыптастыруда орта әсерінің, тәрбиенің үлкен маңызы бар екені дәлелденді.
Адамда жоғары дәрежелі жүйке қызметінің дамуы тілдің шығуымен тікелей байланысты.
Бала туғаннан кейінгі алғашқы шартты рефлекстер бағдарлау-реттеу түрінде байқалады.
Сондай-ақ баланың жоғары дәрежелі жүйке қызметінің жетіліунде еліктеу рефлекстерінің
де үлкен маңызы бар. Алғашқыда сөз арқылы тікелей тітікендігіштер қабарланады, кейін
ол күрделі шарты тітікендіргіштердің түрлі құбылыстардың сигналына айналады.
Павловтың КСРО-дегі және шетелдегі шәкірттері мен жолын қуушылар оның жоғары
дәрежелі жүйке қызметі жөніндегі ілімін дамытуда. жоғары дәрежелі жүйке қызметінің
негізгі шартты рефлекстер жер жүзілік нейрофизиология және эксперименттік
психологиянвң түбегейлі де кен зерттеуі болып отыр. жоғары дәрежелі жүйке қызметі
Павлов қолдаңған тамаша әдістерімен қатар жаңа макро және микроэлектрофизиол,
цитохим, әдістер арқылы да зерттелуде. Бұл мидың беткі және терең қабатарының
структурасын жеке жүйке клеикалары қызметін олардың әрекетінің молекулдіқ негізін
ашуға мүмкіндік берді. Қазақстанның және шетелдегі ғалымдардың көптеген еңбектері
Павлов пен оның шәкірттері ашқан жоғары дәрежелі жүйке қызметіінің негізгі дәйектері
мен заңдылықтары дұрыс екенін дәлелдеді. Бұнымен қатар жоғары дәрежелі жүйке
қызметіінің мидағы негізгі процестерінің механизмі ашылды. Мысалы
электрофизиологиялық және нейрохимиялық зерттеулер нәтижесіндек ми стволы мен
аралық мидың торлы қабатының ми қабығының дұрыс қызмет атқаруына маңызы бар
екені анықталды. Бұл ми қыртысы асты бөліктерінің шартсыз рефлекторлық әрекетімен
белгілі бір дәрежеде болуына әсер ететін энергия көзі деп болжаған Павловтың пікірін
дәлелдеді. Шарты рефлектсердің түзілуін электрофизиологиялық әдістері мен зерттеу
нәтижелері индифференті қоздырғыштың шартсыз қоздырғыш пен байланысында бұл
қоздырғыштарының кортикалық бөліктерінің әсіресе қоздырғыштардың қозуы едәуір
үдейді және бұның шартты рефлекс түзілуіне үлкен маңызы бар екені байқалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет