Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені


Өткен тақырыпты қайталау/ Опрос и проверка пройденного материала



Pdf көрінісі
бет61/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   162
2.Өткен тақырыпты қайталау/ Опрос и проверка пройденного материала:
1. Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің іс - әрекеттерін мидың қандай бөлшектері атқарады?
2. Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің іс – әрекетіне не жатады?
3. түс дегеніміз не? Түстің қандай фазалары болады?
4. 1,2 сигналдық жүйеге не жатады?
5. Темпераменттің түрлерін атаңыз
2 Жаңа тақырып:Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы. Көру 
анализаторы. 
Жоспары: 
1.Сыртқы ақпараты қабылдаудың жүйелі ұйымдасуы.
2.Көру анализаторлары.Көздің құрылысы мен оптикалық қасиеті.Аккомодация.Көру 
өткірлігі. 
3. Көру талдағышының жас ерекшелігі 
4. Көру гигиенасы
3. Нығайту:
№ 4 практикалық жұмыс.
Тақырыбы: Көру өткірлігі. Тор қабықтағы соқыр дақ /Мариотта тәжірибесі/
Мақсаты: адам көзіндегі тор қабықта соқыр дақтың бар екендігін дәлелдейтін бір әдіспен 
танысу.
Зерттелуші объект: адам
Құрал-жабдықтар: қарындаш, сызғыш, парақ қағаз, соқыр дақты анықтайтын сурет. 
Тор қабықтың көру жүйкесі шығар тұста соқыр дақ орналасады. Бұл жерде рецепторлар 
болмағандықтан, сәуле түссе заттың бейнесі көрінбейді. Соқыр дақ аумағы 2,5 мм-ден 6 мм-
ге дейін ауытқиды. 
Жұмыс барысы.
Көз алдыңызға дайындалған суретті әкеліңіз. Сол қолыңызбен сол көзінізді жауып, оң 
қолыныздағы суретті оң кезінізге жақындатыңыз. Шартты белгісіне қарай отыра қағазды 
өзіңізден жайлап алшақтатыңыз. 20-25 см қашықтықта доңғалақ жоғалып кетеді, яғни 
кезіңізге көрінбейді. Оның бейнесі соқыр даққа түседі. Бұл кезде соқыр дақтың бар екенін 
дәлелдейді. 
Тәжірибе екінші кезде қайталанады. 
Есеп беру түрі.
Тәжірибеге қысқаша сипаттама беріп, екінші бейне (доңғалақ) жоғалған кездегі 
қашықтықты өлшеңіз. Екі кездегі соқыр дақтың орнын анықтаңыз. 
4. Үй жұмысы: 3 тарау, 55 – 70 бет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет