4. Нығайту: № 2 практикалық жұмыс: Тақырыбы: адамның рефлекстік реакциясын зерттеу
Мақсаты: адамдағы бірнеше шартсыз рефлекспен танысу
Зерттелуші объект: адам
Құрал-жабдықтар: неврологиялық балғаша, ұшында өшіргіші бар қарындаш
Жұмыс барысы Жыпылықтатушы рефлекс /корнеальды/
Зерттелуші отырады. Экспериментші зерттелуші кезіндегі кірпікті мақтамен жанап өтеді.
Жауап реакциясы – қабақ қағу.
Қолды бүгілдіруші сіңір рефлексі
Зерттелуші отырады.Экспериментші зерттелушінің бір жақ қырына тұрып, иығының
сыртынан көлбеу деңгейге келгенше ақырындап бұрайды да, сол жақ қолымен білегі
салбырап тұратындай шынтақ буынынан демейді. Жауап реакциясы – шынтақ буынынан
қолдың бүгілуі және иықтың үшбасты бұлшық етінің жиырлуы.
Тізе рефлексі.
Зерттелуші отырып, оң аяғын сол жақ аяғынын үстіне қояды. Экспериментші оң аяқтың төрт
басты бұлшық етінің тарамысынан неврологиялық балғашамен ақырын соққы береді.
(Эксперимент сол аяқта қайталанады). Оң жақ пен сол жақ аяқ рефлекстерін салыстырыңыз.
Жауап реакциясы – санның төрт басты бұлшық етінің (жазылдырушы) жиырылып, сирақтың
жазылуы.
Ахиллов рефлексі
Зеттелуші аяқ табанын бос салбыратып тізесімен орындыққа тұрады. Неврологиялық
балғашамен әлсіз соққы өкше (Ахиллов) тарамасына беріледі.
Жауап реакциясы – табанның бүгілуі.
Есеп беру түрі: Тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берініздер. Шартсыз рефлекс
дегеніміз не? Шартсыз рефлекстің биологиялық маңызы қандай? Соматикалық рефлекторлы
доғаның сызбасын сызыңдар.
5.Үй жұмысы:29-32 бет
Ұсынылатын әдебиеттер 1. Б.Қалкенова «Адам анатомиясы, жас ерекшелігіне қатысты физиология және
гигиена».«Фолиант» баспасы, Астана 2015 ж.
2. Кабанов А.Н., Чабовская А.П. «Мектеп жасына деінгі балалар анатомиясы, физиологиясы
және гигиенасы» А-А, 1982 ж.
3. Хрипкова А.Г. «Возрастная физиология», «Просвещение», М.., 1978 ж.