қайталанған сайын екі нерв орталығының арасындағы байланыс нығайып, күшейеді де
шартты тітіркендіргіштің әсеріне шартты рефлекс пайда болады. Шартты рефлекс күшейген
сайын ми қыртысында
қозудың жайылуы нашарлап, шоғырлануы күшейеді. Шартты
рефлекстердің пайда болуының негізі — ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында
у а қ ы т ш а нервтік байланыстың пайда болуы. Мысалы:
Лимонды көргенде ми
қыртысының көру аймағында қозу пайда болады,
лимонның дәмі ауыз қуысының
рецепторларын тітіркендіреді де, сопақша мидың сілекей
шығару орталығында және ми
қыртысының ас қорыту орталығында қозу пайда болады, ми
қыртысындағы екі қозу
ошақтарының арасында уақытша нервтік байланыс туады.
Қазіргі электрофизиологиялық зерттеулердің арқасында И. П. Павлов түсіндіргендей
уақытша нервтік байланыс тек қана ми қыртысында түйықталып қоймайды, қыртыс асты
құрылымдарда да пайда болады. Жарыққа немесе дыбысқа деген шартты қорғаныс немесе
ас қорытуға әсер етіп, оның ең соңғысы шартсыз тітіркендіргішпен бекітіледі. Ондай
рефлекстерді комплексті шартты рефлекстер дейді.
Бұлардың пайда болуы жеке
тітіркендіргіштерге туған рефлекстер тәрізді.
Жануарлардың ми сыңарларының қыртысының жаңа (неокортекс) бөлімін сылып алып
тастаса, қарапайым шартты
рефлекстер пайда бола береді, бірақ ондай рефлекстер өте
тұрақсыз, тым тез жойылады. И. С. Бериташвилидің болжамы бойынша ми қыртысы жоқ
жануарларда шартты рефлекстің пайда болуы ескі және
көне ми жарты шарларының
қыртысына байланысты. Жануардың сөл бөлімдерін алып тастаса,
ешқандай шартты
рефлекс пайда болмайды.
Сонымен шартты рефлекстің пайда болуы тек қана ми қыртысында ғана емес қыртыс асты
құрылымдарының да қатысуымен болады. Дегенмен шешуші орын эволюциялық сатыдағы
ең
жас
бөлім
-
ми
қыртысының
қызметіне
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: